1. Оқушылардың зияткерлік даму мониторингін жалғастыру:
1.1 1-2 сыныптарды МЭДИС әдістемесі бойынша мектепке даярлық диагностикасын өткізу мен түзетуді енгізу;
1.2 «Дараны таңдау», «Бейнелеп есте сақтау» және т.б. әдістемесі бойынша 3-4 сынып оқушыларының танымдық өрісінің динамикасын анықтау;
1.3 ГИТ әдістемесі бойынша 5-9 сыныптардың негізгі ойлау операцияларын зерттеу;
1.4 Медник, Векслер, Будасси әдістемесі бойынша 10,11сыныптардағы оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу;
2. Үлгерімі төмен оқушылардың үлгерім динамикасын зерттеу.
3. Нәтижелер бойынша салыстырмалы талдау жүргізу.
|
Тапсырмалар орындалды. Аталған бағыттар бойынша мониторинг жалғасты. Нәтиже қорытындысы сынып жетекшілердің Әдістемелік бірлестігі және пән мұғалімдерімен талқыланды, оқушылармен жұмыс жасау кезінде пайдаланады.
2015-2016 оқу жылы ағымында үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жетілдіру шаралары өткізілді, дегенмен 13 оқушы жазғы қосымша сабақтарға қалдырылды (2013-2014 оқу жылында 12 оқушы күзге қалдырылды, 2014-2015 оқу жылы 7 «Б» сынып оқушысы Парвизи Владимир екінші жылға қалдырылды). Әр түрлі аспектідегі психологиялық мониторинг нәтижесінің салыстырмалы талдаулары білім беру тиімділігін арттыру мақсатымен педкеңестерде, сынып жетекшілерінің ӘБ-де талқыланады.
|