Стандарт «Тырыспа кезінде жедел көмек»
бет 27/29 Дата 14.12.2022 өлшемі 77,01 Kb. #162763
Байланысты:
стандарты пед ЛД каз 4.29. Стандарт «Тырыспа кезінде жедел көмек»
Баланы тегіс жерге жатқызыңыз. Жарақат тудыруы мүмкін заттарды маңайынан алып тастаңыз ;
Қысып тұрған киімді шешіңіз;
Таза ауамен қамтамасыз етіңіз , ал егер мүмкін болса ылғалдатылған оттегін беріңіз;
Баланың азу тістерінің арасына салфетка түйінін немесе бинтпен , мақтамен оралған шпательді орналастырыңыз;
Орталық жүйке-жүйесін тыныштандыратын (ОЖЖ) және мидың гипоксияға тұрақтылығын арттыратын препараттарды бұлшық етке немесе көк тамырға енгізіңіз:
Реланиум (сибазан, брузепам) – 0,1 мл\кг немесе
Дроперидол 0,1-0,2 мл\кг немесе
25 күкірт қышқылды магнезия ерітіндісін 0,1-0,2 мл\кг немесе
ГОМК 50-100 мл\кг.
4.30. Стандарт «Стеноздаушы ларингит кезінде жедел көмек»
Баланы тыныштық жағдайына келтіреміз;
Баланы жатқызыңыз;
Көтеріңкі қалыпқа келтіріңіз ;
Қысып тұратын киімді шешіңіз;
Таза ауамен қамтамасыз етіңіз;
Жылы аяқ ванналарын жүргізіңіз (судың температурасы 38-39), аллергиясы болмаған жағдайда кеуде тұсына және балтырына кыша қағаздарын басыңыз және аяңына резеңкелі жылытқыш (грелка) қою;
2 натрий бикарбонат ерітіндісімен ауалы ингаляция жүргізу (түймедақ, шалфей,өгейшөп,эвкалипт қайнатпасымен);
Жылы сілітілі сұйықтықтар ішкізіңіз (сүт, «Баржоми» минералды суды жиі беріңіз);
Мұрын қуысына тамыр тарылтатын препараттарды тамызыңыз ;
Адреналин ерітіндісімен ингаляция жүргізіңіз (эпинефрин ертітіндісімен 2-3 дәрежелі стеноз кезінде);
Оксигенотерапия жүргізіңіз;
Аэрозольды ингаляция жүргізіңіз: сальбутамол немесе беротек (2 рет демді ішке алған кезінде );
Преднизолон, эуфиллин, супрастин препараттарын бұлшық етке немесе көк тамырға енгізіңіз ;
Осы жасалған шаралар көмектеспеген жағдайда, айқын гипоксияда стеноздың 3-4 дәрежесінде жедел түрде трахея интубациясын жүргізіңіз;
Тез арада баланы мамандандырылған бөлімшеге тасымалдау.
Достарыңызбен бөлісу: