Зерттеудің мақсаты – мектеп дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға бағытталған әдіснамалық-теориялық негіздерін айқындап, оны жүзеге асырудың ғылыми-әдістемелік жүйесін жасау және оларды тәжірибелік–эксперименттен өткізіп, қорытындысын шығару.
Зерттеудің міндеттері:
12 жылдық білім беру жүйесіне дайындау мен пән әдіскерлерінің кәсіби құзіреттілігін арттыру;
2. Болашақ «Дене тәрбиесі және спорт» мамандарының кәсіби біліктілік беделін арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру;
3. Жаңа педагогикалық және ақпаратты технологияны пайдалана отырып оқыту негізінде болашақ педагогтың функционалдық сауаттылығын арттыру;
4. Инновациялық және озық іс-тәжірибені оқып-үйрену, зерттеу және тарату;
5. Мектеп оқушыларының дене даярлығын арттыру мақсатында «Президенттік тест» сынамасы талаптарын орындауға ағза қабілетін қалыптастыру;
6. Оқушылардың денсаулықтарын нығайту, мүсін түзулігін қалыптастыру, ағзаларын дамыту және шынықтыру.
2. Негізгі қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды әртүрлі өмір жағдайында қолдана білу шеберлігіне үйрету.
Барлық міндеттерді орындаудың негізгі амалы дене тәрбиесі жаттығулары мен теориялық білім.
Достарыңызбен бөлісу: |