Мазмұны кіріспе 4 1БӨлім. ҚАланың ҚЫСҚаша сипаттамасы



бет10/28
Дата06.02.2022
өлшемі3,25 Mb.
#38417
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Қазалы ауданы – Қызылорда облысының батысында орналасқан әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Жерінің аумағы 37,4 мың км2. Тұрғыны 69,4 мың адам (2005). Аудандағы 59 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік және 14 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы – Әйтеке би кенті. Қазалы ауданының жері Тұран ойпатында орналасқан. Солтүстігінде Арал қарақұмы, оңтүстігінде Қызылқұм жатыр. Ауданның ең биік жері Арал қарақұмында (Жуантөбе тауы, 136 м). Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, аңызақ. Ауаның орташа температурасы қаңтар айында – 9 – 13 0С, шілдеде 26–28 0С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100–150 мм. Сырдария өзені аудан жерінің орта тұсынан өтеді. Қазалы қаласының маңынан Қазалы каналдары (оң жақ, сол жақ каналдары) және Жаңаарық каналы бастау алады. Сырдария өзенінің Қуаңдария, Ескідариялық және Жаңадария атты ескі арналары бар. Топырағы негізінен, құмды сортаңды болып келеді. Кейбір жерлері (ауданның шығысы) тақыр. Аудан жерінде шөлге төзімді бозжусан, жүзгін, жиде, сексеуіл, қарасексеуіл, теріскен, Арал Қарақұмы маңында астық тұқымдас шөптесін аралас бозжусан, өзен, көл маңында қамыс, құрақ өседі. Қазалы ауданында пайдалы жабайы өсімдіктерден қызылмия, тәттітамыр, жұмыршақ, тұмаршөп, итсигек, ақши, Рихтер сораңы, кәдімгі адыраспан, т.б. дәрілік шөптер өседі. Аудан жерінде шөлді ландшафтың жануарлары – кіші саршұнақ, атжалман, шағыл мысығы, құмқояны, құлақты кірпі, құмтышқан, қарсақ, сасықкүзен, қасқыр, түлкі, күзен, ақбөкен, доңыз, ондатра, қырғауыл, т.б. мекендейді. Халқы көп ұлтты. Ауданда 14 ұлттың өкілдері тұрады. Олардың басым бөлігі жергілікті қазақ ұлты. (99,4%). Халық аудан аумағында біркелкі қоныстанбаған. Тұрғындардың 90%-дан астамы Сырдария өзенінің аңғарында және оның тармақтары бойында қоныс тепкен. Орташа тығыздығы 1 км2-ге 2 адамнан келеді. Ірі елді мекендері (2005): Әйтеке би кенті (36,1 мың адам), Қазалы қаласы (5,1), Бекарыстан би (2,7), Жанқожа батыр (1,8), Ақтан батыр (1,6), Өркендеу (1,5) т.б. Ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 1,67 мың га, оның 10,2 мың га-ры жыртылған, 9,8 мың га жеріне астық дақылдары, 4,9 мың га-ға мал азықтық шөп егілген. Шабындығы 27,9 мың га, жайылымы 1,6 млн. га. Аудандағы ірі қара мал саны 39,2 мың бас, қой мен ешкі 97,85 мың, жылқы 8,1 мың, түйе 3,46 мың бас болды (1.1.2005). Ауыл шаруашылық саласында 245 агроқұрылым жұмыс істейді, оның екеуі мемлекеттік шаруашылық, 21 серіктестік, 10 акцион. қоғам, 1 ӨК, 224 шаруа қожалығы және 6 басқадай құрылымдар бар. Ауданда шаруашылық субъектілер саны 293 (2005), оның ішінде мемлекеттік қазыналық кәсіпорын саны 33. Бұлардан басқа 7 АҚ, 110 ЖШС, 2 ӨК және 139 басқадай ұйымдар бар. Шағын бизнес нысандарының саны 1953, оның ішінде жеке кәсіпкерліктер 1655. Өнеркәсіп өнімдерін өндіретін 22 кәсіпорын (оның 20-сы ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейді), ауыл шаруашылық кәсіпорындар саны 132, құрылыста 5, көлік және байланыста 140, сауда саласында 1218, т.б. іскерлікпен айналысатын шағын кәсіпорындардың саны 92. Жалпы су құбырларының ұзындығы 265,9 км. Қазалы ауданында жалпы білім беретін 41 мектеп, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 11 балабақша, 1 мұражай, 24 кітапхана, 8 мәдениет үйі, 14 клуб, 2 стадион, 17 спорт залы бар. Денсаулық сақтау саласында 10 аурухана, 1 емхана, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт, 10 ауылдық дәрігерлік амбулатория қызмет көрсетеді. Қазалы ауылы арқылы Ташкент – Орынбор темір жолы өтеді. Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 427 км, оның 170 км-і республикалық маңызы бар жолдар. Аудан аумағында 10 – 11 ғасырлардағы Оғыз қағандығының орталығы Жанкент қаласының орны бар. Мұнда Орақ батырға, Жанқожа батырға кесенелер, т.б. тарихи тұлғаларға ескерткіштер орнатылған. Қазалы ауданы жерінде Жалаңтөс пен Әйтеке, Жанқожа мен Ақтан, Ашабай мен Сырлыбай, Жылқыайдар мен Жетес, Үмбет пен Ерімбет, т.б. әйгілі батырлар мен би-шешендер өмір сүрген







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет