Мазмұны кіріспе 4 1БӨлім. ҚАланың ҚЫСҚаша сипаттамасы



бет18/28
Дата06.02.2022
өлшемі3,25 Mb.
#38417
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
Жаңақорған ауданы — Қызылорда облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөліктік, 1928 ж. құрылған.

Жерінің аумағы 15,4 мың км². Тұрғыны 67,5 мың адам (1999). Аудандағы 39 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік және 12 ауылдық әкімшілік округтерге біріктірілген.


Орталығы — Жаңақорған кенті. Аудан жерінің солтүстік-шығыс бөлігін Қаратау жотасының солтүстік-батыс сілемдері алып жатыр. Ең биік жері 1419 м (Бесарық өзенінің бастауында). Орталық бөлігін Сыр бойы жазығы, оңтүстігін, оңтүстік-батысын Қызылқұм шөлі алып жатыр. Ауданның жер қойнауы кен байлықтарына бай. Қаратаудың Өгізмүйіз тауы етегінде Шалқия кеніші орналасқан.


Климаты — континенттік. Қысы біршама жұмсақ, жылы күндер жиі болып тұрады. Жазы ыстық, аңызақ. Қаңтар айындағы ауаның орташа температурасы –6 — 7°С, шілдеде — 27 - 28°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 — 200 мм. Өзен жүйесін Сырдария өзені және оның оң салалары (Бесарық, Ақұйық, Жиделі, т.б.) құрайды. Борықтыкөл, Нарсоққан, Бозкөл, Қандыарал, Шұқырой, т.б. көлдері бар. Топырағы аллювийлі-шалғынды, шалғынды-батпақты, сор, сортаң, оңт-ке қарай құмды келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет