6. Кептертектес құстар отрядының қолға үйретілгені? (Көгершін)
7. Африканың батыс, солтүстік аймағында қолға үйретілген тауықтес құстың бірі? (Цесарка)
8. Мексика және Американың оңтүстік өңірінде жабайы түрінен қолға үйретілген үй құстарының ең ірісі? (Күркетауық)
Сөзжұмбақ тақырыбы: "Сүтқоректі"
Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:
1.Қарны 4 бөлімнен тұратын күйіс қайыратын үй жануары? (Сиыр)
2. Австралия аймақтарында кездесетін, жұмыртқа салу арқылы көбейетін сүтқоректілер? (Үйректұмсық)
3. Сүтқоректілердегі ұрық дамитын аналық жыныс мүшесі? (Жатыр)
4. Жатырдың қабырғасында ұрық пен аналық ағзаның арасындағы арнайы мүше? (Ұрықжолдас)
5. Ашық жерлерде мекендейтін сүтқоректілердің бірі? (Қосаяқ)
6. Езуден шықшытқа дейінгі жақсүйекті иекпен жалғастырып, тұтастыратын бұлшықет? (Ұрт)
7. Көбею, төлдеу кезінде ғана құрлыққа шығатын суда тіршілік ететін сүтқоректілер? (Түлен)
8. Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын бұлшықет?(Көкет)
9. Сүтқоректілерді зерттейтін маммалогия ғылымының басқаша атауы?(Териология)
10. Бұта мен ағаш арасында өмір сүретін сүтқоректілердің бірі? (Сілеусін)
Сөзжұмбақ тақырыбы: "Таутеке"
(Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер)
Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:
1.Доңыздың төлі ? (Торай)
2. Бұғының аналығы? (Марал)
3. Ешкінің арғы тегі? (Таутеке)
4. Күйіс қайыратын және күйіс қайтармайтындар деп екі топқа бөлінетін сүтқоректілер отряды? (Жұптұяқты)
5. Еліктің аналығы? (Сөге)
6. Еліктің аталығы? (Күлміз)
7. Доңыздың аналығы? (Мегежін)
Сөзжұмбақ тақырыбы: "Қамбар ата"
(Жылқы шаруашылығы)
Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:
1.Қазақ халқының ерекше қастерлеген және жанына жақын санаған қасиетті түлгінің бірі? (Жылқы)
Достарыңызбен бөлісу: |