Мазмұны: I. Кіріспе II. Негізгі бөлім



бет5/6
Дата07.02.2022
өлшемі53,23 Kb.
#94529
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жасулан-Гигиена

2.4.Балапандардың гигиенасы
Басылып шыққаннан соң жаңа партиясын қабылдаудың алдында қораны оның ішіндегі жабдықтарды түгелдей мұқият тазалап, дезинфекциялаудан өткізеді және ол кезде профилактикалық үзілістердің мезгілдерін сақтауды қадағалайды. Балапандарды клеткаларға орналастырмастан бұрын керекті биіктікте азық және су науаларын орнатады (су үшін таяз табақшалар қойылады) да клеткалардың астына, балапандар аяғын жарақаттамау үшін, қатты қағаз (картон) төсейді.
Балапандарға жасалған, алғашқы күндердегі күтім мен көректендіруі, олардың өсіп дамуына және алдағы өнімділігіне үлкен әсерін тигізетіндігі белгілі. Әсіресе осы алғашқы екі апта бойына оларға қалыпты температуралық режим жасау қажет. Балапандарды қабылдаудан 3-4 тәулік бұрын қорадағы жылыту жүйелерінің жұмысын тексереді де, балапандарды орналастырудан 2 тәулік бұрын олар тұратын бөлмелердің ауасының температурасымен ылғалдылығын қалыпқа келтіріп қояды. Балапандардың алғашқы 2 апталық кезінде организмдерінде жылу қалыптау (терморегуляция) процесстері жұмысты жеткілікті түрде жасай алмайды да, сәл температураның ауытқып, өзгеруі оның денесіне зиянды әсерін тигізеді де ауру тудырады, өлім-жітімге ұшыратады.
Балапандар бір-біріне тығылып, тар жерге жиылып, бүрісіп және шиқылдаған дыбыстар шығарса, ауа температурасының төмен екендігін көрсетеді де, оларды жылыту керек екенін білдіреді. Егер балапандар клетканың алдыңғы жағына жиналып, жиі-жиі дем алып, аузын ашып, суды көп ішсе, оларға температураны төмендету қажет екендігін көрсетеді. Бірақ ауа температурасын олар үшін өте шұғыл өзгертуге болмайды. Жоғары және төменгі температуралардың бір-біріне ауысуы, олардың өсіп-дамуын екі есе тежейді.
Құс қораларын арнайы автоматты түрде басқарылатын желдеткіштермен қамтамасыз етіп, ондағы микроклиматтың негізгі көрсеткіштерін қалыпты межеде ұстап тұруы қажет.
Балапандарды өсіру кезінде олардың жарықпен қамтамасыз етуі өте үлкен роль атқарады. Жарықтандыру режиміне байланысты балапандардың дамуы сатысында, жарықтандырудың ұзақтығы белгіленген бағдарлама жасалады.
Жас құстарға арналған қоралардың жарықтануын қалыптау арқылы, олардың жыныстық жетілуін тездетіп немесе тежеу арқылы жұмыртқалауын керекті бағытта жүргізуге болады.
Жас өнімдік құстарды өсіру кезінде оларға берілетін тәуліктік жарықтың мөлшері 8-9 сағатқа дейін белгіленсе, жұмыртқалайтын құстар үшін 17-18 сағаттан кем болмауы көзделеді. Мұндай жарықтандыру режимі жас шібилердің өсіп-дамуына бөгет болмай, ал мезгілсіз жыныстық жетілуін тежеп, олардың алдағы өнімділігінің жоғарлауына жағдай жасалады. Жарықтандыру мерзімінің ұзақтығы автоматты құрылымдардың көмегімен бекітілген бағдарламаға сәйкес басқарлып отырады. Балапандардың алғашқы екі аптасында олар тұрған орын жарық (50 люкстен төмен емес) жан-жағын жобалап, азық жеп және су ішуіне жағдай жасалады. Екі апталық жасынан кейін балапандарға жарық беруді біртіндеп азайта бастайды (10 лк). Балапандардың басылып шығысымен неғұрлым ерте азықтандырса, солғұрлым жұмыртқа сарысы (желток) тез ыдырап, балапандардың өсіп-дамуы артып, сақталу пайызы жоғарлайды.
Балапандарда алғашқы төрт тәулікке дейін арнайы жасалған рационмен (нольдік) азықтандырады. Оның құрамына тез сіңірілетін көректі заттары бар ұнтақталған, түйірі 1-2 мм бидай, жүгері, бұршақ, құрғақ обрат т.б. кіреді. Бұл нолдік рационның құрамына минералды заттар (мел, сүйек ұны т.б.) енгізілмейді.
Ұлғайған балапандар мен ересек құстарға толық құнарлы құрама азықтармен көректендіріп, оның құрамына жүгері, бидай, арпа, тары, жарма, күнбағыс шроты, балық және ет-сүйек ұндары, құрғақ обрат, шөп ұны, витаминдер, лизин, метеонин, антиоксидант, кокцидиостатиктер, микроэлементтер т.б. қосылады.
Балапандардың қалыпты өсіп-дамуын бақылау үшін оларды белгілі бір жастарында: тәуліктік, 4, 9, 13, 17 және 21 апталық кездерінде өлшеп, оның нәтижесін стандартты көрсеткіштермен салыстырады.
Жұмыртқалау басталған кезде жас табынның 10-15 %-ын ірі тұқымды құстарға арналған құрама азыққа біртіндеп ауыстырады. Ол үшін 1-ші аптада жас шибиларға құрама азықтың ірі құстарға арналған жем мен 25 %, екінші аптада – 50 %, үшіншіде – 75 %, ал төртінші аптадан бастап, егер табын бойынша жұмыртқалау 35-50 % болса, толықтай үлкен тауықтардың рационына ауыстырады.
Жас құстарды көп сатылы (фазалы) тәсілмен өсіру кезінде оларды қайта ауыстырып орналастыру технологиясы қолданылады. Жас құстарды ұстағанда оларды жарақаттап алмай және жаңа орындарға үркітпей сақтықпен ауыстырады. Ондай күндері олардың арасында күйзеліс жағдай туғызбау үшін, басқадай шаралы жұмыстар жүргізілмейді.
Жас құстарды ауыстырып орналастыру технологиясының 60, 90 және 140 күндіктеріндегімен салыстырғанда 120 тәуліктік жасындағы шыбилар сыртқы ортаның әртүрлі факторларына төзімді болатындықтан, бұл мезгілде алмастыру тиімді болып саналады.
Құстарды бір орыннан ауыстырып орналастыру кезінде олардың организміне негізгі үш стрессор факторлар әсерін тигізеді. Олар біріншіден құстарды ұстау кезінде пайда болатын фактор, екінші – басқа қораға – клеткаларға апару, үшінші – жаңа орындағы жағдайдың сәйкеспеуі. Еттік балапандарды (бройлер) өсіру технологиясының ерекшелігі болмайды. Оларды қалың төсеніште және клеткалы батареяларда өсіреді: Бройлерлерді ірі партиялармен (10 және 20 мыңнан) қалың жиналмайтын төсеніштерде өсіру үшін арнайы құрылымдарды «Бройлер-10» және «Бройлер-20» пайдаланады. Әрбір белгіленген бройлер құрылымға бір жастағы құстарды 500 бастан бөліп, арнайы жылытқыш «Брудерлерге» орналастырады.
Жылытқыш электр-брудерлерден балапандардың шығып кетпеуі және суыққа ұрынып қалмауы үшін оның шетінен 60-70 см алшақтықта арнайы материалмен (комплектідегі) қоршайды. Балапандарды бұл кездерде арнайы арықша науалардан немесе арнайы вакумды автосуарғыштардан суарады.
Балапандарды басып шығарғаннан кейін 8-12 сағаттан кешіктірмей азықтандырып, суғарады. 4-10 тәуліктен соң қоршауды алып тастап, автоматты азықтандырғыштар мен ағын суарғыштарға еркін баратын жол ашады. Ол кезде брудерлерді көтеру уақытын, мұқият балапандардың жасына қарай, қадағалап, қалыпты температураны ұстап отырады.
Балапандарды алғашқы өсіру кездерінде күніне бірнеше рет брудердің қалқаншасын көтеріп немесе түсіріп отырып оның астына көмірқышқыл газының жиналып қалмауы үшін, желдетіп отырады.
Бұл кезде әлсіз, өсуі тежелген балапандарды іріктеп бөліп алып отырады.
Еттік балапандарды тәуліктік жасынан бастап сеткалы (торкөзді) едендерде брудерсіз ұстап өсіру де қолданылады. Бұл кездерде құс қораның ауасының температурасы алғашқы 5 тәулік бойына 32-34ºС ұстап тұрады. Еттік бағыттағы балапандарды сеткалы едендерде ұстап өсіргенде оның бір артықшылығы союға жіберілетін шібиларды тасымалдау оңай механикаландырылады. Етке бағытталған балапандарды клеткаларда өсірген кезде, олардың орындарының сиымдылығы құстың тұқымы мен жасына байланысты өзгерісте болады. Бройлерлік балапандарды клеткада өсіргенде өндірістік қора бөлмелерін пайдаланудың тиімділігі 3-4 есе жоғарлайды, 1,4-1,5 есе еңбек өнімділігі артады.
Бройлерлі балапандарға рационды екі мезгілге жасайды: бірінші 1-4 аптадағылар үшін – бастама (стартты) рацион, екінші 5 апталық жастан соң сөре (финишті) рационы.
Бройлері балапандарды орындарын ауыстырмай өсіру үшін арнайы типті клетка батареяларын пайдаланады. Бройлер-балапандарды ұстау және тасымалдау ережелерін мұқият сақтау қажет құстарды ұстау және тасымалдау кездерінде денелерінде көптеген жарақаттар түсіп, оларды сойғанда тері астында қан құйылған, ісіктер кездесіп, кейде сынықтарда байқалып, өнімінің сапасын төмендетеді. Құстарды қуып ұстау, тасымалдау кездерінде олар күйзеліске (стресс) ұрынып, бұлшықеттер арасында глюкогендердің ыдырауы күшейіп, еттің РН (қышқылдығы) жоғарлайды да ет тығыз, құрғақ, қатайып және қызыл-күрен түске боялады. Ондай етте шірік микроорганизмдер өсіп-өнеді де етті ұзақ сақтауға жарамсыз жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет