2015-2016 оқу жылындағы №43 ЖОМ әдістемелік жұмыс анализі
Мектептегі оқыту жүйесін біртұтас ететін, мұғалімнің педагогикалық шеберлігін арттыратын негізгі құралы – әдістемелік жұмысы болып табылады. 2015-2016 оқу жылында педагогикалық ұжым «Жаңа білім беру ортасын дамыту жағдайында педагогтың кәсіби құзіреттілігін жетілдіру» тақырыбында қызмет атқарды. Осы тақырып 2014 жылдың тамызындағы педагогикалық кеңес отырысында таңдалды, аяқтау жылы 2020.
Осыған байланысты әдістемелік жұмыс мақсаты анықталды: мұғалімдердің педагогикалық шеберлік деңгейін, оқытудың (оқыту пәндері) тәсілдері және ғылым саласындағы біліктілік пен құзіреттілікті үздіксіз жетілдіріп отыру; оқушыларды жан-жақты қырынан ашуды қамтамасыз ететін жаңа технологияларды меңгеру.
Өткен оқу жылындағы әдістемелік жұмыс алға қойылған міндеттерді орындауға, оларды мектептің оқыту бағдарламалары және оқу-тәрбие үрдісі арқылы жүзеге асыруға бағытталған болды.
Алға қойылған міндеттерды іске асыру үшін мектепте оқу жылы басында қажетті нормативтік-құқықтық базасы, әдістемелік жұмыс жоспары және әдістемелік кеңес құрылған.
Әдістемелік жұмысты жоспарлау барысында педагогикалық ұжым мектептің алға қойылған міндеттері мен мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін формаларды таңдауға тырысты.
Мектеп мұғалімдері үшін таңдалған әдістемелік жұмыс формалары дәстүрлі болды, сондықтан педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес отырысы, баяндама, әдістемелік апталықтар, кәсіби шеберлік байқауына қатысу, мастер-класс, коучинг, семинарлар, тәлімгерлік ету, пәндік ӘБ, ЖММ, әкімшілік жиналысы, өздігінен білім алу сияқты мәселелер мектеп тақырыбына, қажеттіліктерге, шығармашылық топ мұғалімдерінің алға қойылған міндеттеріне сәйкес болады.
Жоғарыда аталған әдістемелік жұмыс формалары мектептің жалпы білім беру бағдарламасы мен оқытудың базистік жоспарын іске асыруға, білім беру мазмұнын түрлі педагогикалық технологиялар арқылы жаңартуға әсер етті.
Ұжымның алға қойылған міндеттерінің басым бөлігі орындалды.
Міндеттерді орындалуына әсер еткен:
мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым бірлесіп, білім беру үрдісіне атсалысатын тұлғаларға жағдай жасау;
жеке педагогикалық құбылыстардың себеп-салдар байланысын анықтау және оны түзету.
Достарыңызбен бөлісу: |