Мазмұны: I. Кіріспе II. Негізгі бөлім


Құс өндірістеріндегі ветеринариялық-санитарлық режим



бет3/6
Дата07.02.2022
өлшемі53,23 Kb.
#94529
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жасулан-Гигиена

2.2.Құс өндірістеріндегі ветеринариялық-санитарлық режим
Құс қораларын қарқынды пайдаланып, оларды шағын жерге топтастырып, жыл бойына балапан алып (инкубациялау) және жас құстарды өндірістік технологияда өсіру, ондағы ветеринариялық-санитарлық режимге жоғарғы талаптар қоюды қажет етеді.
Ірі құстардың өндірістерін (фабрикалар) жобалап және салу кездерінде ветеринариялық қорғау аймағы мен зоотехникалық-ветеринариялық ара қашықтығы белгіленген нормативтерге сүйенеді.
Ірі құс өндірістерінің аймағын (территориясын) бірнеше бөлікке (зонаға) бөледі: өндіріске арналған; шаруашылық басқаруға (хозадминстрация); азықтарды дайындау және сақтау; өндіріс қалдықтарын (көң) өңдеп және сақтау.
Ірі құс фабрикаларында өндіріс зонасын қосымша технологиялық және қосалқы зонаға шектейді. Ірілендірілген (аналық жұмыртқалайтын құстарсыз) өнімдік фабрикалар мен еттік және жұмыртқа алу бағытындағы фермалар қуаттылығы 300 мың жұмыртқалайтын тауықтар, 1 млн еттік шыбилар (бройлер), 500 мың үйрек, 200 мың қаз және күрке тауық еттік балапандары және 400 мыңға дейін өнімге арналған жас құстарды бір аймақта ұстап, бірақ бір-бірінен 60 м таяу емес қосалқы зоналарға бөлектеп орналастыруға рұқсат етіледі.
Тұйық цикілді өнімдік өндірістер және жоғарыда көрсетілгеннен қуаттылығы артық ірілендірілген ет және жұмыртқа алуға арналған өндірістерді жобалағанда әр зонаға әртүрлі құстар топтарын орналастырып, ал зоналардың арақашықтығын 300 метрден кем қалдырмау қажет. Мұндай кездерде өндірістік зоналарды қосалқы (подзона) зоналарға бөлу үшін әрбір қосалқы зоналарда мына мөлшерден артық болмауы керек (мың бас): өндірістік табынның тауықтары – 350; жұмыртқалайтын тауықтар табыны – 50, өнімдік жас құстар (ремонт) өндірістік табыны – 200, өнімдік жас құстар жұмыртқалайтын табында – 100, етке өсіретін балапандар – 250, қаз, үйрек, күрке тауық жұмыртқалайтын табында және осылардың өнімдік (романт) жас құстары – 20, етке арналған үйрек балапандары – 200, қаз және күрке тауық етке арналған балапандары – 100.
Әрбір қосалқы зоналардың арасындағы зоотехникалық-ветеринариялық қашықтық 60 м кем болмауы керек.
Жаңадан салатын және қайталап тұрғызатын өнімдік өндірістері, егер жылдық қуаттылығы 600 мың, одан да артық жұмыртқалайтын тауықтарға, немесе 6 млн. бройлер-балапандарға арналған болса, әртүрлі зонада әр технологиялық құстар тобын орналастыруды жобалап және 1 км жақын емес инкубатормен сою цехін салады.
Қосалқы зонадағы құстардың жастарының айырмашылығы балапан-шыбыйлар үшін – 1 аптадан, үлкен құстарға 2-3 аптадан артық болмай, зоналардың зооветеринариялық арақашықтығы – 60 м кем болмайды. Кезекті құстар партияларын қораларда орналастырар алдында цикілдік сақтандыру үзілістерінің ең минималды (төменгі) уақыттары мына төмендегідей:
-Барлық құстар түрінің үлкендері мен өнімдік жасы 9-аптадан, жоғарыларын едендерде ұстағанда – 4 апта;
-Барлық құстар түрлерін және 9-аптадан асқан өнімдік жас құстарды клеткалы-батареяларда ұстағанда – 3 апта;
-Едендерде және клеткада өнімдік және еттік 9 аптадан асқан жас құстарды ұстағанда әр циклден соң – 2 апта;
-Үйрек балапандарын (4-аптаға дейінгі) өсіргенде әр циклден кейін – 1 апта және жыл аяғындағы циклден соң қосымша үзіліс – 2 апта.
Инкубаторларда профилакториялық (сақтық) үзіліс жұмыртқаны басуға салумен балапанды соңғы шығарудан соң жылына 6 тәуліктен кем емес, ал балапан шығару залында әр кезекті балапандарды шығару партиясында 3 тәуліктен кем емес үзіліс беріледі.
Әрбір профилактикалық үзілістер кезінде құс қораларына санация жасалады. Оған мыналар жатады: механикалық тазалау, жуу дезинфекциялау, жеңіл жөңдеу жұмыстары (ремонт) және қораның таза «демалысы».
Профилактикалық үзілісті қорадан құстардың ақырғы партиясын шығарудан бастап оны қайта жаңа партиямен толтырғанға дейін есептеп, ол кезде қора бос болып, соңғы дезинфекциялаудан кейінгі профилактикалық үзіліс 2 апта болса – 5 тәуліктен кем емес, ал профилактикалық үзіліс 3-4 апта болса – 7 тәуліктен кем болмайды да, соңынан қораға құстардың жаңа партияларымен толтырады.
Ірілендірілген құс өндірістері (специлизированный) жабық режимді өндірістер қатарына жатқызылады. Ондағы жұмысшыларға өндіріс территориясына арнайы санитарлық өткелден (сан пропускник) ғана кіреді де, көліктер – дезинфекциялау блогінен (орын) өткізіледі. Өндіріс зонасына кірерде жұмысшы санитарлы өткелде өз киімдерін арнайы (спец.) киімдермен ауыстырады.
Жабдықтар, құралдар, арнайы киімдер, аяқ киім т.б. заттар белгі салынып (марка) әр цехқа, залға (бөлме), құс қораға бекітіліп қойылады. Ол заттарды бір цехтан (қорадан, бөлмеден) екіншіге ауыстыруға рұқсат етілмейді. Өндіріске қайтадан келіп түскен жабдықтарды міндетті түрде механикалық тазалаудан өткізіп, жуып және дезинфекциялап барып өндіріс территориясына жібереді.
Құс қораларына, инкубаторға, сою және азық цехтарына, қоймаларға тағы басқа бөлмелерге кіретін есіктердің алдына аяқ киімдерді дезинфекциядан өткізу үшін ені есік еніндей, ұзындығы 1,5 м ойық жасап, ішіне жеңіл материал (ағаш ұнтағы) толтырып, дезинфекциялық ертінді мен шылап, мезгіл-мезгіл жаңартып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет