Мазмұны IV «Балалар ауруы» пәні бойынша кәсіби стандарттар


Стандарт «Тырыспа кезінде жедел көмек»



бет27/29
Дата14.12.2022
өлшемі77,01 Kb.
#162763
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
стандарты пед ЛД каз

4.29. Стандарт «Тырыспа кезінде жедел көмек»

  1. Баланы тегіс жерге жатқызыңыз. Жарақат тудыруы мүмкін заттарды маңайынан алып тастаңыз;

  2. Қысып тұрған киімді шешіңіз;

  3. Таза ауамен қамтамасыз етіңіз, ал егер мүмкін болса ылғалдатылған оттегін беріңіз;

  4. Баланың азу тістерінің арасына салфетка түйінін немесе бинтпен, мақтамен оралған шпательді орналастырыңыз;

  5. Орталық жүйке-жүйесін тыныштандыратын (ОЖЖ) және мидың гипоксияға тұрақтылығын арттыратын препараттарды бұлшық етке немесе көк тамырға енгізіңіз:

  • Реланиум (сибазан, брузепам) – 0,1 мл\кг немесе

  • Дроперидол 0,1-0,2 мл\кг немесе

  • 25 күкірт қышқылды магнезия ерітіндісін 0,1-0,2 мл\кг немесе

  • ГОМК 50-100 мл\кг.



4.30. Стандарт «Стеноздаушы ларингит кезінде жедел көмек»

  1. Баланы тыныштық жағдайына келтіреміз;

  2. Баланы жатқызыңыз;

  3. Көтеріңкі қалыпқа келтіріңіз;

  4. Қысып тұратын киімді шешіңіз;

  5. Таза ауамен қамтамасыз етіңіз;

  6. Жылы аяқ ванналарын жүргізіңіз (судың температурасы 38-39), аллергиясы болмаған жағдайда кеуде тұсына және балтырына кыша қағаздарын басыңыз және аяңына резеңкелі жылытқыш (грелка) қою;

  7. 2  натрий бикарбонат ерітіндісімен ауалы ингаляция жүргізу (түймедақ, шалфей,өгейшөп,эвкалипт қайнатпасымен);

  8. Жылы сілітілі сұйықтықтар ішкізіңіз (сүт, «Баржоми» минералды суды жиі беріңіз);

  9. Мұрын қуысына тамыр тарылтатын препараттарды тамызыңыз;

  10. Адреналин ерітіндісімен ингаляция жүргізіңіз (эпинефрин ертітіндісімен 2-3 дәрежелі стеноз кезінде);

  11. Оксигенотерапия жүргізіңіз;

  12. Аэрозольды ингаляция жүргізіңіз: сальбутамол немесе беротек (2 рет демді ішке алған кезінде );

  13. Преднизолон, эуфиллин, супрастин препараттарын бұлшық етке немесе көк тамырға енгізіңіз;

  14. Осы жасалған шаралар көмектеспеген жағдайда, айқын гипоксияда стеноздың 3-4 дәрежесінде жедел түрде трахея интубациясын жүргізіңіз;

  15. Тез арада баланы мамандандырылған бөлімшеге тасымалдау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет