Мазмұны кіріспе 1 бет I бөлім Жер асты суларының маңызы мен пайдасы 2-11 бет II бөлім Қатынас ыдыстар мен су құбырының ашылу тарихы 11-16 бет III бөлім Қатынас



бет6/6
Дата15.09.2017
өлшемі1,62 Mb.
#32872
1   2   3   4   5   6

9- сурет. 3 - тәжірибе.

10 - сурет. Су құбырын жасау үлгісі.


Жұмыс барысы біз екінші тәжірбие жасап көрдік. Екінші тәжірбиеге керекті құралдар жгут, құты 2 дана, система(түтікше). Құтының астынан және үстінен тесіп, система(түтікшелерді) орналастырдық. Құтыға су толтырып екеуін алшақтатсақ қысымы азайып, су көтерілмейді. Ал жақындатсақ қысым теңесіп, су ағады. Жоғары, төмен қойсақта осындай нәтиже алдық.




Қорытынды
Қазақстанның жер асты сулары  Қазақстан Республикасында жер асты суларының едәуір қоры бар. Оның пайдаланылатын болжамды қоры 55 млрд м3/жыл деп есептеледі. Барланған 456 кен орны мен 122 телімнен жылына 16 млрд текше метр тұщы және тұздылығы аз су қорларын пайдалануға болады деп белгіленген. Жер үсті сулары секілді жер асты сулары да өте-мөте әркелкі болып бөлінген. Бұл қорлардың 70%-нан астамы еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында. Жер асты суларының барланған жалпы қорынан 261 кен орны (57%) мен 71 телім (58%) пайдаланылады. 1996 ж. мөлшермен есептегенде жер астынан алынған 1,5 млрд текше метр судың 66%- ы шаруашылық-ауыз су қажеттеріне, 23%- ы өндірістік-техникалық қажеттерге, жүйелі суармалауға 3,7 және жайылымдарды суландыруға 7,3%-ы пайдаланылды. Тұщы және тұздылығы аз жер асты суларынан басқа Қазақстан Республикасының аумағында минералды сулардың 45 кең орны барланған, оның тиянақталған қоры жылына 11 млн текше метр деп есептеледі.  Қазіргі таңда жер асты сулары пайдаланатын елді-мекендер бар мәселен Жаңақорғанның 70% жер асты суы құдықты пайдаланады.

Ұсыныс
Су- тірщілік көзі. Су біздің тағамымыздың негізгі элементі. Адамзат сусыз өмір сүре алмайды. Біздің ұсынысымыз ең бірінші адам өмірін жеңілдету. Кейбір жағдайда жарық көзінің болмауы. Мысалы алатын болсақ: Орталық Қазақстан. Бұл облыс шөл зонасында жатқандықтан, суды Шығыс Қазақстаннан 500м тереңдікте орналасқан құбыр арқылы су тартады. Бұл құбырға да жарық көзі көп мөлшерде жұмсалады, сондықтан тиімсіз болып есептеледі.

Әзербайджан мемлекетінде Наби Гамидов ғалымы суды химиялық газ арқылы тартып, тиімді жолмен тапқан. Ол тіпті ең ауыр сұйықтық (ртуть) тартып алған. Бұл ғалым әлі осы құпиясын жасырып отыр.

Ал енді біздің соған ұқсас су құбырын жасап жатырмыз. Бірақ бізде құрал- жабдықтар жоқ болғандықтан нәтижемізге жете алмадық.

Осы тақырып арқылы насоссыз су құбырының үлгісін жасадық.



Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.

  2. Физика және астрономия. - Алматы: Атамұра,2007.

  3. Қазақстан энциклопедиясы, VII-том

  4. Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008

  5. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.

  6. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет