V блок. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін дамыту және ескеру
|
|
Факультатив және үйірме сағаттары арқылы дарынды балалармен жұмыс күшейту және ОҒҚ жұмысы бойынша үлкен нәтижеге қол жеткізу;
|
Тапсырма толығымен орындалды. Факультатив және үйірме сағаттарында дарынды балалармен жұмыс жасау жүйелілігі бақыланды. 2015-2016 оқу жылындағы ОҒҚ жұмысы төмен нәтиже берді: оқушылар ғылыми-зерттеу жұмысына қатысқан жоқ. «Дарынды балалар» бағдарламасы, сондай-ақ оқушылардың ғылыми-зерттеу қызмет бойынша жұмысты барлық мұғалімдер толық мөлшерде жүзеге асырады.
|
2.Математика және физика пәндері бойынша оқушылардың қалалық пән олимпиадаларына қатысу жұмысын арттыру;
|
Алға қойылған міндет орындалмады. Мектеп олимпиада командасындағы 11 қатысушысы арасыныан 2 оқушы жүлделі орынға ие болды: Бабец Алина (орыс тілі - 3 орын, Плотникова Иргина (ағылшын тілі – 3 орын), математика және физик пәндері бойынша орташа балл нәтижесін көрсетті.
|
Тәрбие орталықтары, үйірмелер және спорттық секциялар жұмысын жетілдіру және жалғастыру;
|
Алға қойылған міндет орындалды. Тәрбиелеу орталығы, үйірмелер және спорттық секция жұмыстарына жоғары талаптар қойылды, олардың өткізілуі бақыланады (шығармашылық байқау, жарыс жүлдегерлері, спорт жарысы жүлдегерлері).
|
Г.К. Селевко өзін-өзі тану технологиясы бойынша сынып жұмысын арттыру;
|
Алға қойылған міндет толығымен орындалмады. Осы технологиямен жаңадан келген жас мамандарды таныстыру қажет.
|
Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс нәтижесін арттыру.
|
Жазғы демалыс кезінде қосымша оқыту курсына қалған оқушылардың санына қарап, үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жетілдіру қажет екендігі байқалады, педагогикалық қызмет нәтижесіне жетуде мұғалімдер жауапкершілігін арттыру үшін өткізілетін шаралар кешенін ойлап табу.
|
Орта деңгейде оқитын оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, бірақ білім сапасы жоғары оқушыларды одан әрі ынталандыру.
|
МІБ нәтижесі білімі жақсы және нашар оқушылардың үлгерімі (8-10 сыныптар) төмендегенін көрсетеді. Балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыра білетін сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерінен үлгі алып, оны тәжірибеде қолдану. Осы мәселелер мұғалімдер отырысында (әр тоқсанның аяқталуына 14 күн қалғанға дейін) талқыланды. Осы отырыста сондай-ақ оқушыларды алдын-ала аттестаттау және 9-11 сынып оқушыларының рейтинг бағалауы да сөз болды. Осы мәліметтер сараланып, оқушылар мен ата-аналар мәліметіне жеткізіледі.
|
|