ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ
Арал ауданы – Қызылорда облысындағы әкімшілік бөлінісі 1938 ж. ұйымдастырылған. Аудандағы 58 елді мекен, 1 қалалық, 2 кенттік, 14 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы – Арал қаласы Жер аумағы 55,1 мың км². Тұрғыны 70,8 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 1,2 адамнан келеді (2014). Арал ауданы облыстың солтүстік-батыс бөлігінде, шөлейт белдемде орналасқан. Аудан жерінің ең биік жері – Шевченко шығанағынан солтүстік-батыста жатқан тау (324 м). Аймақтары мен елді мекендер Ірі елді мекендері: Арал қаласы (30,5 мың), Абай (2,3), Сексеуілді (8,9), Жақсықылыш кенттері (5,0) және Шижаға (2,2), т.б.
Жалпы білім беретін 45 мектеп болды. Мәдениет саласында 6 мәдениет үйі, 16 клуб, 37 кітапхана, бір музей, бір кинотеатр тіркелген. Аудандық «Толқын» газеті шығып тұрады. Н. Кенжеғұл атында мәдениет үйінде Қазанғап атында халық аспаптар оркестрі, Сыдықовтар жанұясының ансамблі, «Көңілашар» үгіт-көркемдік бригадасы жұмыс істейді. Денсаулық сақтау саласында ауданы аурухана, балалар босанатын үй, психоневрол. диспансер, кеңес беру диагностик. емхана, 2 аурухана, 31 фельдш.-акушерлік және фельдш. пункт, 12 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, тіс емдейтін «Жансая» және «Аралстоммед» ЖШС-тері, 4 дәріхана, ауданы санэпидстанса, лепропункт, т.б. медицина мекемелер халыққа қызмет көрсетеді. Спорт саласында ауданда 192 спорт ғимараттары тіркелген. Ауданда көптеген қоғамдық бірлестіктер («Қайрат», «Ана үміті», «Байқоңыр», «Арал теңізі», «Ұстаз ұлағаты», «Көкжиек», т.б.) жұмыс істейді. А. а. аумағымен Орынбор–Ташкент т. ж. (162 км) өтеді. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 502 км, оның ішінде респ. маңызы бар жолдың ұзындығы 211 км. Байланыс кәсіпорындары мен мекемелерінен 1 ауданы байланыс бөлімі, 18 пошта бөлімшесі, 1 телекоммуникация жүйесі елге қызмет көрсетеді. Ауданда ұзындығы 570,6 км су құбыры тартылған. Электр энергиясын «Дәу летэнерго» ЖШС-і береді. Аудан өңірінен көптеген археол. және мәдени ескерткіштер табылған.
Климаты
Арал ауданының климаты тым континенттік. Орташа ауа температурасы қаңтарда – 13 – 15°С, шілдеде 24 – 35°С. Жауын-шашынның мөлшері 100 мм-ге жуық. Аязсыз күндер саны 160 тәулік, қар жамылғысы жұқа (10 см), ол 80 күндей жатады. Вегетация кезеңінің жылдық температура жиынтығы солтүстігінде 3400ӘС, оңтүстігінде 3800ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. солтүстігінде 150 мм, оңтүстігінде 105 мм. Оның 80%-ға жуығы көктем мен күз айларына келеді. Атмосфера қуаңшылықтың орташа мөлшері 50 тәулік. Аудан өте құрғақ агроклиматтық ауданға жатады. Сондықтан гидротермиялық коэффицент 0,3-ті құрайды, яғни ылғалдылығы өте төмен аймаққа жатады. Аудан аумағында желдің басым бөлігі солтүстік-шығыс (22%) және оңтүстік-батыстан (18%) соғады. Қыста солт-тен соғатын жел 24%-ды құраса, жаздағы жел 26%-ды құрайды. Желдің жылдық орташа жылдамд. 4 – 4,5 м/с.
Достарыңызбен бөлісу: |