а) б)
2-сурет. Су құбыры.
Су құбыры. Адамзат сусыз өмір сүре алмайды. Су – біздің тамағымыздың негізгі элементі. Суды тұтынушылар: өндіріс, энергетика, ауыл шаруашылығы және транспорт. Тұрғын үйлердегі санитарлы-техникалық жабдықтау (ванна, душ, канализация, жылыту жүйелері т.б.) суды пайдалануға негізделген. Халықты, сол сияқты зауыт, фабрикаларды т.б. сумен қамтамыз ету үшін салынған инженерлік құрылысты — су құбыры деп атайды. Суды өзеннен, су қоймаларынан, көлден немесе жер астынан алады. Кейде суды алыстан әкелуге тура келеді. Мысалы, Мәскеу үшін судың біраз бөлігін ұзындығы 128 км канал бойымен Волгадан алады. Бұлақ көзінен алынған су тұтынушыларға жеткенше су тазалайтын қондырғылардан өтеді (тұңғыш мұндай қондырғылар 1888 ж. Петербург қаласында салынған болатын). Содан кейін насосты станциялардың көмегімен тазаланған су қаланың, зауыттардың, мал шаруашылық фермалардың т.б. су құбырларына беріледі. Су құбыры құрылысының сұлбасы 125-суретте көрсетілген. Насостың 2 көмегімен су, суды қысыммен ағызатын мұнарада 1 орналасқан үлкен бакқа барады. Осы мұнарадан қала көшелерінің бойымен 2,5 м тереңдікте құбырлар жүргізіледі, одан әрбір үйге кранмен аяқталатын арнаулы тармақтарға бөлінеді. Бұл крандардағы су деңгейі суды қысыммен ағызатын мұнарадағы су деңгейінен төмен болу керек, немесе су келмейді. Суды қысыммен ағызатын мұнарадағы бакке су насос арқылы беріледі. Бұл насостар электр тогымен жұмыс істейтін центрден тепкіш насостар. Біз 126-суретте көрсетілген поршеньді сұйықтық насостың жұмыс істеу принципін қарастырайық. Бұл насостың негізгі бөлігі 1 клапаны бар поршень жєне 2 клапаны бар цилиндр. Поршень төмен түскенде оның астындағы су 1 клапанды ашады да 2 клапанды жабады. Осы клапан арқылы су цилиндрден 3 құбыр бойымен жоғарғы суы бар резервуарға тартыла бастайды (мысалы, суды қысыммен мұнарадан бакқа ағызады). Поршень көтерліген кезде 2-клапан жабылады, ал 1-клапан керісінше, ашылады. құбыр 4 арқылы су насосқа келіп цилиндрді толтырады. Келесі поршеннің төмен түсуі мен көтерілулерінде бұл процестер қайталанады. Сөйтіп су порция, порциямен 3 құбыр бойынша жоғарғы резервуарға қотарылады.
Тәжірибе
Оған мынадай тәжірибе жасап көз жеткізуге болады. Шыны түтіктердің біреуін бүйірінде шүмектері бар түтікпен жалғастырып, түтіктерге су толтырамыз. Сонда бірінші түтіктегі судын деңгейінен төмен орналасқан кез келген шүмектен су ағатын болады . Су қоймасынн мұнара үстіндегі ыдысқа су сорғы арқылы құйылады. Ол өз жолында су жинағыштан, тұндырғыштан, сүзгіден өтеді.
3 - сурет. Қазіргі кездегі су құбырының жұмыс істеу принципі.
Достарыңызбен бөлісу: |