Халқы мен өнеркәсібі
Халықтың орташа тығызд. 1 км²-ге 4,5 адамнан келеді. Жаңақорған мен Шалқия кенттеріндегі қала халқы 33,6%. Ірі ауылдық елді мекендері: Бірлік, Бесарық, Келінтөбе, Төменарық. Өнеркәсіп орындарынан Шалқия кен өндіру кешені, Тас ұнтақтау зауыты, т.б. шағын кәсіпорындар (май, нан зауыттары) бар. Жаңақорған ауданындағы бұрынғы күріш, қаракөл қойын, етті-сүтті ірі қара, бау-бақша, жеміс жидек өсіруге маманданған 14 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі 1997 жылдан бері акцион. қоғамдар, серіктестіктер, өндірістік кооперативтер және шаруа қожалықтары болып қайта құрылған. Одан басқа құрылыс, көлік, телекоммуникация, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |