Мазмұны I. Кіріспе. ІІ. Құстарға биологиялык; сипаттама



бет2/5
Дата31.01.2018
өлшемі2,48 Mb.
#37195
1   2   3   4   5

Тыныс органдарының - өзіндік ерекшелігі және ауада ұшуға ыңғайлылығы, басқа ішьсі органдарға қарағанда анағұрлым күштірек және өте айқын көзге түседі.

Көмекей саңылауы кеңірдекпен жалғасады, оның жоғарғы бөлімін көмекей деп атайды. Көмекей бір оймақ тәрізді және екі ожау тәрізді шеміршектен тұрады. Бұл жоғарғы көмекейдің дыбыс шығаруға ешбір қатысы болмайды.

Дыбыс шығару қызметін төменгі көмекейдің атқаруы тек қана құстарға тән ерекшелік. Төменгі көмекей кеңірдектің екі өкпеге тарамдалатын жеріне орналасады, оған тірек болатын сүйек тектес сақина бар.

Көмекей қуысына, оның сыртқы жағынан келетін сыртқы дыбыс жарғақтары болады, ал осы жерде кеңірдектің төменгі тарамдалған жерінен ішкі дыбыс жарғақтары да келіп түйіседі. Дыбыс жарғақтары бекіген, арнаулы еттердің жиырылуынан, яғни тітіркенуінен олардың формалары және қалыптасуы өзгереді де, дыбысы түрліше құбылып шығады.

Құстардың өкпесі амфибилердің және кейбір рептилилердің өкпесі сияқты қуыс қапшық емес, тығыз көпіршікті дене тәрізді болып, көкірек қуысының арқа жақ қабырғасына бекиді. Бронхылары өкпе ішіне еніп, бірнеше ұсақ тарамдарға бөлінеді. Олардың кейбір салалары өкпені тесіп өтіп, ауа қапшықшалармен жалғасады. Бронхылардың тарамдары өз ара нәзік түтіктер — парабронхалар, арқылы қосылады. Олардан бірнеше тұйық бітетін түтіктер тарайды, оны бронхиолдар деп атайды. Бронхылардың тарамдары өз ара нәзік түтіктер — парабронхалар, арқылы қосылады. Олардан бірнеше түйық бітетін түтіктер тарайды, оны бронхоилдар деп атайды. Бронхиолдардың айналасына қан капиллярлары шоғырланады.

Жоғарыда айтылғандай, бронхылардың тарамдары жұқа қабы бар, ауа қапшықтарын қүрайды. Мұндай ауа қапшықтарының көлемі, өкпенің көлемінен бірнеше есе үлкен болады. Ауа қапшықтары түрлі ішкі органдардың аралығына орналасады. Олардың түтіктері бұлшық еттердің араларынан өтіп, тері астын қуалап орналасады және сүйектердің қуыстарына да енеді. Құстардың денесінде болатын ауа қапшықтары мойын бөлімінде екеу, бұғана аралығында біреу, кеудеде 2-3 пар және құрсағында үлкен 1 пар болады.

Ауа қапшықтарының ең басты маңызының бірі құстар ұшқанда, олардың тыныс алу механизмін реттейді.

Жерде отырғанда құстарда кеуде қуыстарының үлкейіп және кішіреюі арқылы тыныс алады. Құстар ұшқанда кеуде еттері керіліп тұрады, сондықтан көкірек бөлімінің көлемі үлкейіп немесе кішіреймейді. Міне, осы кезде құстар ауа қапшықтарындағы ауалармен және солардың әрекетімен тыныс алады. Құстар қанаттарын көтергенде, ауа қапшықтарының көлемі үлкейіп, ішіне өкпе арқылы ауа толады, ал қанаттарын төмен түсіргенде ауа қапшықтарының көлемі кішірейіп, ауа өкпе арқылы сыртқа шығады. Ауа қапшықтарының ішінде ешбір газ алмасу болмайды. Анығырақ айтқанда, құстар денесіне ауа ендіргенде де және шығарғанда да қанда ұдайы тотығу процесі болып отырады. Бұл құбылыс қос тыныс деп аталады. Мұндай жағдай құстардың ұшу кездерінде, денесінің тез қимыл жасауына байланысты, газ алмасу процесін тездетеді. Ұшқанда құстардың тыныс алуы олардың қанатының қимылының шапшаңдығына байланысты. Неғұрлым құс қанатын тез сермеп, тез ұшатын болса, соғұрлым тыныс алуы күшейеді. Сондықтан да құс жоғарылай ұшқанда тұншықпайды.



Қан айналу органдары. Құстардың жүрегі төрт бөлімнен тұрады. Оның жоғарғы екеуін жүрекше, ал төменгі екі бөлімін қарыншасы дейді. Өкпеде тотыққан қан өкпе венасы арқылы сол жүрекшеге, одан сол қарыншаға құйылады. Сол қарыншадан жалғыз оң жақ қолқа шығып, өз тарапынан екі атсыз артерияға тарамдалады, ал қолқаның негізгі бөлімі оң жақтағы бронханы айналып, дененің арқа бөліміне қарай созылып барып, оған ішкі органдардағы артерияларға тарамдалады да омыртқа жотасының астыңғы жағын қуалай отырып, арқа қолқасына айналды. Сегізкөз тұсына барғанда арқа қолқасынан сан және шақ қос артериялары тарамдалып шығады да, қолқаның өзі кішкене құйрық артериясына айналады және ол құйрықтың ұшына барып бітеді.

Диаметрі қолқадан кеңірек болып келетін, өте үлкен атсыз артериялар, бас бөліміне қан апарушы - ұйқы артериясына және өте үлкен кеуде еттеріне баратын көкірек артериясына тарайды. Жүректің оң жақ қарыншасынан бір ғана сабақпен басталатын қолқа келешекте екі өкпе артериясына тарамдалады.



Құйрық венасы екі бүйрек қақпа жүйесінің капиллярына қанның барлығы тұтас енбейді. Қанның біразы бүйрек денесіндегі арнаулы түтіктермен өте шығады. Бүйректен шыққан қан тамырлары сан веналарымен қосылып мықынның қос веналарын құрайды. Бұл екі қан тамыры қосылып, дененің артқы бөлімінің негізгі вена сабағына — артқы қуыс венаға айналады. Ішкі органдардан жиналған вена қандары құйрық - шарбы венасына әкеліп құйылады. (V соссуgео - mesenterica), ал дененің құрсақ бөлімінің - ішкі жақ қабырғасынан қан ішек - ұсті венасына (Ү.epigastrica) келіп құйылады. Бұл екі веналар бауырдың қақпа венасына қосылады. Бауырдан шыққан қан бауыр веналарымен (V. hepitica) ағып артқы қуыс венаға келіп құйылады. Сонымен денесінің артқы бөлімінен жиналып келген вена қаны артқы қуыс вена арқылы жүректің оң жүрекшесіне келіп құйылады.

Шықшыт веналары бұғана асты веналарымен қосылып алдыңғы қос қуыс венаға айналады. Бас жақтан жиналған қан осы веналар арқылы оң жақ жүрекшеге келіп құйылады.

Құстарда артерия және вена қан тамырларының өз алдына жіктелуінің нәтижесінде барлық органдары артерия қанымен қамтамасыз етіліп отырады. Осы жағдайға сәйкес және қан ағысының тездігіне, ал онымен бірге зат алмасуының жеделдігіне байланысты құстардың денесінің температурасы жоғары болады (42°).



Нерв системасы. Рептилилермен салыстырғанда құстардың орталық нерв системасы біршама күрделі. Бұл құстардың тіршілік еткен ортасымен қарым-қатынасының күрделігіне байланысты. Миы үлкен, әсіресе алдыңғы ми сыңары басқа ми бөлімдерінен айырықша үлкен. Бірақ, рептилилердікі сияқты алдыңғы миының көпшілік бөлімі жолақ денеден құралған. Ми сыңарының үстіңгі бөлімі (крыша) сүтқоректілердікіне қарағанда нашар дамыған, ол негізінде бірінші реттегі даму дәрежесінде болған алғашқы күмбез (archipallium) деп аталатын түрінде сақталған. Бас миының көру бөлімі және мишығы соншалықты үлкен, керісінше иіс бөлімі өте кішкене болады. Аралық миы мен эпифизі нашар дамыған, гипофиздің жігі жақсы көрініп тұрады. Мишықтың үлкендігінен ортаңғы мидың көру бөлімі бір бүйіріне таман ауысып орналасқан. Мишық үстіңгі жағынан алдыңғы ми сыңарларымен түйіседі де, арт жағынан сопақша миды бүркеп жауып жатады. Мишықтың ортаңғы бөлімі негізінен құртша (vermes) деп аталатын, көлденең орналасқан сайлары бар түбір бөлімнен тұрады. Құстардың бас нервтері он екі пар болады.

Жұлыны иық және бел маңайында, рептилелердегі сияқты жалпақ болады.



Сезім органдары. Құстардың есіту органдары рептилилердікі сияқты ішкі және ортаңғы құлақтан тұрады. Бірақ, құстардың құлақ қуысы рептилилердікінен гөрі күрделі. Евстахиев түтігі жұтқыншақ қуысына жалпы бір тесікпен келіп жалғасады. Есіту сүйегі біреу болады, дабыл жарғағы тері жамылғысының астында, сыртқы құлаққа ұқсас ояздау жерге орналасқан. Кейбір түн құстарында (үкілерде) бұл ояз жердің қуысы үлкен, оның айналасында дыбысты күшейтуге бейімделген жұқа тері қабаты болады. Жалпы алғанда, құстар жақсы естиді, Құстардың құлағы, көзімен бірге негізгі органдары болып саналады. Құстар өздеріне төнген қауіп-қатерді ең алдымен құлақтары арқылы сезеді.

Құстардың көру органы да жақсы дамыған: әсіресе, түн құстарының және қыран құстардың көз алмалары үлкен. Көзі кірпік еттерінің әсерімен көз хрусталигінің формасын өзгерту арқылы және көз алмасымен оны қоршап тұрған белокты қабығының формасын өзгертетін сақиналы бұлшық еттердің әрекетінен (хрусталикпен тор қабықтың арасының қашықтап және жақындауына байланысты) көретін болады. Құстарда төменгі және жоғарғы қабықтардың болуымен бірге, көздерінің алдыңғы ішкі бетінде бекіген, бүкіл көзін жауып тұратын үшінші қабағы да болады.

Құстардың кейбір түрлерінде ғана иіс органы жақсы дамыған, мысалы, Жаңа Зеландияның кивилар дейтін құсында; басқа құстармен салыстырғанда түтік тұмсықтылардың, үйректердің, тазқаралардың жылқышылардың иіс органдары жақсырақ дамыған.

Зәр шығару органдары. Құстардың ұрықтарында мезонепрос-дене (mesenephros) бүйрегі болса, ересектерінде метанепрос-мықын бүйрек деп аталатын бүйрегі (metanerhros) болады. Әр бүйректен клоаканың орта бөліміне барып ашылатын несеп түтігі шығады. Ересек құстардың қуығы болмайды; ал ұрықтарында, рептилилердің ұрығында болатын — аллонтоис сияқты қуық болса, тіпті кейбір құстарда бір жасқа дейін қуықтың бүйрегінің көлемі, рептилилер мен сүт қоректілердің бүйрегінен де үлкен болады. Құстар бүйрегінің үлкен болуы, олардың денесінде зат алмасу процесінің актив жүруіне байланысты.

Құстардың несебінде белокты заттың қалдығы көп болады және сүт қоректілердегідей мочевинадан тұрмай, негізінен несеп қышқылынан тұрады.



Несебі зар шығару системасы арқылы тез ағып өтеді. Ол несеп қышқылының нашар еритіндігінде. Өйткені нәтижесінде пайда болған несеп тұздары несеп жолдарын бітеп тастауы мүмкін. Бұл құстарда қуықтың болмауына әкеліп соғуы ықтимал. Құстарда зәрмен бөлінген судың мөлшері аса көп болмайды. Себебі, клоакадан зәрдің құрамындағы су сүзіліп организмге қайтады.

Бұл жағдай құстарда тері арқылы судың буға айналмауына байланысты, құстардың суды азғана мөлшерде қабылдауына әкеліп соғады. Жыртқыш құстардың көпшілігі және кейбір торғай тәрізділер тіпті су ішпейді.

Жыныс органдары. Аталық жыныс бездері бұршақ пішіндес, екі бүйрегінің үстіңгі жағында шарбы майына ілініп тұрады. Жыл маусымының өзгеруіне қарай, олардың көлемі де өзгереді. Мысалы, көбею кезінде қара торғайдың жыныс безі алғашқы көлемінен 1500 есе үлкейеді. Аталық жыныс безінің ішкі жағындағы жиегінде жетілмеген өсінді қосалқысы (epididymis) болады, ол ұрықтың дене бүйрегінің алдыңғы бөліміне ұқсайды. Олардың әрқайсысынан тұқым түтігі шығады (vas deferens) да ол несеп ағармен қатарласа отырып, клоакаға барып енеді. Кейбір түрлерінде бұл түтіктер клоакаға құяр алдында аздап кеңейіп, тұқым қалтасы деп аталатын қуысты құрайды.

Шағылыс органы кейбір құстарда ғана болады. Клоаканың жиегінің өсуінен пайда болған шағылыс органы қаз тәрізділерде, тырналарда және түйе құстарда болады. Құтандарда, дегелектерде де, қоқиқаздарда да және дуадақтарда шағылыс органының жұрнағы сақталады. Бұлар шағылысқанда еркегінің спермасы ұрғашысының клоакасының ішіне құйылады.

Көптеген құстардың ұрғашысының жыныс органы сол жақ аналық безі мен сол жақ жұмыртқа жолынан тұрады да асимметриялы болып орналасады. Оң жақ аналық безі кейбір ғана құстарда: күндізгі жыртқыштарда, үкілерде, гагарларда, тотыда жақсырақ дамыған. Бұл құстарда оң жақ жыныс безі қаншама жақсы жетілсе де, олар әрқашанда қызмет атқара бермейді. Оң жақ жыныс бездерінде жұмыртқа жетілгенімен, ол сол жақ жұмыртқа жолы арқылы сыртқа шығады.

Ұрғашыларының оң жақ аналық безінің нашар дамуы құстардың қатты қабықты, өте ірі жұмыртқа тууына байланысты болуы мүмкін. Тұқым жолымен жұмыртқа өте баяу қозғалады, яғни 1-2 тәуілікке созылады.



Аналық безінің (ovaria) басқа органдар сияқты белгілі дұрыс пішіні болмайды. Жұмыртқа жолының (tubae uterinae) бір ұшы клоакаға келіп ашылады да, екінші ұшы воронка арқылы дене қуысына келіп ашылады. Жетілген жұмыртқа, дене қуысынан түтіктің воронкасына түседі де, оның бойымен қозғалады. Нағыз жұмыртқа жолы бірнеше бөлімдерден тұрады. Бірінші бөлімі (pars albuminifera) — ең ұзыны, ішкі қабырғасында белокты заттар шығаратын бездері болады, осы бөлімінде тауықтардың жұмыртқалары 3-6 сағат болады және оның сырты қалың белокты қабатпен қапталады. Екінші жіңішке бөлімінде — жұмыртқа екі пергамент тәрізді белокты қабатпен скорлупа астындағы қабықпен қапталады. Үшінші бөлімі — кеңірек жұқа қабатты — жатын деп аталады. Мұның ішінде бездері көп болады. Ол бездердің шығарған заттарынан жұмыртқаның сырты известі, қатты қабықпен қапталады да онда пигментті заттар болады. Жатын ішінде жұмыртқа 12-20 сағат болады. Жұмыртқа жолының соңғы бөлімін қынап деп атайды. Бұл бөлімнің бұлшық еттері жақсы жетілген. Осы бұлшық еттерінің жиырылу салдарынан жұмыртқа клоака арқылы сыртқа шығады. Тұқым жолымен жұмыртқаның қозғалу мерзімі тауықтарда бір тәулік болса, көгершіндерде 41 сағатқа дейін созылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет