Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
1. Жалпы білім беру мектептерінде оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың теориялық-әдіснамалық алғышарттары айқындалды.
2. Қоғамның жаңару жағдайында оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімді дайындаудың теориялық негіздеріне сай, тұлғалық - бағыттылықтың жаңа үлгісінің психологиялық, педагогикалық мәні ашылды.
3. Мектептегі дене тәрбиесі жүйесінде оқушыларды дене қасиеттері дамыған, жеке тұлғалық қалыптастыру моделі жасалып, өлшемдері мен деңгейлері және механизмдері анықталды.
4. Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін олардың дене мүмкіндіктері мен қозғалыс қимылдарын ескере отырып жүзеге асыруға дайындау мазмұны айқындалды.
5 . Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың ғылыми - әдістемелік жүйесі жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: |