ІІІ Қорытынды
Ш. Айтматовтың көркем әдебиет әлемінің табалдырығынан аттап, ішке кіруі оңай болған жоқ. Бұл жерде оның көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігі аса зор қызмет атқарғанын атап өткен дұрыс. Көркем әдебиетке деген сүйіспеншілік әркімде бола бермейді. Оны сүю үшін адам баласына белгілі бір орта қажет болады. Сол ортада ғана адам баласының әдебиетке деген сүйіспеншілігі оянып, бірте-бірте ол сүйіспеншілік шығармашылық жасампаз күшке ие болады. Ш. Айтматовта ондай орта болды.
Жазушының көргендері мен көңілге түйгендері оның өмір туралы, адам, қоғам туралы танымының қалыптасуына, суреткерлік көзқарасының орнығуына алып келді. Өмірдің шындық құбылыстарымен бетпе-бет келгенде, жазушы оларды осы таным, осы көзқарас тұрғысынан бағалауды әдетке айналдырды. Бұл процесте қаламгер өмірдің небір күрделі шындықтарына бойлап, адам баласының өз өміріндегі, өз болмысындағы, қоғамдағы жақсылық пен ізгілік, қайырымдылық пен рақымдылық, адалдық пен әділеттілік үшін алаң болып, соларды іздеп, соларды құрметтеп, соларды сақтау, келер ұрпаққа табыс ету, аманат ету жолында еңбек етуі бұл дүниедегі баға жетпес құндылық, бақыт екендігін жырлады. Екінші жағынан, қаламгер осы танымы мен көзқарасы тұрғысынан адам өмірі үшін, қоғам үшін, табиғат үшін жамандық, әділетсіздік болып табылатын құлықтар мен қылықтар, халықтың адамгершілік мұраттарына қайшы келетін әрекеттердің бәрін батыл айыптады. Жазушы шығармаларындағы тартыс, адамдар арасындағы күрес, айналып келгенде, жақсылық пен жамандықтың, адамдық пен надандықтың, қайырымдылық пен қатыгездіктің, әділдік пен әділетсіздіктің, махаббат пен зұлымдықтың тартысы, күресі болып шығуының мәнісі осы таным мен көзқарас даралығына байланысты. Жазушының шығармашылық лабораториясына тән басты ерекшелік те оның көркемдік дүниетанымы мен суреткерлік көзқарасы шегінде айқындалады.
Айтматовтың ерекше бір тебіреніспен ой толғайтын саласы - патриотизм. Туған жерге, оның кең байтақ даласына, тау-тасына, өзен-көліне - бір сөзбен айтсақ, сол туған жердің табиғатына деген сүйіспеншіліктен бастау алатын бұл құдіретті сезімді жазушы өзі айтқандай ақындарша жырлайды («Ода республике»). Ежелден қырғыз халқының мекені болып келе жатқан таулы өлке бір кездері халқын қолайсыздығымен қобалжытса, кейін ұлтының символына айналып отырғанына, халқының бай рухани мұрасы, соның ішінде «Манас» эпосының ата-бабадан бүгінгі ұрпаққа дейін сақталып жеткендігіне Айтматовтың егжей-тегжей тоқталуында үлкен мән бар. Өйткені еліміздің болашағы жастардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеуде өткенді білу, біліп қана қоймай оны келесі ұрпаққа жеткізу-үлкендердің парызы. Осындай тәрбиелік мәні бар өткенді халқына жеткізуден бір жалықпаған, қырғыз халқының үлкен ілтипатпен еске алатын тұлғасы туралы Айтматов «Он знал миллион строк океаноподобного Манаса» деген мақаласында баяндайды. Ол - халқының тарихын, мәдениетін, әдебиетін терең меңгерген «манасчи» Саяқбай Қаралаев. Тек кырғыз халқының емес, бүкіл дүниежүзілік әдебиеттегі ең үлкен эпос «Манасты» (қысқартылған түрде 4 томдық шығарма болған. - Ш.А.) кезінде Шоқан Уәлиханов «қырғыз халқының ертегілерінің, хиқаялары мен аңыздарының, география, дін, салт-сана, әдет-ғұрып жөніндегі түсініктерінің энциклопедиялық жинағы» деп жоғары бағалаған болатын. Ал осындай мол рухани байлықты бойына дарыта білген Саякбай Қаралаевты елдің қалай құрметтейтіндігі жайында Айтматов былай дейді: «... Қаралаевтың еңбегіне ынтыққандардың көптігі соншалық, колхоздың клубына сыймай, тең жартысы сыртта тұрды. Мұны көрген Қаралаев «Манасты» ашық аланда, ел ортасында тұрып айтпақшы болды. Саяқбай клуб алдындағы текпішекке отырды да, қаумалаған елдің көпшілігі маддас құрып, жерге жайғасты. Енді біреулері машинаның үстіне шығып, ат үстінде тұрып, ұлы жырға құлақ тосты. Әлден уақытта көкжиектен көтерілген қара бұлт тас төбеге келді де, іргесі сөгілгендей, нөсерлетіп жіберді. Бірақ Қаралаев жаңбырмен жарыса жыр төкті. Басынан өткен су бақайшағына жетсе де, қашан манасшы жырлауын тоқтатқанша, орнынан ешкім қозғалған жоқ...
Сан ғасыр бұрын болған тарихи оқиғаны бүгінгі ұрпақтың жанына жеткізе білу, көз алдына келтіре білу - үлкен өнер. Ал өзінің өмірін, өнерін өткен мен бүгінді, ұрпақ пен ұрпақты жалғастыруға, табыстыруға, тәлім-тәрбие үндестігін сақтауға арнаған адамды халқының нағыз патриоты деп толық, айтуымызға болады. Өз ұлтының мәдениетін, әдебиетін, тарихын жан-тәнімен ұққан ұрпақ қана өзге халықтын салт-дәстүрін, тілін, әдет-ғұрпын ерекше ілтипатпен қабылдайтыны заңды құбылыс. Осындай альтруистік мүддеге ұласқан патриотизм ғана адамды ұлттық шеңберде қалдырмай жалпыадамзаттық деңгейге көтереді.
Айтматовтың әр ұлттан шыққан ұлы тұлғалар жайлы жазған соны пікірлерін қайта-қайта оқыған сайын оның рабайда бір кездесетін алып дарын иесі екендігіне көзің жетеді. Мәселен, жазушының «Взаимосвязь традиций», «С беспощадным реализмом» деген мақалалары орыстың ұлы жазушылары Л.Н.Толстой мен Ф.М.Достоевскийге арналады. Айтматов Толстойдың бір шығармасы «Хаджи-Мурат» төңірегінде әңгімелейді. Бұл шығарманың ерекшелігі сол, мұнда Толстой өзге ұлт өкілдерінің өмірі туралы баяндайды. Өткен ғасыр үшін бұл ерекше, сирек кездесетін құбылыс еді. Өзге ұлттың психологиясына тереңінен ене білген Толстой сол ұлттың өмірін, салт-дәстүрін, тыныс-тіршілігін дәл, шынайы жеткізе білді. Мұның өзі, Айтматовтың ойынша, жалпы адам болмысын түсіне білген жазушының үлкен жүрегінің құпиясы іспеі ті. Толстойдың бұл дәстүрін жалғастырушылар қазіргі заман әдебиетінде көптеп саналғанымен, ұлы жазушының аталған дүниесі кейінгі ұрпаққа, әсіресе жазушы қауымға үлгі-өнеге боларлық деңгейде екенін Айтматов мақтанышпен атап өтсе, Достоевскийдің адам жанының трагедиясын жазу арқылы бүгінгі мен ертеңгіге де ортақ шындықты көтергендігіне дәйекті дәлелдер келтіреді. «... Қиын не бар, адам жанын зерттеуден» деп Мұқағали жырлағандай, қарап отырсаңыз, барша уақытта адам болмысын екі күштің тартысы билеп отырады: бірі - адамзат ұрпағының екілі ретінде биік мақсаттарға ұмтылуы да, екіншісі - пенде ретінде эгоистік қызығушылыққа бой ұруы. Өмірде жақсылық пен жамандықтың, ақ пен қараның, қуаныш пен қайғынын қатар жүруі осының дәлелі іспетті. Айтматовша айтсақ, адамңың өмірге келуінің өзі - трагедия, өйткені ол дүниеге одан өту үшін келеді екен. Осы бір қарама-қайшылығы мол құбылысты жете түсінген Достоевский шығармаларының уақыт сынынан мүдірмей өтіп келуінің сыры осында жатқан шығар.
Сыншы Л.Лебедеваға берген сұхбатында Айтматов «Әдебиет барша уақытта адамның рухани тірегі болуы қажет. Егер ол ондай бола алмаса, өз миссиясын жеткіліксіз, толыққанды орындай алмағаны» деген еді. Адамзат қоғамының рухани дамуындағы әдебиетке берілген бұл бағаны бүгінгі күн мәселелері нақтылай түсуде. Қазіргі кезде белгілі жазушылардың әлеуметтік, саяси проблемаларды шешуге тікелей араласуы - жазушы қауымның адамзат алдындағы жауапкершілікті сезінуінен туған ұлы іс. Осы жерде «Литературная газетада» бір ғалымның: «XXI век будет веком филологии и гуманмтарных наук - иначе его вообще не будет» деген пікірі ойға оралады. Міне, мұның өзі ғылым мен техниканың шарықтау шегіне жеткен ғасырда адам баласының ақыл-ойын қалыптастыруда, тәрбиелеуде әдебиеттің тендесі жоқ рөлін анықтайды.
Мақаланың басында атап өткеніміздей, кітапта тәрбиелік, әлеуметтік, саяси проблемаларға қатысты елуге жуық мақала бар. Осының өзі, біріншідең, жазушының азаматтық ой белсенділігін танытса, екіншіден, оның не нәрсеге болса да немқұрайды қарай алмайтын сергек те, сезімтал мінезін көрсетеді. Бұл жинаққа енген дүниелердің жеке тұлғаны қалыптастыруда атқарар елеулі тәлім-тәрбиелік маңызына тоқталатын болсақ: 1) өз елінің тарихы жөнінде, оның әдебиетте, өнерде жарқырап көрінген тұлғалары туралы сөз болған мақалалар жастарды өзі туып-өскен елдің әлемдегі алатын орнын білуге, ағалар жолын ізгілікпен жалғастыруға тәрбиелейді; 2) әлем таныған ұлы тұлғалар жайында ой қозғаған мақалалар өзгені тану, білу арқылы өзін тануға мүмкіндік берумен құнды; 3) әлеуметтік, саяси тақырыптарға арналған мақалалары Айтматовты жазушылығымен қатар үлкен мемлекет қайраткері ретінде танытады.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жұлдыз – 2004 №7 96-170 бб.
Жұлдыз – 2003 №4 142-103 бб№
Қазақ әдебиеті – 2001 №8.
Жұлдыз – 2003 №4 205-206 бб.
Жас Алаш – 2002 17 тамыз
Жас Алаш – 2004 7 ақпан.
Акматалиев Абдылдажан. Ч.А. жизнь и творчество. Бишкек, мектепы 1991 249 с.
Кәрібекова Ақторғын Жамаубайқызы. Шыңғыс Айтматов Шыңғыс лабараториясы. Автореферат. Алматы 2006. 26б.
Ергобеков Құлбек. Шыңғыс шыңы. Эсселер.
Айтматов Ч.Т. Плаха. Алмата, Атамұра 2003 ж. 296 б.
Чингиз А.Т. Плаха роман. Днепропетровск 1989ж. 559 б.
Шас қазақ – 2006 – 22 қыркүйек 10 б. . Реализмнің кеңістігі.
Қазақ елі – 1999 маусым №18 24-і. 2б. Әлемге әйгілі Айтматов 70 жаста.
Қазақ әдебиеті – 1999 14 мамыр 3 б. Айтматов және театр фестивалі Бішкек қаласында өтті.
Қазақ тілі мен әдебиет – 1999 №4 42 б. Шыңғыс Айтматов публицист.
Қазақстан әйелдері – 1999 № 3. 6 б. Шыңғыс Айтматов Отан орденімен марапатталды.
Алматы ақшамы 1998 желтоқсат № 147. Алатау мен Айсберг феномені. Шыңғыс Айтматов туылғанына 70 жыл.
Жас Алаш – 2000ж. 8 тамыз. Шығыстың Шыңғыс Айтматов.
Алматы ашамы – 2000 ж. 24 қаңтар. Шыңғыс Айтматов – Алматы қаласының құрметті азаматы.
Егемен Қазақстан – 1999 ж. 26 наурыз. Мұртаза Ш. Айқайлап айтқан сөз.
Оңтүстік Қазақстан – 1999ж. №17 3 б. Айтматовтың апасының баласы Сәрсенбілік сырласу.
Парасат – 1998 12 желтоқсан. Айтматов атты әлем.
Жалын – 1998 №11-12. Хитцер Ф. Айтматовтың аудиториясы.
Алғабас – 1989 ж. 10 желтоқсан. Тұрысов Е. Шыңғыстың биік шыңдары.
Социалистік Қазақстан – 1988 11 желтоқсан. Мұртазаев Ш. Шыңғыс және шындық.
Достарыңызбен бөлісу: |