Мазмұны: I. Кіріспе II. Негізгі бөлім



бет2/6
Дата07.02.2022
өлшемі53,23 Kb.
#94529
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жасулан-Гигиена

Негізгі бөлім
2.1. Құстарды ұстау жүйелері мен тәсілдері
Құс шаруашылығында үш түрлі ұстау жүйелері: экстенсивті, интенсивті және аралас немесе жартылай интенсивті қолданылады. Әр жүйенің өзіне тән тәсілдері яғни клеткаларда және едендерде ұстайтын түрлері тараған. Едендерде ұстау тәсілдері үш түрде кездеседі: жиналмайтын қалың төсенішті, сыртқы және сеткалы (торкөзді) едендерде арнайы серуен алаңдарын пайдаланып, немесе серуенсіз тұрғызып күтіп-бағу болады.
Экстенсивті жүйе – көбінесе кіші құс фермаларында белгілі бір мезгілдерде ет және жұмыртқа өнімдерін алуға бағытталған. Мұндай фермаларда құстарды едендерде ұстап, табиғи жарықтандыруды, ауаны желдетуді және мезгілді серуендетуді пайдаланады да, ондай кездерде фермадағы ауыр жұмыстарды (азық тарату, көң тазалау т.б.) механикаландырудан гөрі қол жұмыстарының бөлігі жоғары болады.
Интенсивті жүйе – жыл бойына жоспарлы түрде біркелкі сапалы, мол өнім алу үшін жоғарғы өнімді құстарды клеткаларда және едендерде ұстап, технологиялық процесстерді (вентиляция, канализация, жарықтандыру, азықтандыру т.б.) механикаландырып, автоматтандырып және арнайы зауаттарда дайындалған құнарлы құрама жемдерді пайдаланып, серуенсіз ұстайды.
Аралас немесе жартылай интенсивті жүйе – құстарды технологиялық процесстері автоматтандырылған және механикаландырылған қораларда ұстап, бірақ шектеулі серуендетуді пайдаланып (қаздар, үйрету фермаларында) немесе құстар жылдың бір мезгілінде экстенсивті, ал басқа уақытында – интенсивті жүйеде ұсталады.
Құстарды қалың жиналмайтын төсеніштерде ұстау тәсілі көбінесе, ет бағытындағы фермаларда қолданылады. Қалың төсеніштерде құстарды ұстау үшін әуелі құрғақ, дезинфекцияланған және алдын ала қортылған хлорлы әкі ұнтағы себілген (әр кв.м. 0,5-1 кг) еденге қалыңдығы – 15 см төсеніш салып, соңынан әр бір екі айда үстіне төсеніш материалын қосып, жалпы қалыңдығы жыл аяғына дейін 25-30 см жеткізеді.
Мұндай төсеніштерде, биотермиялық процесстердің нәтижесінде, қыс айында температура 12-18ºС жетеді де, ал төсеніш аралығындағы сапрофитті микробтардың өсуінің салдарынан, әсіресе витаминдер тобы В түзіліп, құстар төсеніш түйірлерін шоқып жеп, өздеріне қажет кейбір витаминдерді табады. Сол сияқты, құстарды қалың төсеніш едендерде ұстағанда, олар еркін қозғалыста болып, денсаулығына бір шама пайдалы әсері тиеді.
Мұнымен қоса құстарды қалың жиналмайтын төсенішті едендерде ұстау кезінде айтарлықтай кемшіліктер кездеседі. Біріншіден бұл тәсілмен ұстаған кезде, құстар белгіленген ұяларға жұмыртқаламай еденге түсіріп, олар ластанып тек тағамдық қана емес инкубациялық сапасын төмендетеді және жұмыртқаларды жинау қыйынға түседі. Екіншіден, құстардың саңырық араласқан төсеніштермен ылғый денесі түйісіп, шоқып жеп альминтарлы (іштен) инфекцияға және инвазиялық (құрт) ауруларға шалдығуына қауіп төндіреді. Үшіншіден, құстарды бұл тәсілмен ұстағанда төсенішті ұзақ алмастырмағанның нәтижесінде, онда улы газдардың мөлшері көбейіп кетпеу үшін өте көп жаңа төсеніш қоры қажет болады (жылына әр құсқа 5-6 кг).
Құстарды сырықты (планчатты) едендерде ұстау тәсілі кезінде арнайы ағаш сырықтардан құрылған (размері, көбінесе 2 м × 3 м) рамаларды қоралардың еденінен 80-85 см биіктікте, көлдеңнең орналастырады. Рамаларды жасауға қалыңдығы 1,5-2 см, жалпақтығы 4-5 см ағаш сырықтар (рейка) алып, құс саңырығына бөгет болмау үшін үстіңгі бетін тегіс, қырларын жұмырлап үстіріктеп, бір-бірінен 2,5-3,0 см қашықтықта орналастырады. Мұндай едендердің арасынан құс саңырағы астындағы бетондалған арыққа түсіп, одан механикалық түрде арнайы сырғыш-қырғыш құрылымдардың көмегімен тазаланып отырады.
Сырықты едендерде ұстағанда құстарға төсеніш қажет болмайды және олардың дем алып отыруына арнайы қондырғылар қаралмайды, құстардың саңырығы еден тесігінен төмен түсіп кетеді де, олардың денесі таза болып, ауру жұқтыру қаупі төнбейді және құстардың орналасу сиымдылығы жоғарлайды. Бірақ, мұндай артықшылығымен қатар айтарлықтай кемшілігі болып, бұл сырықтан жасалған едендердің сыртқы әсерлерге құс саңырықтарына төзбей, тез істен шығып, жарамсыздануы саналады.
Құстарды тор көзді едендерде ұстау - басқа түрлеріне қарағанда тиімді болып есептеледі.
Ол үшін аса берік, ауыр салмаққа иіліп кетпейтін, сыртқы әсерлерге төзімді, әсіресе химиялық заттар мен газдарға, тот баспайтын (цинкпен, полиэтиленмен, резинамен қапталған) сымдардан ара қашықтықтары (тесігі) 3,5 × 3,5 см төркөздер (сетка) жасалып, жерден 60-70 см биіктікте, керіп орнатылады. Олардың астында көң жиналатын бетондалған арықтар жасалады. Бұл тәсілдің сырықты едендерден артықшылығы сыртқы факторлардың әсеріне төзімділігі болса, кемшілігі ұзақ уақыт құс салмағына шыдамай, еден иіліп, салбырап кетеді де, оны жиі керіп отыруға қосымша еңбек жұмсалады және құстардың дем алып отыруына арнайы қондырғылар қаралуға тура келеді.
Арнайы клеткаларда құстарды ұстау тәсілі құс шаруашылығында, әсіресе ірі өндірістерде (фабрикалар) кең таралған. Бұл тәсілмен ұстау кезінде арнайы клеткалы батареялар (тізбегі) жасалып қораның ішіне бірден бес қабатқа дейін аралықтарынан жол қалдырып орналастырылады. Ол үшін құстарды жекелеме, шағын топпен (2-10 басқа дейін) және ірі топпен (бірнеше ондық) ұстауға арналған цинкпен көмкерілген сымдардан клеткалар жасалып тізбектеп орналастырылады.
Кәзіргі кезде клеткалы батареяларда барлық негізгі технологиялық процесстер: азық жеткізу, суару, жұмыртқа жинау, саңырық тазалау, жуу, дезинфекциялау т.б. механикаландырып және автоматтандырылған. Клеткаларды қорада орналастырылуы тігінен және сатылы немесе каскадты жасалады. Құстарды клеткалы батареяларда ұстағанда, олардың орналасу қабатына байланысты, еденде ұстағанмен салыстырғанда 2-4 есе, қораның сиымдылығы артады. Онымен қоса клеткалы батареяларда құстарды ұстау кезінде жұмыртқалаудың жыл мезгілдеріне бөлінуі жойылады, өндірістің санитарлық жағдайы жоғарлайды, құстардың денсаулығын мезгілді бақылап отыруға қолайлы болып, азық шығыны кеміп, оларды ұстап ветеринариялық-зоотехникалық жұмыстарды жүргізуге мүмкіншілік туады. Клеткалы батареяларда ұстағанда технологиялық процессті механикаландыру және автоматтандырудың нәтижесінде еңбек өнімділігі жоғарлайды.
Құстарды клеткалы батареяларда ұстаған кезде тек қана оларды мол, құнарлы азықтармен қамтамасыз етудің ролі артпай, қорадағы микроклиматты, оның ішінде, жарықтану режимін қалыптаудың маңызы жоғарлайды.
Құнарлы азықтармен азықтандырып клеткалы батареяларда ұстаған құстардың, басқа серуенді тәсілмен салыстырғанда, жұмыртқаларының химиялық құрамы, биологиялық бағасы және тағамдық қасиеттері кем болмайды.
Құстарды клеткалы батареяларда ұстап, өсіріп-бағу оларды едендерде ұстау тәсілдерімен салыстырғанда айтарлықтай өзгешеліктері болады.
Құстарды клеткалы батереяларда ұстағанда, олардың қозғалысы шектеледі және ондай тәсілмен ұстауға дағдыланбаған тұқымды құстар семіріп, кейбір органдарының қызметі бұзылып, жұмыртқалау қабілеті төмендейді. Сондықтан, клеткалы батереяларда ұстау тәсілдерін дамытумен қатар, ондай жағдайда ұстауға бейімдеуге арналған селекциялық жұмыстар жүргізілуі керек.
Құстарды бір жерден ауыстырмай ұстап өсіруді көп сатылы (фазалы) түрімен, яғни жас құстарды жиі орнын алмастырып отырып өсіргенді өндіріске енгізеді. Бірақ құстарды мезгіл-мезгіл орын ауыстырып өсіру кезінде оларға әртүрлі стресс факторлар әсер етіп, олардың тәбеті төмендеп, төзімділігі нашарлап, өнімі азайып және еңбек шығынын арттырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет