Халқы және әкімшілік-территориялық құрылымы
Тұрғыны 50,6 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге шаққанда 1,6 адамнан келеді ().
Аудан халқы көпұлтты. Халықтың негізін қазақтар (97,8%) құрайды. Одан басқа орыс, кәріс, татар, өзбек т.б. ұлт өкілдері тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге шаққанда 1,6 адамнан келеді.
Аудандағы 28 елді мекен 2 кенттік және 10 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген.
Ірі елді мекендері:
Жосалы (18,9 мың адам),
Төретам (7,2)
Ақай (2,8),
Ақжар ауылы (2,3),
Интернационал ауылы (2,6),
Тұрмағамбет ауылы (2,3),
Жаңажол (2,2),
Ақтөбе ауылы (2,1), т.б. ауылдар.
Шаруашылығы мен өнеркәсібі.
Ауданда 1996 жылға дейін негізінен, күріш пен қаракөл қойы, оған қосымша сүтті-етті мал, жылқы, түйе, мал азықтық дақылдар өсіруге маманданған 3 ұжымшар, 7 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. Олардың негізінде Қармқшы ауданы аумағында 1 ӨК, 2 акционерлік қоғам, 16 серіктестік, 57 шаруа қожалығы жұмыс істейді (2005). Жалпы, Қармақшы ауданында 244 заңды тұлға тіркелген (2005). Оның ішінде 31-і мемлекеттік меншігінде, мемлекеттік қазыналық кәсіпорын саны 106, 134 ЖШС, 2 толық серіктестік, 3 ӨК болды. Салалар бойынша: 2 құрылыс, 4 көлік, 107 сауда, 6 тұрмыстық қызмет көрсету және 127 басқа шағын кәсіпорындар бар.[3]
Ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 2 млн. 129 мың га, оның ішінде жыртылған жері 17,4 мың га, шабындық 24 мың га, жайылым 2 млн.080 мың га (2009).
Аудан аумағында 45,9 км су құбыры тартылған.
Ауданда 14,1 мың бас ірі қара, қой мен ешкі 32,8 мың бас, жылқы 2,5 мың бас, түйе 1,13 мың бас тіркелді (2005).
Нарық экономикасына өтуге байланысты шағын кәсіпкерлік те біршама дамып келеді. Ауданда 2005 жылы 1114 шағын кәсіпкерлік нысан тіркелді. Оның ішінде ауыл шаруашылығы бағытында 85, жеке кәсіпкерлік 1029 болды. Жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлға саны 117. Аудан аумағында өнеркәсіп өнімдерін өндіретін 10 нысан тіркелген.
Достарыңызбен бөлісу: |