Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселені шешуде 2012 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырт-Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Ондағы жетінші бағыт: Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі мазмұнында «Білім беру жүйесін жаңғырту іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор» - деп қарастырады. .
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады.
Д ене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек.
Дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір жағдайында инновациялық процестер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.
Оқушылар дене тәрбиесін және жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру мәселелері бірқатар ғылыми зерттеулерге арқау болған М.Таникеев, Т.А. Ботағариев, А.Б. Нұрлыбекова, Б.А. Тойлыбаев, Ж.К.Оңалбек, А. Қарақов, Қ.Т. Жанабаев, Б.М. Сапарбаев, Е.Мұхитдинов және т.б.
Демек, мектеп дене тәрбиесі денгейін көтеру, оқушыларды денсаулығы мықты, жан-жақты дамыған, алуан түрлі дене және ақыл-ой еңбектерін тәрбиелеуге қабілетті ұрпақты дайындау жөніндегі мемлекеттік қажеттілік талаптарына байланысты жүргізілетін іс. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының алға қойып отырған басты міндеттерінің бірі – халықаралық білім жүйесіне ену.
Бүгінгі таңда болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруды ескере отырып бұл мәселенің ғылыми-теориялық тұрғыда талданбауы және болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын ғылыми - әдістемелік тұрғыдан жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету сұранысы мен осы уақытқа дейін педагогика ілімінде аталған мәселенің арнайы жүйе ретінде қарастырылмауы арасында қарама-қайшылықтар орын алып отырғаны байқалады. Қарама-қайшылықтар бізге зерттеу мәселесін айқындап, тақырыпты «12 жылдық оқыту кезеңінде мектептерде жүргізілетін дене тәрбиесі жұмыс ерекшеліктері» деп таңдауымызға себеп болды.
Достарыңызбен бөлісу: |