11. Көп және аяқ сөздерінің қосындысын білдіретін термин сөз? (Полип)
12. Жойылған немесе зақымданған мүшелер мен ұлпалардың қалпына келуі қалай аталады? (Регенерация)
Сөзжұмбақ тақырыбы: "Гидратәріздестер класы".
Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:
1.Бірде табанымен, бірде қармалауыштарымен бір жерден екінші жерге адымдап, "тоңқаңдай" қозғалатын ішекқуыстылар типінің өкілі? (Гидра)
2. Гидраның зақымданған бөлігіндегі жойылып кеткен жасушалардың аралық жасушалардан қайтадан пайда болу құбылысы қалай аталады?(Регенерация)
3. Гидра денесінің сыртын қаптап жауып жататын қабат? (Эктодерма)
4. Гидраның ауыз тесігінің айналасында орналасқан қорегін ұстауға қатысатын өсінділерді ата? (Қармалауыш)
5.Гидра денесінің затқа бекінетін жағының атауы? (Табан)
6. Гидраның қорғануға, қорегін аулауға қолданылатын жасушаларының аты? (Атпа)
7. Гидраның денесі қандай симметриялы жәндіктерге жатады? (Сәулелі)
8.Гидраны ең алғаш тауып сипаттаған ғалым? (Трамбле)
9. Гидраның жыныссыз көбею жолы? (Бүршіктену)
10. Гидраның сыртқы және ішкі қабаттарының арасындағы қуысты толтырып тұратын желім тәрізді іркілдек зат? ( Мезоглея)
11. Гидраның асқорыту қуысын астарлап жатқан қабаты? (Энтодерма)
12. Гидраны алғаш туысқа жатқызған ғалым? (Линней)
13. Гидраның дене пішіні сақталатын орта? (Су)
Сө зжұмбақ тақырыбы: "Жалпақ құрт".
Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:
1.Адамның ішегінде, ал дернәсілдері мүйізді ірі қараның , яғни сиырдың денесінде дамитын таспа құрт өкілі ? (Жармасқақ)
2. Сиыр цепенінің екінші дернәсілі? (Финка)
3. Бауырсорғыш құртынан әсіресе қой және сиыр малында туындайтын аурудың ғылыми атауы? (Фациолез)
4. Ақ сұлама жұмыртқадан дамып, не түзеді? (Піллә)
5. Эктодерма мен энтодерма аралығындағы дененің үшінші аралық қабаты?(Мезодерма)
Достарыңызбен бөлісу: |