2. Биелері жылына 3000 литрдей сүт беретін, етті және сүтті бағытта өсірілетін қолтұқым? (Мұғалжар) 3. Батыс Қазақстан аймағында халықтық сұрыптау нәтижесінде шығарылған қолтұқым? (Көшім) 4. Қазақстанда ерте кездерден бастап, өсіріп келе жатқан қазақ жылқыларының негізгі тобын қалай атайды? (Жабы) 5. Жергілікті халық "дала көркі" деп ерекше дәріптеген Қазақстанның Батыс аймақтарында өсірілетін қолтұқым? (Адай) 6. Қолға үйретілген жалқының арғы тегі жабайы жылқылардың бірін атаңыз? (Тарпан)
1.Сыңар өркешті түйенің ғылыми атауы? (Дромадер) 2. Сүтқоректілер класының көнтабандылар отрядына жататын күйіс қайыратын жануар? (Түйе) 3. Түйе түлігіне арналған аңыздар бойынша шығарылған "Желмая" күйінің авторы? (Ықылас) 4. Түйе пірінің кей жердегі қолданылатын атауы? (Қаусылқазы) 5. Оңтүстік Америкадағы қолға үйретілген түйе қолтұқымының бірі?(Таутайлақ) 6. Түйе түлігін қастерлеп қалай атаған? (Ұлық) 7. Сыңар өркешті түйенің қолға үйретілген жері? (Африка) 8. Айыр өркешті түйенің еркегін қалай атайды? (Бура) 9. Айыр өркешті түйенің жабайы түрі? (Қаптағай)
1.Қазақтың қылшық жүнді, құйрық саулықтарын еділбай, дегерес қойларының қошқарларымен жұптастыру арқылы шығарылған қолтұқым?(Қарғалы) 2. Қойдың жабайы арғы тегі? (Муфлон) 3. Он саулықтың басын құрайтын кәсіптің иесі? (Қойшы) 4. Арқардың құлжасы (қошқары) мен жергілікті саулық қойларын жұптастыру арқылы алынған қолтұқымы? (Арқар меринос) 5. Қылшық жүнді құйрықты қолтұқымның бірі? (Еділбай)