Педагогикалық қызметкерлер аттестациясы
Мақсаты: біліктілік арттыру нәтижесін, педагогикалық шеберлік пен кадрлардың санатын анықтау.
2015-2016 оқу жылындағы мектептің педагог қызметкерлерін аттестаттау мемлекеттік басшылары және педагог қызметкерлерді аттестаттау тәртібі туралы Ережесіне сәйкес және жеке өтініш негізінде өткізілді.
Санаты
|
2014-2015
|
2015-2016
|
Динамика
|
Барлық өтініш
|
18
|
16
|
-2
|
Жоғары
|
6
|
8
|
+2
|
Бірінші
|
3
|
4
|
+1
|
Екінші
|
9
|
4
|
-5
|
2015-2016 оқу жылында аттестаттауға 16 өтініш берілді. Оның ішінде 4- жоғары санатты растау, 4 – жоғары біліктілік санатты алу, 4 - бірінші біліктілік санатты алу, 1 - екінші біліктілік санатты растау, 3 - екінші біліктілік санатты алу.
Мектеп аттестаттаудан өту үшін қажетті жағдай жасалған: уақытында шыққан әкімшілік құжаттар, аттестаттаудан өтетін әр педогогқа дайындалу мерзімі берілген, консультация берілген, МІБ бойынша шаралар өткізу. Аттестаттаудан өтетін педагогтар, уақытында аттестаттаудан өту кезінде қажет негізгі ақпараттық материалдарымен таныстырылды: мемлекеттік басшылары және педагог қызметкерлерді аттестаттау тәртібі туралы Ережесі, ағымдағы жылда аттестаттаудан өтетін педогогтардың тізімі, кәсіби құзіреттілік деңгейі және біліктілікке қойылатын талаптар; барлық құжаттардың тізімі. Әр мұғаліммен ағымдағы жылда біліктілік санатты арттыру (растау) жоспары құрастырылған. Жоғары және бірінші біліктілік санатты иемдену аттестаттауынан өтініш берген барлық педагог өтті.
Шешімі: 3 жылдың қорытындысы бойынша, жоғары және бірінші санатына үміткер мұғалімдердің даму динамикасы тұрақты, сондықтан оқу-тәрбие үрдісін жақсы жүзеге асыруда, педагогикалық шығармашылық, зерттеу жұмыстарын дамытуда тигізетін ықпалы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |