МАЗМҰНЫ
Кіріспе 1 бет
I бөлім
Жер асты суларының маңызы мен пайдасы 2-11 бет
II бөлім
Қатынас ыдыстар мен су құбырының ашылу тарихы 11-16 бет
III бөлім
Қатынас ыдыс арқылы жердің астынан су шығару 16-18 бет
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі 21 бет
Ұсыныс 22 бет
Андатпа
Зерттеу жұмысының тақырыбы: "Қатынас ыдыстар арқылы жер астынан су алу"
Зертеудің мақсаты: Жарықсыз табиғи тәсілмен жер астынан су құбырын жасау көрсету.
Міндеті: Су - тіршілік көзі. Осы заманда электр тогын көп қолданады, сондықтан осы тогты үнемдеу үшін құбырды жасау үлгісін шығару керек. Осы тақырыпта бірнеше тәжірибелер жасалынған.
Зерттеу жұмысы 3 бөлімнен тұрады:
Кіріспе бөлімінде:
Адамзаттығң сусыз өмір сүруі мүмкін емес екенін көрсету. Жер астынан су қалай пайда болып, оның жер бетіне қалай көтерілетіні екенін зерттеу.
Негізгі бөлімінде:
Жер асты суларының маңызы мен пайдасы туралы және қатынас ыдыстар арқылы су құбырын жасап шығаруын қамтиды.
Қорытынды бөлімінде:
Электр тогысыз су құбырын Қазақтанда жасап шығаруын көрсету.
Зерттеу жұмысымыздың жаңалағы - Орталық Қазақстанда бұл облыс шөл зонасында жатқандақтан, суды Шығыс Қазақстаннан 500 м тереңдікте орналасқан құбыр арқылы су тартады. Осындай қиыншылықтан құтылу үшңн Қазақстанда болмаған су құбырын жасап шығару. Осындай құбырды Әзербайджан мемлекетінде Наби Гамидов суды химиялық газ арқылы тартып тиімді жолмен тапқан.
Зерттеу жұмысымыздың өзектілігі: күнделікті өмірдегі қолданылатын заттармен су құбырын жасап шығару. Адамзаттың өмірін жеңілдету.
Кіріспе
Су — бұл шексіз теңіздер мен мұхиттар, ағысты өзендер және мөлдір көлдер. Дегенмен су тек қана көре алатын, ыстық күндері сүңгіп кететін су айдындарында ғана болмайды. Судың көлемді бөлігі адам көзінен тыс жер астында жасырынған. Бұндай су айдындары жер асты сулары деп аталады. Ғалымдардың зерттеуінше су жер бетінде ең көп кездесетін сұйықтыққа жатады. Судың қазіргі кезде қаупі бар. Адамдардың суды үнемдемей құртуының әсерінен тұщы судың жойылу төтенше жағдайлар қатарында. Ал жер шарына қауіптілігі су басу жағдайы.
Жер асты сулары өзінің ерекшелігі және құрылысы бойынша жер үстінде орналасқан судан ерекшеленеді. Жер асты сулары жерге жауатын жауындардан толықтырылады. Дегенмен бұндай толықтырулар біркелкі емес, өйткені көп жағдайда жергілікті жердің рельефінен, жауын түрінен, сондай-ақ жақсы өткізетін және суды ұстап тұра алатын топырақтан да байланысты болады, ол астыңғы қабатқа өту үшін жол бермеуі де мүмкін.
Бұдан өзге, жер асты сулары өз қорын жер үсті су айдындары есебінен де толықтырады. Өз кезегінде жер асты сулары осындай су айдындарын өздері қоректендіреді.Жер астына түсіп су, әдетте, бір жерде жинақталмайды, өзінің орналасу заңдылығы болады. Солай су ерекше жоғарғы және төменгі қабатты ұйымдастырады.
Төменгі қабатта судың ең кіші көлемі болады. Үлкен көлемді су жоғарғы қабат бойынша үйлестіріледі. Бұл жердің төменгі деңгейіне судың өтуі өте қиын, ал жоғарғысында — су жинақтала алатындығмен түсіндіріледі. Жоғарғы қабат әлі де үш деңгейден қалыптасады — жоғарғы, ортаңғы және төменгі, әрқайсысы өзінің суды өткізу ерекшелігімен сипатталады. Жоғарғы аймақта адам шаруашылықта қолданатын су жинақталады. Ортаңғы аймақта, әдеттегідей минералдық сулар орналасады. Ал төменгі, іс жүзінде су алмасу болмайтын аймақта жер үсті тұздығы деп аталатын көптеген құрауыштар мен элементтер ерітілген су болады.
Жер асты сулары қандай қабатта жатқанына байланысты өз сипаттамасын өзгерте алады. Осыған байланысты жер асты суларының үш түрі белгілі.
Бірінші түрі жетекші деп аталады.
Бұл — жер үстіне ең жақын орналасқан сулар. Дегенмен жетекші жеткілікті тұрақты емес. Бұл қабаттан құрғақ ауа-райы кезінде су толық кетіп қалуы мүмкін, ал үздіксіз жауы-шашын нәтижесінде қайта пайда бола алады.
Екінші атауы — артезиандық сулар. Бұл жер астының су қабаты аумақ рельефіне байланысты.
Жетекші сулардан төмен топырақ сулары орналасады. Әдеттегідей, топырақ сулары шеткі, суға берік қабатта болады. Одан төмен ағынды сулар орналасады.
Негізгі бөлім
I. бөлім
Жер асты суларының маңызы мен пайдасы
Жер асты суының кен орны
Жер асты суының кен орны – жауын-шашынның, өзен суларының жерге сіңуінен пайда болатын жер асты суларының шоғырланған орны. Судың сапасына, химиялық құрамына, температурасына қарай тұщы, ашқылтым, термальді, шипалы, өндірістік қазба байлықты су кен орны болып бөлінеді. Ал қалыптасу жағдайларына қарай өзен арналарының грунт сулары,
1- сурет. Жер астының құрылысы.
тау жыныстарының жарықшаларының, карст қуыстарының грунт сулары, артезиан алаптарындағы арынды сулар, тектоникалық жарықтардағы сулар, тау етегіндегі ысырынды конус сулары, құм массивтерінің грунт сулары, т.б. болып бөлінеді. Ең ірі жер асты суының кен орындары таулы аудандарға жанаса орналасқан қиыршыққұм, шағылқұм, малтатастардан құралған ысырынды моллас кешендерінде, өзен арналарының аллювиальдік шөгінділерінде, ірі артезиан алаптарында кездеседі. Жер бетіне таяу жатқан жер асты суының кен орындары өзен арналарындағы аллювиальдік шөгінділерде орналасқан.
Термальді су кен орындары, негізінен, тереңде жатқан артезиан сулы қабаттарда, кейбір таулы аудандардың тектоникалық жарықтарында таралған. Температурасы 100°С-тан асатын тұщы термальді су кен орындары Жаркент артезиан алабында 4000 – 4500 м тереңдіктен табылған. Бұл бүкіл жер шарындағы тұщы сулардың ең тереңге сіңген деңгейі. Басқа жерлерде мұндай тұщы сулар 2000 м тереңдіктен аспайды. Қазақстанда 623 жер асты суының кен орындары зерттеліп, қоры анықталған. Жер асты суының кен орындары елді мекендерді, қалаларды, ірі өндіріс орындарын, санаторий, профилакторийлерді ауыз сумен, емдік қасиеті бар минералды сулармен қамтамасыз етуге пайдаланылуда.
Жер асты суының қоры
Жер асты суының қоры – жер асты суларының көп жылдар бойы шаруашылық мақсаттарға пайдалануға болатын, үздіксіз жиналып, толығып отыратын мөлшері. Ол табиғи қор, табиғи ресурс, пайдалану қоры болып бөлінеді. Табиғи қор – геологиялық мерзімде немесе көп жылдар бойы сулы қабаттарда, гидрогеологиялық құрылымдарда жиналған су мөлшері. Табиғи ресурс – жауын-шашынның, өзен суларының жер бетінен оның астына әр мезгілде әр түрлі мөлшерде сіңуіне, Жер бетінің көп жылдық мерзімде ылғалдану режиміне сәйкес жер асты суының толығып отыратын бөлігі. Жер асты суының пайдалану қоры – аумағы белгілі сулы қабаттардан белгілі бір уақыт бойы, техникалық-экономикалық тұрғыдан тиімді түрде арнаулы су қабылдағыштар арқылы тәулігіне алынатын судың мөлшері. Олар халық шаруашылығындағы маңыздылығына, экономикалық тиімділігіне байланысты баланстағы және баланстан тыс қорлар болып 2 топқа бөлінеді. Зерттеліп барланғаннан кейін жоғары сапалы жер асты су қоры мемлекеттік балансқа алынады. Балансқа алынған су қорын пайдалану экономикалық жағынан тиімді болады.
Жер асты суын қорғау
Жер асты суын қорғау – жер асты суын жинауға арналған құрылыстарды пайдалану тәртібі оның қорларының сарқылуын болдырмауға тиістілігін қадағалау. Газ, мұнай, көмір және басқа да кен байлықтарды іздестіруге, барлауға және пайдалануға байланысты жұмыстарды жүргізген кезде ашылған жер астындағы су шығатын қабаттар олардың ластануын болдырмайтын сенімді оқшаулаумен қамтамасыз етілуге тиіс. Суы өздігінен құйылып жатқан ұңғымалар, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдалануы доғарылған реттегіш құрылғыларымен жабдықталуға, тоқтатып қоюға немесе жойылуға жатады. Өнеркәсіптік пайдаланылған ақаба суды төгуге арналған сіңіргіш ұңғымаларды бұрғылауға бұл ұңғымалар ауыз сумен және тұрмыстық сумен жабдықтау үшін жарамды немесе пайдаланылып отырған су шығатын қабатты ластаудың көзі болып табылуы мүмкін реттерде тыйым салынады. Cіңіргіш ұңғымаларды бұрғылауға бұл ұңғымаларды бұрғылау ауданында арнайы зерттеулер жүргізілгеннен кейін берілген табиғатты қорғайтын, су ресурстарын басқаратын, геология және жер қойнауын қорғайтын, кен және санитарлық қадағалау жасайтын мемлекеттік органдардың оң қорытындылары болған кезде жол беріледі. Сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер асты сулары түзілетін және олар жатқан жерлерде қатты және сұйық қалдықтар, төгінділер жинағыштар құрылысын орнатуға, сондай-ақ жер асты суларын ластау көзі болып табылатын басқа да нысандарды салуға жол берілмейді. Жер асты суларын пайдаланатын кәсіпорындар оларды қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады.
Грунт суы
Грунт суы жер бетіне таяу орналасқан, бірінші су өткізбейтін қабаттың үстінде жатқан сулы қабаттағы жер асты суы. Оның қысымы жоқ, су деңгейі 1 жыл ішінде маусым сайын өзгеріп отырады. Жауын-шашын көбейсе көтеріледі, жер беті тілімденсе төмендейді. Еспе суы 3-30 м тереңдікте таралған. Қазақстанның өзен жүйесі сирек өңірлерінде еспе суы мен терең қабат аралық жер асты суының үлкен маңызы бар. Халық еспе суын көне заманнан-ақ пайдаланып келеді. Шөлейт аймақтарында негізінен құдық суын пайдаланады, ал шөлді жерлерде құдық болса ғана мал шаруашылығымен шұғылдануға болады. Бірақ халық шаруашылығының суға деген қажетін еспе суы қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан судың жаңа мол көзін табу керек болады. Мұндай су көздері де табылды, бұл — терең қабат аралық жер асты суы.
Артезиан сулары
Республикада артезиан алаптары табылды. Олардың ауданы Балқаш сияқты 70 көлдің көлеміне тең. «Артезиан» сөзінің төркіні Францияның Артуа провинциясында 1126 ж. шыңырау құдық қазылып, су алынуына байланысты аталған. Бұл - су өткізбейтін қабаттар арасындағы кездесетін қысымы күшті жер асты суы. Артезиан сулары платформалар мен ойпаттарда, тау аралық ойыстарда кездеседі. Қазақстанда тұщы артезиан сулары 50-2700 м, ал тұзды және ащы су онан да тереңде жатыр. Каспий маңы ойпатында 10-23 км-ге жетеді. Мысалы, Мойынқұмда 300-500 м тереңдікте 50 мың шаршы км жерді алып жатқан тұтас әсер асты теңізінің бар екені анықталды. Оның суы ішуге де, егін суаруға да жарамды. Қызылқұмда 80-300 м тереңдікте жатқан орасан зор жер асты су алабы табылды. Жер асты суы республиканың басқа да аудандарынан, атап айтқанда, солтүстік облыстардан да табылды. Алматы қаласы, 14 облыс орталығы, 200-ден астам аудан орталықтары, өнеркәсіп және 3500-ден астам ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен елді мекендері қазірдің өзінде жер асты суымен камтамасыз етіледі. 100 млн гектардай жайылымдарды суландыруға, 50 мың гектардай егістікті суаруға мүмкіндік алады. Таяу жылдар ішінде жер асты суы бұдан да кең пайдаланылатын болады. Қазақстанда жер астынан ыстық су табу үшін барлау жұмыстары жүргізіліп отыр. Термальды жер асты суы өнеркәсіпте, сондай-ақ үйлерді, жылыжайды, фермаларды және моншаларды жылыту үшін пайдаланылады.
Минералды сулар
Республиканың бірталай өңірінде өте тереңнен атқылап, жер бетіне шығып жатқан емдік қасиеті мол минералды су бұлақтары кездеседі. Олар температурасы және құрамындағы газдар мен тұздарының түрі жағынан әр түрлі болып келеді. Адам ағзасына шипалық әсері бар Алмаарасан, Қапаларасан, Сарыағаш, Жаркентарасан курорт-санаторийлері, емханалар салынған. Бұрыннан белгілі минералды қайнарлар, әсіресе, шөлді аудандарда көп кездеседі, жергілікті халық бұларды ем үшін пайдаланғаны болмаса, олар әлі игерілмеген.
Республика жерінде 300-ден аса минералды бұлақтар зерттеліп, олардың әр түрлі дертке шипалық қасиеттері анықталды. Олар Қазақстан жерінде ерте кезден белгілі. Мысалы, Алмаарасан радонды ыстық минералды су көзі XIV ғасырдан бері белгілі, Ақсақ Темір жорықтарының жазбаларында кездеседі. Алтайдағы Рахман қайнары жөніндегі алғашқы деректер баспасөз бетінде 1834 жылы жарияланған. Қызылорда аймағындағы Жаңақорған санаторийі 1919 жылдан жұмыс істейді.
Жер асты су ағыны
Жер асты су ағыны - таужыныстардың ішінде арын күшінің азаю жағына карай козғалатын жер асты суы.
Жер асты су ағынының алабы
Жер асты су ағынының алабы— жер асты суларының негізгі ағын базисінің жалпылығына байланысты бір бағытта козғалатын, планда бір реттегі суайрықтармен шектелген ағындар жүйесі. Мұндай жүйенің төменгі шекарасының қимадағы орны негізгі ағын базисінің сорғытулық әсерінің терендігімен анықталады.
Жер асты су жинау шекарасы
Жер асты су жинау шекарасы— аумағында жер асты сулары жиналатын таужыныстардың таралу ауданының контуры.
Жер асты сужиғысы
Жер асты сужиғысы- жер асты суларының өзен торабына сүзіліп келетін аумағы. Синонимдері: гидрогеологиялық алап, сужиғы ауданы.
Жер асты сулары
Жер асты сулары — жер қыртысын құрайтын таужыныстардың ішіндегі барлық физикалық күйдегі сулар. Орналасуына карай жер асты сулары кеуектердегі, жарықшақтардағы, карстық қуыстардағы болып, ал жатыc жағдайлары бойынша — қалқыма су, грунт және артезиан сулары болып ажыратылады.
Жер асты сулары балансының теңдеуі
Жер асты сулары балансының теңдеуі — жер асты суларының бір жерге ағып келуі мен ағып кетуі элементтері арасындағы байланыс тендеуі. Тұйық алап үшін оның кіріс бөлігін алап аумағында жауатын жауын-шашын, су буларының конденсациялануы және жер астылық ағып келу құрайды; шығыс бөлігі жер үсті ағынынан, буланудан және алаптан жер астымен ағып кететін судан тұрады.
Жер асты сулары деңгейінің тербелу амплитудасы
Жер асты сулары деңгейінің тербелу амплитудасы — жер асты сулары деңгейінің әр түрлі табиғи және жасанды факторлардың әсерінен белгілі бір деңгейден көтеріліп-төмендеу шамасы.
Жер асты сулары деңгейлерінің турақтануы
Жер асты сулары деңгейлерінің турақтануы — жер асты сулары деңгейінің белгілі бір уақыт ішінде көп ауытқымай, бір шамада болуы.
Жер асты сулары қалыптасуының генетикалық циклдері
Жер асты сулары қалыптасуының генетикалық циклдері — белгілі бір жүйелілікпен байланысқан генетикалық процестердің жиынтығы. Үш генетикалық цикл сараланады
1) инфильтрациялық немесе континенттік;
2) теңіздік немесе шөгіндік;
3) метаморфтық және магмалық.
Жер асты сулары қалыптасуының седиментациялық теориясы
Жер асты сулары қалыптасуының седиментациялық теориясы — жер асты суларының пайда болуын үйықтық сулардың шөгінді жиналу процесінде көміліп, соңынан олардың диагенез және катагенез стадияларында өзгеруімен түсіндіретін теория. Осындай жолмен артезиан алаптарындагы тереңде жатқан жер асты суларының негізгі бөлігі пайда болатындыгы дәлелденді.
Жер асты сулары пайда болуының кондесациялық теориясы
Жер асты сулары пайда болуының кондесациялық теориясы— жер асты суларының пайда болуын таужыныстардың кеуектеріндегі, жарықшақтарындагы және баска да қуыстарындагы атмосфералық ауаның су буларының конденсациялануынан деп түсіндіретін теория.
Жер асты сулары пайда болуының ювинильдік теориясы
Жер асты сулары пайда болуының ювинильдік теориясы - бұл теория бойынша жер асты сулары жер қойнауының өте терең қабаттарында оттек пен сутектің қосылуынан немесе магмадан бөлініп шыққан су буларынан пайда болады.
Жер асты суларын барлау
Жер асты суларын барлау - жер асты суларының пайдалану қорын өнеркәсіптік санаттар бойынша анықтау және мұндай сулардың кенорнын игеру мақсатымен топтық сутартқы жүмыстарын жобалауға керекті мәліметтер алу үшін жүргізілетін гидрогеологиялық зертгеулер кешені. Жер асты суларын барлау: алдын ала, түбегейлі және паңдаланудағы барлау болып ажыратылады.
Жер асты суларын жіктеу
Жер асты суларын жіктеу - әрқайсысының өзгергіш параметрлері болатын үш геосфераның немесе динамикалық физика-химиялық тепе-теңдік жүйелерінің: атмосфераның, гидросфераның және литосфераның бір-бірімен әрекетгесуі нәтижесінде табиғи қүрылымдар ретінде қалыптасатын жер асты суларының типтерін топтарға бөлу. Мұндай сулардың көптеген жіктемелері үсынылған. Оларды негізінен үш топқа біріктіруге болады:
1) табиғи сулардың, солардың ішінде жер асты суларының, химиялық жіктемелері;
2) жер асты суларының пайда болуы, жату жағдайлары, немесе пайда болуы мен басқа да белгілері бойынша жасалған жалпы жіктемелер;
3) жалпы жіктемелермен біріккен және жер асты суларының бір немесе бірнеше белгілері бойынша жасалған жеке жіктемелер.
Жер асты суларын пайдалану
Жер асты суларын пайдалану— жер асты суларын минералдылық дәрежесіне, химиялық қүрамына және физикалық қасиеттеріне қарай халық шаруашылығында пайдалану түрлері. Олар ауыз су ретінде және шаруашылық сулармен қамтамасыз ету үшін, жер суаруға, ауруларды емдеуге, су қүрамындағы кейбір бағалы құрам бөліктерді өндіріп алу үшін және жылу көзі ретінде пайдаланылады.
Жер асты суларын химиялық құрамы бойынша жіктеу
Жер асты суларын химиялық құрамы бойынша жіктеу - химиялық құрамының құрамдас бөліктерінің басымдылығы, әр алуан құрамбөліктердің бір-бірімен арақатынасы, газдық және иондық құрамында ерекше құрамбөліктердің болуы және т.б. белгілері бойынша топтарға бөлу.
Жер асты суларын шегендеу
Жер асты суларын шегендеу - жер асты суларын шаруашылықта пайдалану мақсатымен оларды ашып, жер бетіне шығару үшін орыңдалатын инженерлік-техникалық жұмыстар және осындай жұмыстарды жүргізуге арналған құрылғылар.
Жер асты суларын іздеу және барлау
Жер асты суларын іздеу және барлау — ішуге және техникалық сумен жабдықтауға, емдік мақсаттар мен химиялық шикізат алуға жарамды жер асты суларын іздеп табу мақсатымен жүргізілетін геологиялық, гидрогеология,геофизикалық және тәжірибелік жүмыстардың жиынтығы.
Жер асты суларында газдың жылыстауы, минрациясы
Жер асты суларында газдың жылыстауы, минрациясы - жер асты суларында әдетте еріген күйде болатын газдың осындай сулардың көмегімен жер қыртысының бір түсынан басқа тұсына орын ауыстыруы. Суда еріген газдар сулы қатғарда қозғалатын сумен бірге, сондай-ақ диффузиялық және эффузиялық процестердің нәтижесінде орын ауыстырады. Көмірсутекті газдардың ішінде ең жақсы жылжитыны — метан.
Жер асты суларындағы химиялық элементтердің жылыстауы
Жер асты суларындағы химиялық элементтердің жылыстауы — мұндай элементтер қоспаларының түпкі кен орнынан басқа жаққа оны қоршаған таужыныстардағы сулармен бірге орын ауыстыруы, соңынан олардың мүмкін болатын су ерітінділерінен тұнуы және тұнған шөгінділердің әдденеше рет жаңадан еруі және қайтадан түзілімденуі. Элементтердің жылыстау қабілеті олардың концентрациясына және геологиялық ортаның құрамына, температурасы мен қысымының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады.
Жер асты суларының алабы
Жер асты суларының алабы - гидрогеологиялық алап терминінің синонимі.
Жер асты суларының балансы
Жер асты суларының балансы — сулы таужыныстың берілген көлеміндегі жер асты суларының қорын толтыратын су мөлшері мен осы қордан біршама уақыт ішінде алынатын су мөлшерінің ара-катысы. Оны зерттеу ылғал айналымы процестерімен байланысты, жер асты суларының қоректену және режімі заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Жер асты суларының болжамдық қоры
Жер асты суларының болжамдық қоры — жер асты суларының жалпы гидрогеологиялық түсініктер, теориялық алғышарттар, геологиялық және гидрогеологиялық карталау нәтижелері, геофизикалық, гидрохимиялық, гидрологиялық және субаланстық зерттеулер негізінде шамалап, жорамалданатын олеуеттік қоры. Жер асты суларының болжамдық қоры туралы мәліметтер жер асты суларын іздестіру жұмыстарын жоспарлағанда пайдаланылады, сонымен катар жер асты және жер үсті суларын кешенді пайдалану мен қорғау шараларын белгілегенде ескеріледі.
Жер асты суларының балансы - Кен орындарындағы есептелген минералдық шикі заттар қоры.
Жер асты суларының газдық құрамы
Жер асты суларының газдық құрамы — жер асты суларында еріген газдардың
Ең көп тарағандары: оттек, азот, метан, көмірқышқыл газы, күкіртті сутек, салғырт газдар.
Сирегірек кездесетіндері: сутек, этан, пропан және бутан, сондай-ақ көміртек тотығы, азот тотығы мен шала тотығы және т.б.
Олардың пайда болуы атмосферамен, мантияның газсыздануымен, жердің терең қойнауында және оның бетінде болатын химиялық және биохимиялық процестермен байланысты.
Жер асты суларының геологиялық қорлары
Жер асты суларының геологиялық қорлары - жер асты су ағынына қатынасатын және литосфераның қанығу белдемінің кеуектерін толтырып тұратын жер асты суларының көлемі; оларға жер асты суларының берік байланысқан суынан басқа барлық түрлері кіреді. Қорлар: динамикалық, статикалық, серпімді болып бөлінеді.
Жер асты суларының динамикасы
Жер асты суларының динамикасы
— 1) гравитациялық жер асты суларының жер қыртысына тон таужыныстар ауқымында әр түрлі табиғи және жасанды факторлар есебінен қозғалуын зерттейтін ғылыми сала;
- 2) Жер асты суларының таужыныстар қимасындағы қозғалысы.
Жер асты сулараның жалпы қоры
Жер асты сулараның жалпы қоры — жер асты суларының статикалық және динамикалық қорларының жиынтығы. Жер асты суларының табиғи ресурстары.
Жер асты суларының жаңаратын қоры
Жер асты суларының жаңаратын қоры — жер асты суларының динамикалық қоры терминінің синонимі.
Жер астысуларының жылыстауы
Жер астысуларының жылыстауы — жер асты суларының бір сулы таужыныстан сапасын сақтай отырып, басқа сулы қабатқа сүзіліп өтуі.
Жер асты суларының игерілетін қоры
Жер асты суларының игерілетін қоры — аумағы анықталған сулы горизонттан сутартқы құрылыстар арқылы, берілген пайдалану режимінде және су сапасының барлық есептелген түтыну уақыты ішінде өзгермеуі жағдайында, техникалық-экономикалық жағынан тиімді түрде алуға болатын су мөлшері. Ол көбінесе тәулігіне текше-метрмен өлшенеді. Игерілетін қор жер асты суы кенорнының барланғандық дәрежесіне, су сапасының зерттелгендігіне және пайдалану жағдайларына байланысты 4 категорияға бөлінеді: А, В, С, және С2.
Жер асты суларының кадастры
Жер асты суларының кадастры — жер асты сулары жайындағы барлық деректердің жүйеленген және үнемі толықтырылып отыратын жинағы.
Жер асты суларының қалыптасуы
Жер асты суларының қалыптасуы — жер қыртысының ішінде өздеріне тән барлық белгілерімен сипатталатын сулардың пайда болуына әкелетін табиғи процестер жиынтығы.
Жер асты суларының ластануы
Жер асты суларының ластануы — жер асты сулары сапасының адамдардың іс-әрекеті салдарынан алғашқы калпына қарағанда нашарлауы. Мұның өзі ақыр аяғында олардың пайдалануға жарамай қалуына әкеледі. Сапасынын өзгеру денгейіне қарай жер асты сулары былайша бөлінеді:
1) аздап ластанған — су сапасының көрсеткіштері табиғи мәннен артық, бірақ
пайдаланудың нақты түрлері үшін шектелген рауалы концентрациядан төмен;
2) ластанған — су сапасының көрсеткіштері ШРК-дан бірнеше есе артық;
3) өте ластанған — су сапасының көрсеткіштері ШРК-дан әлдеқайда артық және ластану көзіндегі ерітінді қүрамының көрсеткіштеріне жуық. Жер асты суларының ластану көздері: ластағыш заттардың түрлері мен пайда болуы, сулы горизонтқа ластағыш заттардың ену жағдайлары, ластану масштабы белгілері бойынша жіктеледі.
Жер асты сулатының метаморфтануы
Жер асты сулатының метаморфтануы — ортаның әдетте тотықсыздандыру жағдайларында өтетін және суларда Са, Sг, Вг және басқа да құрам бөліктердің жиналуына әкелетін жер асты сулары химиялық құрамының өзгеру процесі.
Жер асты суларының органикалық заттары
Жер асты суларының органикалық заттары - жер асты суларында еріген күйде иондық, молекулалық және коллоидтік түрде болатын органикалық қоспалар. Олардың құрамына: шайыр және май, нафтен және амин қышқылдары, фенолдар, бензолдар, кейбір көмірсутектер және т.б. кіреді. Жер асты сулатының метаморфтануын зерттеудің мұнай түзілу және мұнай жиналу процестерін тануда үлкен маңызы бар.
Жер асты суларының пайда болу түрлері
Жер асты суларының пайда болу түрлері - пайда болу ерекшеліктеріне қарай жер асты сулары бес түрге бөлінеді:
1) инфильтрациялық сулар ;
2) конденсациялық сулар ; *3) седиментациялық сулар ;
4) органикалық текті сулар ;
5) өте теренде пайда болатын, немесе ювенилді сулар.
Жер асты суларының пайда болуы
Жер асты суларының пайда болуы — жер асты суларының тарихи жаратылыстық факторлардың және адамның өндірістік қызметінің әсерімен қалыптасу процесі.
Жер асты суларының режімі
Жер асты суларының режімі — жер асты суларының қалыптасуын қамтып көрсететін тарихи-табиғи процесс. Ол жер асты сулары ресурсының, қасиетінің және құрамының, соның ішінде деңгейінің немесе арын кушінің, өтімінің ағу жылдамдығының, температурасының, химиялық, газдық және бактериялық құрамының уақыт бойынша өзгеруін сипаттайды.Жер асты суларының режімі оларға әсер ететін факторлардың басымдылығына қарай табиғи және бұзылған болып негізінен екіге бөлінеді.
Жер асты суларының резервуары
Жер асты суларының резервуары — жер асты суларын жинап сақтауға қолайлы, сыйымдылығы мол орын.
Жер асты суларының ретеулі қоры
Жер асты суларының ретеулі қоры — еркін бетті жер асты сулары деңгейінің мерзімді ауытқу белдеміндегі су көлемі.
Жер асты суларының серпімді қоры
Жер асты суларының серпімді қоры — жер астындағы арынсулы қатты ұңғымамен ашқанда және ондағы қысымды сутартумен төмендеткенде серпімді күштердің әсерімен судың көлемдік улғаюы мен қаттың өзінің кеуектерінің кішіреюі нәтижесінде босап шығатын жер асты суларының мөлшері.
Жер асты суларының сутартқысы
Жер асты суларының сутартқысы — жер асты суларын елді мекендерді сумен қамтамасыз ету үшін және басқа да ақсаттарда пайдалану үшін салынатын гидротехникалық құрылыс. Жер асты суларының сутартқыларын пайдалану жағдайлары мен атқаратын міндеттеріне қарай негізінен: тік, көлбеу, сәуле тәрізді және жер асты табиғи су көздерін шегендеу болып бөлінеді. Үңғымалық сутартқы егер сулы қабаттың барлық қалыңдығын кесіп өтсе, ол жетілген, ал егер ол сулы горизонтқа тек жарым-жартылай кірсе және сутірекке жетпесе — жетілмеген Жер асты суларының сутартқысы деп аталады.
Жер асты суларының табиғи ресурстары
Жер асты суларының табиғи ресурстары — сулы горизонттың табиғи жағдайда қәректенуін қамтамасыз ететін, жыл сайын үздіксіз жиналып, толығып отыратын су мөлшері. Ол атмосфералық жауын-шашынның, жер бетіндегі суқоймалар мен ағынсулардың жерге сіңуі, жер асты суларының одан жоғары және төмен орналасқан горизонттардан және шектес аумақтардан сүзіліп келуі нәтижесінде қалыптасады. Жер асты суларының табиғи ресурстары сулы қабаттың көлденең қимасынан белгілі уақыт ішінде ағып өтетін су көлемімен өлшенеді. Синонимі: жер асты суларының динамикалық қоры.
Жер асты суларының табиғи қоры
Жер асты суларының табиғи қоры - табиғи жағдайда таужыныстардағы гравитациялық судың текшеметрмен өлшенетін көлемі. Арынды қабаттарда оған сондай-ақ жер асты суларының серпімді қоры жатады. Серпімді қор осындай сулардың деңгейін судың өзі мен таужыныстардың серпімді қасиетгері есебінен төмендеткенде қалыптасады.
Жер асты суларының тежеме көтерілу белдемі
Жер асты суларының тежеме көтерілу белдемі - жер асты сулары деңгейінің олардың қозғалу жолындағы бөгенге, өзенге, жер асты су өткізбейтін қабатқа тіреліп, жоғары көтерілу белдемі.
II бөлім
Қатынас ыдыстар мен су құбырының ашылу тарихы
Су құбыры - бұл күрделі қондырғы. Оның көмегімен қаланы, ауылды, өндіріс пен шаруашылық орындарын бір орталықтан сумен қамтамасыз етеді. Тұрмыстық су құбыры тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етеді, заводтар мен мекемелердегі адамдардың тұрмыстық қажетін қанағаттандырады. Өнеркәсіптік су құбыры тек қана өндірістік және технологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырады.
Алғашқы қарапайым су құбырлары
Ең алғашқы қарапайым су құбырлары бірнеше мың жылдар бұрын салынған болатын. Ертедегі Мысырда жер асты сулары терең құдықтардан су көтергіштермен көтеріліп, қыш немесе ағаш құбырлар арқылы тұтынушыларға жеткізіліп отырған. Ежелгі Римде одан неғұрлым күрделірек жүйе пайдаланылған. Онда су құбырлары жыралар, өзендер, жолдар және т.б. арқылы өткізілген. Батыс Еуропада XVII ғасырдың аяғында ағаштан жасалған су құбырлары салынған. XVIII ғасырда су құбырын салу Англияда қолға алына бастады. Мәскеуде 1804 жылы орталықтандырылған тұрмыстық су құбыры, ал Алматыда 1933 жылы алғашқы ағаштан жасалған су құбыры салынды. 1935 жылдан бастап су құбырын салу жоспарлы түрде дами бастады. Онда енді темірбетон және қыш (керамика) құбырлар пайдаланылды.Қазақстанда күйдірілген қыштан жасалған су құбырлары Х-ХІІ ғасырларда Отырар қаласында, Х-ХІ ғасырларда Тараз қаласында салынғаны археологиялық қазба жұмыстарынан белгілі.
Су құбырының жұмыс істеу принципі
Су құбырының жұмыс істеу принципі мынадай: су жинау үшін биік мұнара үстіне үлкен ыдыс орнатылады. Одан үйлерге, тұтынушыларға қарай тармақталған құбырлар жүргізіледі. Құбырдың үйдегі немесе пәтердегі ұшы (шеті) шүмекпен жабылады. Шүмектегі қысым биіктігі шүмектің биіктігі мен ыдыстағы судың еркін беті биіктігінің айырымына тең болатын су бағанының қысымына тең. Бұл біршама елеулі қысым, өйткені су құбырының мұнарасы қаланың, ауылдың, аймақтың ең биік жеріне салынады (1-сурет). Мұнаралық су құбырының жұмысы катынас ыдыстардың қасиетіне негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |