Мазмұны Елбасы – тірегім, елорда- тұғырым



бет4/7
Дата15.09.2017
өлшемі1,27 Mb.
#33122
1   2   3   4   5   6   7

Шолпан ҚАЛАНОВА, Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз Қазақстан агенттігінің президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

Топжарғандар

Қазақстанның ең үздік 50 жоғары оқу орнының 2014 жылғы ұлттық рейтингі

Жоғары оқу орындарын саралау және жекелеген оқу бағдарламаларының рейтингтік кестесін құрастыру жаһандық сипаттағы құбылыс болып табылады. Оның мақсаты жоғары оқу орны туралы оңай түсіндірілетін білім беру қызметі тұтынушыларының сұранысын қанағаттандыратын, оқу орындарын бәсекелестік қабілеттілікке ынталандыратын, инвестицияларды салуға оңтайлы уәждеме беретін түрлі пәндер, бағдарламалар арасынан таңдау жасауға көмектесу. Дұрыс түсіну мен түсіндіру жағдайында, рейтингтер нақты елдегі жоғары оқу орындардың сапасын анықтауға жәрдемдеседі, мемлекеттік органдар мен тәуелсіз аккредиттеу агенттіктіктері іске асыратын сапаны бағалаудың қатаң ғылыми тәсілдемесін толықтырады. Осы себепті жоғары оқу орындарын саралау – білім беру сапасын қамтамасыз ету үдерісі мен ұлттық бағалау жұмыстары жалпы жоспарының ажырамас бөлігіне айналып отыр. Елімізде жүргізілетін рейтинг Қа­зақ­стан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдар­ға арналған мемлекеттік бағдарла­масына сәйкес білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің маңыз­ды элементтерінің бірі. Назарбаев Уни­верситетінде өткен Жоғары білім беру көшбасшыларының «Табысты университет: оның құрылу жолдары» III Еуразиялық форумында жоғары оқу орындарының рейтингісі туралы түрлі пікірлер айтылды. Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін дамыту мен сапаны жоғарылатуда рейтингтің оң рөлін атап өтті. Білім беру сапасын қамтамасыз етудің тәуелсіз Қазақстан агенттігі (БСҚА) жыл сайын Қазақстан жоғары оқу орындарының жалпы рейтингісін ұйымдастырып жариялайды. Ол ұлттық рейтинг болып саналады, себебі, мемлекеттің түкпір-түкпірінде орналасқан ЖОО-ның сан қырлы қызметтерін қамтиды. Міне, осыған байланысты Білім беру сапасын қамтама­сыз ету жөніндегі тәуелсіз Қазақстан агенттігі академиялық статистикалық көрсеткіштерді талдау, сараптамалық бағалаулар, жұмыс берушілер сауалдамасы негізінде құрылған Қазақстанның ең үздік ЖОО-ның 2014 жылғы ұлттық рейтингісін ұсынып отыр. Ұлттық рейтингтің аудиториясы сан түрлі, олар – талапкерлер мен олардың ата-аналары, жұмыс берушілер, академиялық қоғам және ЖОО басшылары, халықаралық ұйымдар және мемлекеттік органдар. Дегенмен, біз бұл рейтингтердің нәтижесі қазақстандық талапкерлерге әртүрлі ЖОО-ның арасында дұрыс таңдау жасауға көмектеседі деген үміттеміз. Алғашқыда қоғамға мәлімет беру үшін қолданылғанмен, бүгінде ЖОО рейтингтері олардың сапасының көрсеткіші ретінде де пайдаланыла алады. Рейтингтердің пайда болуының тиімді екендігіне мыналарды жатқызуға болады: ЖОО алдарына өз қызметтерінің сапасын әрқашан жақсартып отыру деген мақсат қоюда, жұмыс берушілермен тығыз бірлесіп әрекет ете бастауда, өзара таланттарға және ресурстарға бәсекелесуде. БСҚА-ның ұлттық рей­тингісі қазақстандық ЖОО-ның әралуан­дығын ескере отырып, білім ұйымдарын бұрынғыдай мынадай бағыттарға бөледі: көпбейінді, тех­никалық, гуманитарлық-эконо­мика­лық, медициналық, педа­гогикалық және өнер ЖОО-лар. Ұсынылып отырған рейтинг көпөлшемді рейтинг болып табылады, себебі, академиялық статистикалық көрсеткіштер профессор-оқытушы құрамы жұмысының сапасын, студенттер құрамын және олардың оқу нәтижелерін, ЖОО-ның ғылыми-инно­вациялық қызметін, халықаралық ынты­мақтастығын және сонымен қатар, интернетте олар туралы ақпараттың мөлшерін қамтиды. 2014 жылғы ұлттық рейтингтің әдістемесі 2013 жылмен салыстырғанда, айтарлықтай өзгеріске ұшырамады. Жалпы, әдістеме үш бөлімнен тұра­ды: 1-ші сауалдама – ЖОО-ның акаде­мия­лық ресурстарының сапасын статис­тикалық көрсеткіштер негізінде бағалау. Бұл жалпы көрсеткіштің 60 %-ын құрайды. 2-ші сауалдама – ЖОО-ның қызметін академиялық қоғамның сараптамалық бағалауы. Бұл 20 %-ды құрайды. 3-ші сауалдама – жұмыс берушілер мен мемлекеттік органдарға әлеуметтік сауалдама жүргізу. Бұл тағы да 20 % құрайды. Жалпы алғанда, ұлттық рейтингтің 2-ші және 3-ші сауал­дамалары ЖОО беделін көрсететін бөлімдері. Пайыздық өлшемдердің әр статистикалық индикаторларға үлестірілуі БСҚА-ның ғаламтордағы мына парақшасында егжей-тегжейлі көрсетілген: http://www.nkaoko.kz/rankings/rating-2014/. Әр сауалдама нәтижесі мөлшерленіп, кейін жалпы санын шығару арқылы интегралды, соңғы қосындысы табылды. Осы қосынды арқылы әр

23

ЖОО-ның тобы үшін рейтингідегі орындары табылды, яғни жалпы рейтингтері шығарылды. Олар бас рейтинг деп аталады. Ұлттық рейтингтің әдістемесі халықаралық конференцияларда, IREG обсерваториясының форумдарында бірнеше рет баяндалды. Ол IREG обсерваториясының халық­аралық сарапшылары дайындаған Берлин қағидаттарында енгізілген стандарттарға сәйкес келеді (http://www.ireg-observatory.org/ сайтында қараңыздар) және көрсеткіштердің ашықтығын, релеванттылығын, сенім­ділігін қамтамасыз етеді. Осы орайда, жақын арада Канада сарапшылары өздерінің кітаптарында біздің рейтингтің әдістемесін жариялау­ды ұсынуы кездейсоқ емес. Ағымдағы жылы агенттік өз тарапынан ақпаратты жинау, дәйектеу, өңдеу және түзету бойынша үлкен жұмыс атқарды. Жұмыстың маңызды бөлігін ақпараттардың дұрыстығын тексеру бойынша аудит қамтыды. Ол уақыт бойынша да, жұмсалған ресурстар бойынша да көп еңбекті қажет етті. Кейбір ЖОО-ның біршама көрсеткіштер бойынша өздері туралы мәліметтерді әдейі не кездейсоқ бұрмалайтыны ешкімге құпия емес. Өте маңызды айта кетерлік жайт, кейбір мәліметтерді біз объективті үшінші тараптардан алып отырдық. Біз «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғ.Нығыметовке болашақ стипендиаттары туралы деректер, Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қ.Әбдиевке оқу жетістіктерін сыртқы бағалау туралы мәліметтер,  Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің ЖОО-ға қатысты «Жылдың ең үздік оқытушысы» конкурсы бойынша ақпарат бергендері үшін алғыс білдіреміз. Қазіргі таңда, тек 1-ші – ЖОО-ның академиялық ресурстарын бағалайтын сауалдама бойынша біз алты индикатор, отыз алты критерий пайдаланамыз. ЖОО академиялық қызметінің рейтингісі мынадай индикаторлар бойынша есептелді: 1-индикатор – студенттер контингентінің сапасы, 2-индикатор – оқу нәтижесі және білім беру бағдарламаларының саны, 3-индикатор – академиялық кадрлардың сапасы: профессор-оқытушы құрамы, 4-индикатор – ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмыстар, 5-индикатор — халықаралық ынтымақтастық, 6-индикатор – ақпараттық қамсыздандыру, яғни сайттың талапкерлерге, оқытушыларға және басқа да мүдделі тұлғалар үшін қажетті ақпаратпен толтырылуы. 4-индикатор бойынша профессор-оқытушы құрамның Web of Science (Thomson Reuters) және Scopus дерекқорымен анықталатын шетелдік рейтингтік журналдардағы жарияланымдарына ерекше назар аударылады, себебі, бұл ғылыми-зерттеулер жүргізудегі жалпы мемлекеттік саясат болып саналады. Ұпайлардың әр критерийге егжей-тегжейлі үлестірілуі сайтта көрсетілген: http://www.nkaoko.kz/rankings/ratings-2014. 6-индикатор ЖОО-ның сайтына байланысты олардың ақпараттық қамтамасыз етілуін көрсетеді. Бұл критерийдің индикаторлары сайттың ақпаратқа толымдылығын ескереді, интернет парақтарының саны, құжат­тардың саны, жаңартылу жиілігі, сайтқа нұсқаулардың саны және сайтқа кіріп-шығулардың саны, сайттың безендірілуі мен навигацияның ыңғайлылығы, ақпараттың үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) ұсынылуы қазақстандық ЖОО-ның 70-ке жуық интернет-ресурсы сараптамалық талдаудан өткі­зілді. Ең үздік бестікте Л.Н.Гумилев атын­дағы ЕҰУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, С. Торайғыров атындағы ПМУ, Семей қаласының Шәкәрім атында­ғы мемлекеттік университеті, Қара­ған­ды мемлекеттік техникалық универ­ситеті орын алды. Жүктелген құжат­тар саны бойынша көшті Л.Н.Гуми­лев атындағы ЕҰУ, Қарағанды мемле­кеттік медициналық университеті, С.Торайғыров атындағы ПМУ бастады. Барлық ЖОО сайттарындағы құжаттарды word, rar немесе pdf форматтарында жүктеуге болады. Бұл құжаттарды бір рет басып жүктеп алғанға өте ыңғайлы. Баспасөз бетіндегі ескерулерді есептегенде ең беделді электронды БАҚ-тар ескерілді, олар: http://www.kazpravda.kz/;http://www.egemen.kz/; http://tengrinews.kz/; http://www.zakon.kz/; http://www.inform.kz/; http://www.newskaz.ru/; http://www.aikyn.kz/; http://www.zhasalash.kz/; http://www.liter.kz/; http://www.nur.kz/ Сонымен қоса, бұл ЖОО-ның атауы оның түлектерінің жоғары лауазымдар­ға тағайындалғаны туралы бұқара­лық ақпарат құралдарында көп аталып өткен. Жоғары лауазымға тағайындалған тұлғаларды қозғағанда, БАҚ сол тұл­ғаның қысқаша өмірбаянын беріп, білім деңгейін де көрсеткен. Рейтингінің 2-ші және 3-ші бөлім­дерін бағалау сарапшылар мен жұмыс берушілердің көмегімен іске асырылды. Сарапшылар ретінде ЖОО ректорлары, проректорлары, құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, кафедра меңгерушілері мен профессорлар атсалысты. Жалпы, сауалдамаға былтырғыдай 400-ден астам сарапшы қатысты. Өкінішке қарай, биыл ЖОО-ны оңтайландыруға байланысты өздері туралы деректер ұсынған ЖОО саны қысқарды. 2012 жылы статистикалық деректерді 89 ЖОО ұсынса, 2013 жылы сауалдаманы 70-ке жуық ЖОО толтырса, 2014 жылы ұлттық рейтингке еліміздің 65 ЖОО қатысты. Жұмыс берушілермен сауалдама әртүрлі жолмен жүргізілді: поштамен министрліктерге, әкімдіктерге, ұлттық компанияларға жіберу арқылы; шағын және орта бизнес өкілдерін жұмыс орнында сұрау арқылы және электронды түрде. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде бізге 1600-ге жуық толтырылғын сауалдама келіп түсті. Барлық жұмыс берушілерге сауалдамаға қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Мұнай және газ министрлігі, Әділет министрлігі, Статистика агенттігі, Спорт және денешынықтыру істері агенттігі, Бәсекелестікті қорғау агенттігі, Жоғарғы Сот, Ұлттық ғарыш агенттігі, «Бәйтерек» БК» АҚ, Астана қаласының, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстарының әкімдіктері сауалдамаға белсенді қатысқандарын атап айтқан жөн. ЖОО-ны бағалау жобасына мына компаниялар үлкен қолдау көрсетті: «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазгеология», «Қазақжарылыс өнеркәсібі», «Қазмедиа», «Қазавтожол», «ҚазТрансОйл», «Қазатомпром» ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ, шағын және орта бизнес өкілдері және елдің барлық аймақтарының басқа да заңды тұлғалары. Былтырғы жылдағыдай «Фак­тор» жүйелі зерттеулер компания­сы бағдарламалық жасақтамаға түзе­ту­лер енгізіп, жиналған деректерді өңдеді. Қазақстанның ең үздік ЖОО-ның жалпы рейтингісінде 52 ЖОО ұсыны­лып отыр. Қалғандары балдардың максималды санының 30 пайызын жинай алмағандықтан ұлттық рейтингке енбеді. Ол ЖОО әр индикатор және критерий бойынша ақпарат алады, сондықтан қызметінің қандай жақтарын жақсарту керектігін келешекте ескеретін болады. Үш сауалдаманың әрқайсысы бой­ынша біріктірілген нәтижелер Қазақ­станның ең үздік жоғары оқу орындары­ның ұлттық институттық рейтингісінде ұсынылады. Былтыр біз кейбір жекелеген маман­дықтар тобы бойынша рейтингтер құру жобасын бастадық. Бұл рейтингтің нәтижелері агенттіктің сайтында бір аптаның ішінде көрсетіледі. 2014 жылғы ұлттық рейтингтің қорытындысы бойынша көпсалалы жоғары оқу орындары арасында өткен жылдардағыдай Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті көш бастады. Ал, техникалық жоғары оқу орындары арасында өткен жылдардағыдай Қазақстан-Британ техникалық университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Қарағанды мемлекетік техникалық университеті топ жарды. Гуманитарлық-экономикалық жо­ғары оқу орындары арасында бірнеше жыл қатарынан рейтингтің жоғары көрсеткіштерін мыналар көрсетті: КИМЭП, Қазтұтынуодағының Қара­ған­ды экономикалық университеті. Бизнестің халықаралық академия­сы (жаңа атауы – Алматы менеджмент университеті) өз көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартып үштікке кірді. Педагогикалық жоғары оқу орындары арасында рейтингтің жоғары көрсеткіштеріне Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті жетті. Медициналық жоғары оқу орындары арасында рейтингтің жоғары көрсеткіштерін С.Асфендияров атын­дағы Қазақ ұлттық медициналық универ­ситеті, Қарағанды мемлекеттік медици­налық университеті, ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде өзінің акаде­миялық қызметінің рейтингісін жоғары­латқан Семей қаласының мемлекеттік медициналық университеті көрсетті. Ең үздік ЖОО-ның ұлттық рейтин­гісіне іліккен және келешекте ілігетін барлық ЖОО-ларға жетістік тілейміз. Біз барлық талапкерлерге, олардың ата-аналарына табысқа жетіп, дұрыс ЖОО таңдауларына тілектеспіз.

Анықтама

Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз Қазақстан агенттігі Брюссельде тіркелген, бүгінде әлемнің 22 елінің өкілі кіретін IREG халықаралық обсерваториясының тең құрылтайшысы болып табылады, ал БСҚА президенті Ш.Қаланова оның атқарушы комитетінің мүшесі. Соңғы халықаралық конференцияда (Лондон, 2014 ж.) Ш.Қаланова бірауыздан обсерваторияның атқарушы комитетінің мүшесіне қайта сайланды. Бұл – БСҚА мен оның президентінің қызметін құрметтеу белгісі екендігі сөзсіз.

25
Қазақстанның 2014 жылғы ең үздік   көпсалалы ЖОО ұлттық рейтингісі





Көпсалалы ЖОО

Қорытынды нәтижелер, өлш. %

1.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

98, 8

2.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

98, 5

3.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

57,67

4.

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

55,50

5.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

54,47

6.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

40,21

7.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

40,07

8.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

38,18

Инновациялық Еуразия университеті

38,16

10.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

37,88

11.

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

36,4

12.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

34,4

13.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

34,16

14.

Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

32,64

15.

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

30,82

16.

Халықаралық білім беру корпорациясы

30,45

17.

Х. Досмұхамедов атындағы  Атырау мемлекеттік университеті

29,22

18.

Сулейман Демирель атындағы университет

22,49

19.

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар жәнеинжиниринг университеті

20,68

20.

Каспий қоғамдық университеті

20,36

 Қазақстанның 2014 жылғы ең үздік техникалық ЖОО ұлттық рейтингісі



Техникалық ЖОО

Қорытынды нәтижелер, өлш. %

1.

Қазақстан-Британ техникалық университеті

87,1

2.

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

83,85

3.

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

68,74

4.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

64,17

5.

Алматы энергетика және байланыс университеті

49,17

6.

Алматы технологиялық университеті

47,72

7.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік  техникалық университеті

45,76

8.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық — техникалық университеті

41,76

9.

М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы

40,18

10.

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

34,44

11.

Рудный индустриялық институты

29,87

12.

Атырау мұнай және газ институты

26,11

13.

Қазақ технология және бизнес университеті

20,42

 Қазақстанның 2014 жылғы ең үздік гуманитарлық-экономикалық ЖОО ұлттық рейтингісі



Гуманитарлық-экономикалық ЖОО

Қорытынды нәтижелер, өлш. %

1.

Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институты (КИМЭП)

96,70

2.

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалықуниверситеті

92,78

3.

Халықаралық бизнес академиясы (Алматы менеджмент университеті)

79,93

4.

«Тұран» университеті

64,18

5.

Қазақстан-Америка еркін университеті

49,72

6.

«Тұран-Астана» университеті

49,54

7.

Қарағанды «Болашақ» университеті

49,38

8.

Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университеті (Семей қ.)

36,25

 Қазақстанның 2014 жылғы ең үздік медициналық ЖОО ұлттық рейтингісі



Медициналық ЖОО

Қорытынды нәтижелер, өлш. %

1.

С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті

96,0

2.

Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті

82,08

3.

Семей қаласының мемлекеттік медициналық университеті

70,46

4.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы

45,93

Қазақстанның 2014 жылғы ең үздік педагогикалық ЖОО ұлттық рейтингісі



Педагогикалық ЖОО

Қорытынды нәтижелер, өлш. %

1.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

97,5

2.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

55,54

3.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты

55,06

4.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

35,94

5.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

33,04

6.

Қазақ спорт және туризм академиясы

29,41

7.

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

25,84


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет