12. Шаянның бунақталған жүретін аяқтары неше жұп? (Төрт)
Сөзжұмбақ тақырыбы: "Шегіртке"
(Бунақденелілер класы)
Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:
1. Үйірлі шегірткелер дернәсілінің тығыз топтасуы? (Жаушоғыл)
2. Буынаяқтылар типіне жататын көпжасушалы, ғаламшардың кез келген түпкірінде таралған жануарлардың ең үлкен тобы? (Бунақдене)
3. Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы? (Имаго)
4. Қимыл қозғалыс қызметін атқаратын аяқтар мен қанаттар орналасқан бунақденелілер бөлімі? (Көкірек)
5. Үйірлі шегірткелердің ересектерінің топтасуы? (Үйір)
6. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым саласы? (Энтомология)
7. Жаушоғыл түзетін қанатсыз дернәсілдер? (Жаяушегітке)
8. Қабыршаққанаттылар отрядына жататын, ауыз мүшесі түтік тәрізді бунақденелілер? (Көбелек)
Сөзжұмбақ тақырыбы: "Сауытбалық".
(Балықтар класы)
Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:
1.Балықтардың жүзгіштігін реттейтін, кейбіреуінде дыбыс шығаратын мүше? (Торсылдақ)
2. Жұпбалықтардың ішіндегі ең ірісі, денесі көлдененінен 6 метрге дейін жететін балық? (Манта)
3. Сүйекті балықтарда алғаш рет зәрдің уақытша сақталатын мүшесі?(Қуық)
4. Балықтардың болашақ ұрпағы? (Уылдырық)
5. Балықтарды зерттейтін ғылым саласы? (Ихтология)
6. Дәмді еті, қара уылдырығы үшін қымбат бағаланатын балық? (Бекіре)
7. Аталық бездегі сүт тәрізді ақ сұйықтық қалай аталады? (Шоғал)
8.Балықтардың тынысалу мүшесі? (Желбезек)
9. Сазанның сипап сезі мүшесі? (Мұрты)
10. Албырт балығының уылдырығының түсі қандай? (Қызыл)
Сөзжұмбақ тақырыбы: "Алабұға"
Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:
1.Иіс сезу мүшесі өте жақсы дамыған балық? (Акула)
2.Балықтарды зерттейтін ғылым саласы? (Ихтология)
Достарыңызбен бөлісу: |