Мазмұны Глоссарий Дәріс оқулар Зертханалық сабақтар соөж студенттің өздік жұмысы Глоссарийлар


Тақырып. Қабырға және төс сүйегінің құрылысы



бет3/3
Дата25.08.2017
өлшемі0,72 Mb.
#26081
1   2   3
1. Тақырып. Қабырға және төс сүйегінің құрылысы


2. Тапсырма. Қабырға иіліп келген жұқа 12 сүйектен түзілген. Қабырғаның орта жерін қабырғаның денесі, алдыңғы және артқы бөліктері қабырға ұшы деп аталады. Қабырға басынан кейінгі сәл жіңішкеріп келген жерін қабырға мойны, одан кейінгі дөңесті қабырға бұдыры деп атайды. Қабырға сүйегін дәптерге салу.

2. Тапсырма. Төс сүйегінің құрылысын сипаттап, зерттеп оқу, суретін салу.

Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/

2. Тақырып. Білікті қанқанын морфологиясы.

Семинар сұрақтары: 1. Сүйектің мүше ретінде құрылысы, 2. Омыртқа бағанасынын түрге байланысты құрылыс ерекшеліктері, 3. Қанқанын мойын бөлігі, 4. Көкірек клеткасынын түрге байланысты құрылыс ерекшеліктері.

Зертханалық сабағынын жоспары /2 сағ/

2,3. Тақырыптар. Омыртқа бағанасынын және бас қанқасынын салыстырмалы анатомиясы.

1. Тапсырма. Омыртқа бағанасынын барлық бөлімдерінің түрге байланысты құрылыс ерекшеліктерімен танысу.

2. Тапсырма. Бірінші, екінші және жетінші мойын омыртқаларынын малдын түріне байланысты құрылысын ажырату.

3. Тапсырма. Бас қанқасынын ми сауты мен бет бөлімінін сүйектерінін түрге байланысты құрылыс ерекшелігімен танысу.

Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/

3. Тақырып. Шеттік қанқанын морфологиясы.

Семинар сұрақтары: 1. Еркін қоғалатын аяқ сүектерінің үзбелері, 2. Білек қанқасынын турге байланысты құрылыс ерекшеліктері, 3. Білезік сүйектердің түрге байланысты ерекшеліктері, 4. Иық және жамбас белдеудің сүйектері.

Зертханалық сабағынын жоспары /2 сағ/

4,5. Тақырып. Иық және жамбас белдеу сүйектері. Артқы аяқтын автоподиі.

1. Тапсырма. Иық және жамбас белдеудің сүйектері, олардын құрылысы және қызметі. Жеке сүйектердің суретін салу.

2. тапсырма. Артқы аяқ бас сүйектерді алдынғы аяқ бас сүйектерімен салыстырып оқу керек. Малдын түріне байланысты олардын құрылыс ерекшеліктерімен танысу.

Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/

4. Тақырып. Синдесмология.

Семинар сұрақтары: 1. Сүйектердің байланысу түрлері, 2.Буын дегеніміз не? 3. Буындардың қозғалысқа байланысты түрлері, 4. Омыртқалардың байланысы, 5. Аяқ сүйектерінін буындары және байламдары, 6. Түлға сүйектерінің байламдары.

Зертханалық сабағынын жоспары /1 сағ/

6. Тақырып. Тігіс түрлері. Аяқ сүйектерінің буындары және байламдары.

1. Тапсырма. Бас қанқасы арқылы тігіс түрлерімен танысу және оларды ажырату білу. Бас қанқасында барлық тігіс түрлері кездеседі / тісті, қабыршақты, жапырақша т.б./

2. Тапсырма. Буындардын құрылысына және қызметіне байланысты түрлерін зерттеп оқу. Күрделі буындардың байламдарымен танысу. Барлық күрделі буындарды атап шығыныздар.

3. Тапсырма. Қай буында ен көп байлам кездеседі ?

Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/

  1. Миология.

Семинар сұрақтары: 1. Құрылысына байланысты бүлшық еттердің түрлері, 2. Жасқа байланысты бүлшық еттердің ерекшеліктері, 3. Бүлшық еттердің қосымша құрылымдары, 4. Бүлшық еттердің дамуы.

Зертханалық сабақтардын жоспары /3 сағ/

7,8,9 Тақырыптар. Фасциялар. Синовиальды бурсалар, қуыстар. Жамбас терен бұлшық еттері.

1. Тапсырма. Бүлшық еттің қосымша құрылымдарымен танысу. Препарат және таблица арқылы беткей, терен фасциялардын топографиясын, қызметтерін зерттеп оқу.

2. Тапсырма. Оқутышы көмегімен препаровке кезінде бұлшық еттердің сінірлеріне, бурсаларына көніл аударыныздар.

3. Тапсырма. Білезік және жіліншек буындардын сақиналы байламдарын, бурсаларды, сінірлерді тауып алыныздар.

4. Тапсырма. Жамбастын терен бүлшық еттерін зерттеп оқу.

Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/.

  1. Тақырып. Тері түындылары.

Семинар сұрақтары: 1.Терінің дамуы, 2. Шәштің құрылысы және түрлері, 3. Сүт безеінің құрылысы, 4. Терінің қатты түындылары, 5. Шәштің дамуы.

Зертханалың сабақтын жоспары /1 сағ/

10. Тақырып. Тері түындылары.

1. Тапсырма. Сүт безінің құрысымен танысу. Бул мүше паренхиматозды мүшеге жатады, қызметіне байланысты мерокринді безеге жатады. Суретін салып, белгілеу керек.

2. Тапсырма. Шәштің құрылысын зерттеу. Шәштің тамырына көніл аударыныздар. Шәштің түрлері және қызметтерімен танысу.

Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/.

  1. Тақырып. Ас қорыту мүшелері.

Семинар сұрақтары: 1. Ішкі мүшелер туралы түсінің, 2. Серозды қуыстар, 3. Баурдың құрылысы, 4. Үйқы безенің құрылысы, 5. Ас қорыту мүшелерінің дамуы, 6. Сілекей безедерінің құрылысы.

Зертханалың сабақтын жоспары /2 сағ/

11,12. Тақырып. Ішектер. Бауыр мен ұйңы безі.

1. Тапсырма. Жінішке және жуан ішек бөлімдерінің анатомиялық құрысымен танысу. Олардың қабырға құрылыс ерекшеліктерін зерттеп оқу. Құрылысымен танысқаннан кейін олардың атқаратын қызметерінің қалай өтетінін түсіну.

2. тапсырма. Бауыр құрылысы мен қызметін зерттеп оқу. Ас қорыту және зат алмасу процестеріне тиетін әсерін түсіну.

3. Тапсырма. Ұйқы безеінің құрылысымен танысу. Препарат, атластар арқылы көргеннен кейін сыртқы пішіні мен құрылысын зерттеп, суретін салу.

4. Тапсырма. Ас қорыту мүшелерінің топографиясын зерттеп оқу.

Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/.

  1. Тақырып. Тыныс алу мүшелері.

Семинар сұрақтары: 1. Мұрын жолдарының манызы, 2. Мұрын синустарының манызы, 3. Кенірдектін манызы және топографиясы, 4. Өкпенің құрылысы, 5. Плавра дегенімз не ? 6. Тыныс алу мүшелерінің басты қызметтері.

Зертханалың сабақтын жоспары /2 сағ/

13,14 Тақырыптар. Өкпе. Плевра.

1. Тапсырма. Көніл аударатын жағдай, бронхының бронхы бұтақтарына дихотомиялық тарамлалуы. Бұл тарамдалудың дем алумен дем шығарғандағы өтетін ауанын жылдамдығына әсер ететін манызы қандай екенін түсіну. Өкпенін құрылысын зерттеп оқу. Дәптерге суретін салу. Өкпе- пішіні кесілген конус тәріздес тыныс алу жүйесінің негізгі мүшесі. Құрылысы жағынан түтікшелі-көпіршікті, қомақты паренхиматозды мүше. Өкпе тыныс алу жолдарынан және газ алмасу бөлімінен тұрады. Тыныс алу жолдарын бронхиальдік тарам деп атайды. Бөлімаралық сай арқылы өкпе краниальдік және каудальдік бөліктерге бөлінеді.

2. Тапсырма. Плевранын маңызын және құрылысын зерттеп оқу.

3. Тапсырма. Тыныс алу мүшелерінің топографиясын талқылау.

Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/

  1. Тақырып. Зәр шығару мұшелері.

Семинар сұрақтары: 1. Зәр шығару мүшелерінің филогенезі, 2. Бүйрек типтері, 3. Зәр шығару мүшелерінін манызы, 4. Зәр шығару каналынын құрылысы.

Зертханалың сабақтын жоспары /1 сағ/

15. Тақырып. Бүйрек түрлері. Нефронын құрылысы.

1. Тапсырма. Бүйрек түрлерімен танысу және оларды ажырату білу. Бүйрек суретін салып, белгілеу керек.

2. Тапсырма. Бүйректің негізгі құрылымдық және функциональдік бөлігі- нефронын құрылысын зерттеп оқу. Бүйректін көлденен кесінді препаратын анықтап қарау керек.

Дәріс сабағының жоспары /1 сағ/

  1. Тақырып. Жыныс мүшелері.

Семинар сұрақтары: 1. Жыныс жүйесінің филогенезі, 2. Аталық жыныс мүшелерінің топографиясы және түрге байланысты ерекшеліктері, 3. Аналық жыныс мүшелерінің топографиясы және түрге байланысты ерекшеліктері, 4. Жатырдың түрлері, Қосымша аталық жыныс бездері,5. Үманын құрылысы.

Зертханалың сабақтын жоспары /2 сағ/

16,17 Тақырып. Қосымша аталық жыныс безедері. Жұмыртқалықтын құрылысы.

1. Тапсырма. Қосымша аталық жыныс безедерінің құрылысын, манызын, топографиясын зерттеп оқу. Аталық жыныс мүшесінің құрылысы.

2. Тапсырма. Аналық жыныс безінің сыртқы және ішкі секрециялық кызметімен танысу. Жұмыртқалықтын түрге байланысты құрылыс ерекшеліктерімен танысу. Сары денешек, овогенез және овуляция деген ұғымдарды түсіну.

Дәріс сабағынын жоспары / 1сағ/

  1. Тақырып. Жүрек- қан тамырлар жүйесі.

Семинар сұрақтары: 1. Жүрек- қан тамырлар жүйесінің организмдегі манызы, дамуы, 2. Жүректін өткізгіш жүйесі, 3. Артерио- веноздық анатомоздардың қызметі, құрылысы, 4. Жүректің қабаттары, 5. Қан тамырларының дамуы.

Зертханалық сабақтарынын жоспары /2 сағ/

18,19 Тақырыптар. Жүрек- қан тамырлар жүйесі.

1. Тапсырма. Артери және вена қан тамырларының құрылысымен танысу. Олардын қабарға құрылысының ерекшеліктерін білу.

2. Тапсырма. Артериялардын жіктелуі, қызметі.

3. Тапсырма. Веналврдың жіктелуі. Организмнің негізгі вна тамырлары, манызы.

Дәріс сабағынын жоспары / 1сағ/

12.Тақырып. Лимфа жүйесі.

Семинар сұрақтары: 1. Лимфа тамырларынын құрылысы, 2. Лимфа түйінің құрылысы, манызы, 3. Негізіг лимфа түйіндердің және лимфа өзектерінің орналасуы, 4. Лимфа қүрамы.

Зертханалық сабақтарынын жоспары /1 сағ/

20. Тақырып. Лимфа жүйесі.

1. Тапсырма. Препарат, сурет арқылы лимфа түйінің макро- және микроскопиялық құрылысын зерттеп оқу. Лимфа түйінің құрылысын дәптерге салып, белгілеу керек.

2. Тапсырма. Лимфа сүйығының ағу жолын зерттеу.Лимфа түйінің иммунитет пайда болуына ролі.

Дәріс сабағынын жоспары / 1сағ/

  1. Тақырып. Ішкі секреция бездері.

Семинар сұрақтары: 1. Эпифиздің құрылысы, манызы, дамуы, 2. Қалқанша маны безі, 3. Кальцитониноциттердің ролі, 4. Бүйрек үсті безі, онын құрылысы, қызметі, 5. Гипоталамо- гипофизарлық жүйе туралы түсінік.

Зертханалық сабақтарынын жоспары /2 сағ/

21. Тақырып. Ішкі секреция бездері.

1. Тапсырма. Қалқанша маны безідің құрылысындағы ерешеліктерін зерттеу.

2. Тапсырма. Бүйрек үсті бездің морфологиясын зерттеп оқу. Гормондарының қызметі, басқа мүшелерінің қызметіне әсері. Бездің паренхимасын не түзеді және оның капсуласы мен стромасы қандай ұлпалардан тұрады.

3. Тапсырма. Гипоталамо- гипофизарлық жүйе туралы түсінік.

Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/

  1. Тақырып. Қан жасау мүшелері.

Семинар сұрақтары: 1. Қан жасау мүшелердің дамуы, 2. Қан жасау мүшелердің негізін қай ұлпа құрайды, 3. Миелоидті ұлпа дегеніміз не? 4. Лимфоидті ұлпа дегеніміз не ? 5. Көк бауырдың ақ пульпасын неден түзілген, 6. Шеттік қан жасау мүшелері.

Зертханалық сабағынын жоспары /1 сағ/

22. Тақырып. Қан жасау мүшелері.

1. Тапсырма. Айырша бездің құрылысы, жасқа байланысты өзгерістері. Иммунитетке қатысуы.

2. Тапсырма. Шеттік қан жасау мүшелерінің морфологиясын талқылау. Шеттік мүшелерде Т- және В- зоналары қай жерде орналасады.

3. Тапсырма. Көк бауырдын қанмен қамтамасуы.

Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/

  1. Тақырып. Перифериялық жүйке жүйесі. Вегетативті жүйке жүйесі.

Семинар сұрақтары: 1. Шеттік жүйке жүйесінің дамуы, 2. Анализатор дегеніміз не ? 3. Жұлындық жүйкелер, 4. Бастық жүйкелер, 5. Вегетативті жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы, 6. Симпатикалық және парасимпатикалақ бөлімдер.

Зертханалық сабағынын жоспары /1 сағ/

23. Тақырып. Жұлын.

1.Тапсырма. Жұлынның көлденен кесіндісін қарап, оның сүр және ақ заттарын анықтап қарау керек. Жұлынның сұр затында қандай ядролар бар, оларды атап, әр ядроның орналасқан жереін көрсету керек. 2. Тапсырма. Жануар жұлынның вентральді мүйізшілері зақымдалған, қандай қызметтер бұзылды ?

3. Тапсырма. Жұлынның қабақтарын зерттеп оқу.

Зертханалық сабағынын жоспары /2 сағ/

24,25 Тақырыптар. Бас ми.

  1. Тапсырма. Мидың бөлімдерін түсті атластан қарап, ми муляжінен анықтау. Иіс сезу мидын құрысын зерттеп оқу.

2. Тапсырма. Жалпы мидың сагитальды кесіндісін алып, суретін салу.

3. Тапсырма. Соңғы мидын құрылысын анықтап түсіну.

4. Тапсырма. Ми сыңарларының қатпарлары мен сайларын зерттеп, суретін салу.

Зертханалық сабағынын жоспары /1 сағ/

26. Тақырып. Жұлындық жүйкелер.

  1. Тапсырма. Сегізкөз торабы негізінде сегізкөз нервтерінің алдынғы бұталарының өрімінен түзіледі, бүл ен ірі торап болып саналады. Сегізкөз торабының нервтерін зерттеп оқу.

  2. Тапсырма. Арқалық және вегетативтік түйіндердің құрылысынын ерекшеліктерін меңгеріп алу.

  3. Тапсырма. Қол мен аяқ еттеріне баратын нервтер қай тораптардан басталады және қандай нервтер.

Зертханалық сабағынын жоспары /1 сағ/

27. Тақырып. Бастық жүйкелер /7-12 жұп/.

  1. Тапсырма. Атлас пен таблицалардан 7-12 жұп нервтердің түбіршіктерінің жатқан жерін тауып, әрқайсысының атын жаттау.

  2. Тапсырма. Әрбір ми нервисінің жатқан ми орталығын тауып, қысқаша жазып алу.

  3. Тапсырма. Ми нервтердің қай органдарды нервтендіретінін зерттеп білу және сипаттап жазу.

Зертханалық сабағынын жоспары /1 сағ/

28. Тақырып. Вегетативті жүйке жүйесі /парасимпатикалық бөлімі/.

  1. Тапсырма. Парасимпатикалық нерв жүйесінің орталық бөлімдерімен нерв жолдарын /түйінге дейінгі, түйіннен кейінге/ зерттеп, қай органдарды жүкелендіретің білу.

  2. Тапсырма. Организімде қандай өрімдер /нерв тораптары/ бар соны анықтау. Парасимпатикалық нерв талшықтары қай ми нервтерінің құрамында бар және қандай органдарды жүкелендіретің сипаттау.

Зертханалық сабағынын жоспары /2 сағ/

29,30. Тақыптар. Анализаторлар.

  1. Тапсырма. Көру мүшесінің құрылысын таблицалар мен көздің бөлектенетін моделінен қарап оқып түсіну. Көз құрылысының және оның әрбір қабықшасына анықтама беріп, жалпы суретін салу.

  2. Тапсырма. Атластар мен таблицалардан есту және тепеөтеңдік сақтау мүшелердің құрылысын оқып оларды алмалы-салмалы модельдерімен салыстыру. Ұлудын көлденең кесіндісін алып есту механизмінің түйісуін түсіну.

  3. Тапсырма. Дәм сезу мүшесінің құрылысын оқып, суретін салу.

  4. Тапсырма. Иіс сезу анализаторының құрылысын түсініп, схемасын салу.


5. Студенттің өздік жұмысы
Студенттің өз бетімен дайындығын ұйымдастыруы.

Ол үшін алдымен оқулықтан, дәрістерден деректерді қайталап, одан сон препараттармен жұмыс істеуге көшу қажет, басқаша айтқанда ілімнен іс тәжрибеге бағытталған жөн.

Өз бетімен емтиханға дайындалу үшін студент алдымен білім қалдығын талдап алып, жоспарлауы қажет. Өз білімін тексеруге студент әр сабаққа арналған бақылау сұрақтармен пән бағдарламасын пайдаланғаны дұрыс. Қандайда болмасын мәлімет, деректерді игеруде, оның көрнекті құралдарының маңызы зор. Ол үшін оқулықтағы, атластағы және осы практикумдегі препараттар бейнесін ықыласпен қарау орынды.Өз бетімен дайындалу жоспарында кафедрада белгіленген тақырыптық кенес уақытында ескеру қажет.

Жазбаша жұмыстың тақырыптары:

1.Жануар организмнің құрысындағы жалпы зандылықтар

2. Білікті қанқаның дамуы туралы қысқаша мәллеметтер

3. Шеттік қанқаның онтогенезі

4. Аяқ буындарының байламдары

5. Бұлшықеттердің жалпы сипаттамасы және олардың жіктелуі

6. Тері және оның туындыларының дамуы

7. Ішкі мүшелер, дене және серозды қуыстар туралы түсінік

9. Сүйектердің пішініне, құрылысына және орналысуына қарай жіктелуі

10. Буынның байламдары, қуыстары, шеміршектері және синовий суйығы

11. Бұлшықет жүйесінің жалпы сипаттамасы және оның денеде орналысуы

12. Тері жабының фило- және онтогенезі

13. Ас қорыту түтігінің дамуы және оның даму сатысында өзгеруі

14. Бауыр мен ұйқы безінің манызы

15. Бронхиальды және альвеолярлы бутағы

16. Зәрдің түзілу механизмі

17. Жыныс бездерінің эндокринді қызметі

18. Овуляция туралы түсінік. Сары денешіктің түзілуі

19. Жүрек және қан тамырлар жүйесінің дамуы

20. Қан жасау қызметінің қалыптасуы

21. Ішкі секреция бездерінің дамуы

22. Орталық жүйке жүйесіне сыртқы және ішкі орта факторлардың әсері



23. Анализаторлар туралы түсінік
Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологясымен пәнінен емтихан сұрақтары.

  1. Жануар дене құрылысының заңдылықтары.

  2. Бастың бет бөлімі / сүйектер, байланыс түрлері, бұлшық еттер, тамырлар, жүйкелер, түрге және жасқа байланысты ерекшеліктері /.

  3. Тоқ ішек /құрылысы, топографиясы, көректенуі, иннервация, түрге байланысты ерекшеліктері /.

  4. Анатомияның даму тарихы

  5. Бас қаңқасының ми бөлімі /сүйектері, байланысу түрлері, бұлшық еттері, қан, жүйке тамырлары, жасқа және түрге байланысты ерекшеліктері/

  6. Ащы ішек /бұлшық еттері, қан, жүйке тамырлары, жасқа және түрге байланысты ерекшеліктері/

  7. Эволюциялық дамудағы түр және қызмет бірлігі, морфологияның дамуындағы анатомдардың ролі.

  8. Мойын бөлімі /сүйектері, байланыс түрлері, бұлшық еттері, тамырлары, нервтері, түрге байланысты ерекшеліктері/.

  9. Бауыр және ұйқы безі /құрылысы, орналасуы, қан айналымы, жүйкеленуі, түрге байланысты ерекшеліктері/.

  10. Анатомияны зерттеудегі эволюциялық және функциональдық бағыттар.

  11. Иық белдеуі аймағы /сүйектері, бұлшық еттері, жасқа және түрге байланысты ерекшеліктері, қан тамырлар, нервтер/.

  12. Мұрын қуысы /құрылысы, қан тамырлары, жүйкелері, қосалқы қуыстар /.

  13. Анатомиялық зерттеу әдістері.

  14. Иық бөлімі /сүйектері, бұлшық еттері, жүйкелері, жасқа және түрге байланысты ерекшеліктері /.

  15. Жумыртқалық және ұрық жолы /құрылысы, орналасқан жері, түрге және жасқа байланысты ерекшеліктері, қан тамырлары, жүйкелері/.

  16. Осьтер, жазықтар, бағыттар. Негізігі анатомиялық терминдер.

  17. Шынтақ аймағы /сүйектері, бұлшық еттері, жүйкелері, жасқа және түрге байланысты ерекшеліктері /

  18. Жатыр /құрылысы, типі, орналасқан жері, жасқа және түрге байланысты ерекшеліктері /.

  19. Филогенез, онтогенез, аномалия туралы түсінік.

  20. Білезік аймағы /сүйектері, байланыстары, бұлшықеттері, тамырлары, нервтері, қозғалыс сипаттамасы/

  21. Жамбас, жамбас қуысының артериясы.

22.Мүшелер, мүшелер жүйесі туралы түсінік.

  1. Саусақ бөлімі /сүйектері, қызметіне байланысты өзгерісі, жүйкеленуі, бұлшық еті, қан тамырлары /.

  2. Аталық жыныс мүшесі, препуций және косалқы аталық жыныс бездері (түр ерекшеліктері, қанмен қамтамасыз етілуі, жүйкеленуі/.

  3. Веналардың ерекшеліктері.

  4. Тістер /түрі, құрылысы, типтері/.

  5. Соңғы мидың құрылысы және қызметі.

  6. Сүйектердің үзіліссіз байланысы.

  7. Фасция туралы түсінік. Тері асты фасциялар мен бұлшықеттер.

  8. Бастық жүйкелер (7-12 жұп).

  9. Тұлға қаңқасының дамуы.

  10. Тізе аймағы /сүйектері, бұлшық еттері, жүйкелері, тамырлары, жасқа және түрге байланысты ерекшеліктері /.

  11. Сүт безінің құрылысы / тамырлары, жүйкелері, жасқа және түрге байланысты ерекшеліктері/.

  12. Сүйектердің байланысының түрлері, жіктелуі.

  13. Бел-сегізкөз шоғыры.

  14. Жүрек, жүрек қабы /құрылысы, орналасуы, қан айналымы, жүйкеленуі/.

  15. Бас қаңқасының онтогенезі.

  16. Көкірек аймағы /сүйектері, бұлшық ететрі, жүйкелері, жасқа және түрге байланысты ерекшеліктері /.

  17. Ортаңғы және аралық ми /құрылысы, орналасуы, қызметінің маңызы/.

  18. Бұлшық еттің мүше ретіндегі құрылысы, қосымша құрылымдары.

  19. Тірсек аймағы (түр ерекшеліктері, бұлшық еттері, қан тамырлары, жүйкеленуі).

  20. Өңеш және жұтқыншақ /құрылысы, орналасуы, түр ерекшеліктері, қан айналымы, жүйкеленуі/.

  21. Бұлшық еттердің құрылысына, пішініне, қызметіне қарай жіктелуі.

  22. Артқы аяқ саусақ аймағы (сүйектері, қызметіне байланысты өзгерісі, бұлшық еттері, қан тамырлары, түр ерекшеліктері/

  23. Құрсақ аортасы (топографиясы, аортадан таралатын тамырлар/.

  24. Аяқ қаңқасының онтогенезі.

  25. Тізе буыны аймағы (құрылысы, функциональдық ерекшеліктері, бұлшық еттері, қан тамырлары, нервтері).

  26. Жұлын (құрылысы, орналасуы, жұлын қабы, қан айналымы).

  27. Сүйектің мүше ретіндегі құрылысы, классификациясы.

  28. Тұлғаның бел бөлімі /сүйектері, бұлшық еттері, жүйкелері, жасқа және түрге байланысты ерекшеліктері /.

  29. Бастық жүйкелер (1-У1 жұп).

52. Сероздық қуыстар. Плевра және іш астарының жолы. Ішек қуысын аймақтарға бөлу.

  1. Тілерсек сүйек аймағы (сүйектері, байланысы, қозғалысы, тамырлары, жүйкелері).

  2. Тыныс алу, ас қорыту жүйесіндегі ерекшеліктер.

  3. Тыныс алу жүйесінің фило- онтогенезі.

  4. Сегізкөз аймағы /сүйектері, бұлшық еттері, жүйкелері, жасқа және түрге байланысты ерекшеліктері /.

  5. Көздің құрылысы.

  6. Ас қорыту мүшелерінің фило- онтогенезі.

  7. Жануарлардың бөксе аймағы /сүйектері, бұлшық еттері, жүйкелері, жасқа және түрге байланысты ерекшеліктері /.

  8. Ромб тәріздес ми /құрылысы, қызметінің маңызы/.

  9. Несеп-жыныс мүшелерінің фило-онтогенезі.

  10. Жануарлардың кұйрық аймағы /сүйегі, байланысы, түрге және жасқа байланысты ерекшеліктері, бұлшық еттері, қан тамырлары, нервтері/.

  11. Кеуде қолқасы.

  12. Жұлынның фило- онтогенезі.

  13. Сегізкөз аймағы /сүйектері, бұлшық ететрі, жүйкелері, жасқа және түрге байланысты ерекшеліктері /.

66. Өкпе, кеңірдк, бронхтар /қан тамырлары, жүйкелері, жасқа және түрге байланысты ерекшеліктері /.

67.Бас мидың фило- онтогенезі.



  1. Тұсамыс сүйегі аймағы (сүйектері, байланысы, қозғалысы, бұлшық еті, жүйкесі, қан тамырлары).

  2. Бүйрек, қуық, несепағар, несеп шығару өзегі.

  3. Қан тамырлар жүйесінің фило-онтогенезі.

  4. Иық буыны аймағы (сүйектері, байланысы, қозғалысы, жүйкеленуі, қанмен қамтамасыз етілуі).

  5. Асқазан (құрылысы, орналасуы, түрге байланысты ерекшеліктері, қан айналымы, жүйкеленуі).

  6. Ішкі секреция бездеріне жалпы сипаттама.

  7. Шынтақ буыны аймағы (сүйектері, байланысы, бұлшық еттері, бурсы, қозғалысы, қан айналымы, нервтері).

  8. Тұяқтың құрылысы.

  9. Лимфа жүйесіне жалпы сипаттама .

  10. Топай буыны аймағы (сүйектері, байланысы, қозғалысы, нервтері, қан тамырлары).

  11. Күйіс қайтаратын малдардың асқазаны (құрылысы, түрге және жасқа байланысты ерекшеліктері, орналасуы, қан айналымы, нервтері).

  12. Қан жасаушы мүшелерге жалпы сипаттама.

  13. Терінің туындылары (май табанның, мүйіздің, шаштың құрылысы).

  14. Ең, еңқап, еңкосымшасы, еңбау, шәует жолы (құрылысы, орналасуы, ерекшеліктері, қан тамырлары, нервтері).

  15. Қан тамырларының таралуы заңдылықтары, тамырлардың жасқа байланысты өзгеруі.

  16. Құрсақ бқлшықеттері (орналасуы, шап каналының қалыптасуы, іштің ақ сызығы, қанмен қамтамасыз етілуі, жүйкеленуі).

  17. Иық шоғыры .

  18. Қаңқаның бөліктерге бөлунуі.

86.Жамбас-ортан жілік аймағы (құрылысы, қозғалысы, бұлшық еті, қанмен қаматамсыз етілуі, жүйкеленуі).

  1. Ересек организмнің және ұрықтың қан айналымы.

  2. Жүйке жүйесінің вегетативті бөліміне жалпы сипаттама.

  3. Ауыз қуысы (тіл, түр ерекшеліктері, қан айналымы, жүйкеленуі).

  4. Есту мүшесінің құрылысы.

  5. Қан жасаушы мүшелерге жалпы сипаттама.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет