§11. Шектің тербелісі. Екі ұшы бекітіліп тартылған шекте көлденең толқынды қоздырғанда тұрғын толқын пайда болады, әр шектің бекітілген жерлерінде түйіндер о рналасады. Сондықтан шекте, шек ұзындығында жарты толқын ұзындығы бүтін сан рет орналасқан тербелістер ғана елеулі интенсивтілікпен қозады (11 – сурет). Осыдан
(11.1)
жарты шығады, мұндағы l – шек ұзындығы (11.1) толқын ұзындығына
жиіліктері сәйкес келеді ( - шектің керілу күші мен ұзындық бірлігінің массасы, яғни шектің сызықтық тығыздығы бойынша анықталатын толқынның фазалық жылдамдығы).
п жиіліктері шек тербелісінің меншікті жиіліктері деп аталады. Меншікті жиіліктер негізгі жиіліктер деп аталатын
жиіліктеріне еселенеді. п 2, 3, .... жиіліктеріне сай келетін жиіліктер обертондар (бірінші обертон п 2 – ге, екіншісі п 3 – ке және т.б. сәйкес келеді) деп аталады. Жалпы жағдайда шек тербелістері меншікті жиіліктері әр түрлі бірнше тұрған толқындардың қабаттасуынан да болуы мүмкін.