Мазмұны кіріспе азаматтық ҚҰҚЫҚТЫҚ объектілерінің ҰҒымы мен түрлері


АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ



бет2/8
Дата08.12.2023
өлшемі59,39 Kb.
#195747
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
мадияр курсавой

1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
1.1 Азаматтық құқықтың объектілеріне жалпы сипаттама
Азаматтық құқық объектілері (ағып of civil rights (civil law) (property), нем. Objekte der Biirgerreclite pi (materielle)) - мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар.
Азаматтық құқық объектілерінің түрлері
1. Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.
2. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке); заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет шығармашылық-интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады.
2-1. Ақшаға және ақшалай міндеттемелер бойынша құқықтарға (талаптарға) (ақша төлеу жөніндегі талап ету құқықтарына), егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе немесе міндеттеме мәнінен туындамаса, тиісінше заттардың немесе мүліктік құқықтардың (талаптардың) құқықтық режимі қолданылады.
3. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады. Азаматтық құқық қатынастар объектілерін әртүрлі түсініктер беріледі және олар мыналар: жоо азаматтық құқық қатынастарының қатысушыларының әрекетерінің бағыталатын объектілері; жоо азаматтық құқық қатынастар субъектілері өз ішінде құқықтық қатынастарға қатысудың себебі болатын материалдық және рухани игілік;
ол объекті бұл азаматық құқы қатыгнастың пайда болуына себепші болатын құндылық .Азаматтық құқық қатынастар объектілерінің әр түрлілік қатынастарда топтастырылады.Азаматтық құқық қатынастар объектілерін қандай түрлерге бөлуге болады? Азаматық құқық объектілерінің барлық түрлерін оқыңдар. Объектілердің әртүрлі аталуының негізі неде? Жылжымайтын мүлік -- Қазақстандық азаматтық құқықтың жаңа салыстырмалы ұғымы. Жермен байланысты болатын нәрсені, әдетте жылжымайтын мүлік деп түсіндіреді: ғимарат, жер учаскелері мен құрылыстар. Бірақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде жылжымайтын мүлікке жермен байланысы жоқ объектілерді де жатқызады. Жылжымайтын мүлік құқықтық терминнің кең түсінілуі дәлелді ме? Жылжымайтын мүліктің құқықтық режимі және жылжитын заттың режимі араасында негізгі айырмашылық неде? Кәсіпорын азаматтық құқықта субъектісі (сіздер, бұл жағдайда кәсіпорын туралы Заңды тұлға тақырыбын оқыған кезде қарастырасыздар) ретінде де және объектісі ретінде де қолданылады. Бөлінетін және бөлінбейтін заттарды бөлу мәселесі бір уақытта екі немесе одан да көп тұлғаларға тиісті заттарды бөлу жағдайы кезін маңызды болады. Бөлінбейтін мүлікке ортақ мүлік құқығы негізінде бір уақыта екі субъект құқылы болса, онда не істеу керек? Шаруа қожалығын бөлу қандай тәртіпте жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің баптарына сілтеме беріңіз. Шығармашылық қызметтің нәтижесі және оларға теңестірілген заңи тұлғаның жекешелендірілген құралдары (өнім, жұмыс, қызмет көрсету) бір объектілер құрамына жатады, ол интеллектуалдық меншік деп аталады. Құқық нормасы бұл объектілерді тікелей меншік иесі және оның рұқсатымен басқа адамдардың қолданылуын қамтамасыз етеді. Құқық нормаларында, сондай-ақ интелектуалдық меншік объектілерді қорғаудың тәсілдері мен тәртібі көрсетілген. Азаматтық құқықтағы интеллектуалдық меншікке жататын объектілерді атап шығыңыз. Интелектуалдық меншікті реттейтін нормативтік актілерді атаңыз. Азаматық құқық объектілеріне ақпарат не оның әр түрлілігіне: қызметтік және коммерциялық құпиялар жатады. Сіздің пікіріңізше, жоғарыда көрсетілген ұғымдарды және олардың белгілерін қалай айқындауға болады? Мысал келтіріңіз? Атақты Астаналық клоун Н., Алматы қаласындағы цирктің артисі А-ның өз қойылымдарында Н-ның бағдарламасына кіретін цирктік номерлерін қолданып, опармен ТМД бойынша гастролде жүріп үлкен жетістіктерге жеткенін біледі. Сіздің ойыңызша, аталған жағдайға қатысты Н-ның А-ға талап қоюы орынды бола ма? Егер азаматтық құқық қатынас пайда болса, оның объектісі не болып табылады? Осы объект азаматтық құқықпен қорғалады ма? Төменде көрсетілген интелектуалдық меншік объектісін қызметтің нәтижесіне қарай бөліңіз:
- әдеби-көркем шығармасы;
-ғылыми еңбектер;
-артистердің атқаратын қызметі;
-фонограмма;
-радиолық бағдарламалар
-ЭЕМ бағдарламасы;
-тауар белгісі;
- қызмет көрсету белгісі;
-математика бойынша тапсырма
-ойлап табу,
-ғылыми ашулар
-коммерциялық атау және белгі;
Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады.
Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық қатынастарына араласып жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің заң жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы, қайсыбір затты болсын сатып алуда сатушы мен алушының арасында Азаматтық кодексте көрсетілген сату-сатып алу мәмілесінен туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада ақша төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне беруге, немесе затында сапасы жағынан бір кемшілігі немесе сан жағынан кемістігі болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға, әйтпесе алған ақшасын қайтарып беруге міндетті және т.с.с.
Заңды тұлғалардың барлық істері де нақ жаңағыдай азаматтық құқық қатынасы ретімен жүзеге асады. Өндіріс жабдықтарын тапсыру, өнімдерді сату, банк арқылы есеп айыру – осылардың бәрі де құқықтық қатынасты тудырады, яғни осылардың бәрінің де заң арқылы белгілі салдары болады.
1.Құқық қатынастарын сөз еткенде, оны талдағанда бір алдымен құрамдас элементтерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері: жеке тұлғалар, әкімшілік-аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.
Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол себепті бұлардың арасында қатынастарының мазмұнын құрайтын белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.
Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге (мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе оның объектісі деп аталады.
2.Осыған орай құқықтың жалпы теориясының бір мәселесіне тоқтала кеткеннің еш артықтығы жоқ. Әдетте «құқық» сөзі бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ шын мәнінде мүлдем бөлек екі мағына білдіретіндігін айтпасқа болмайды. Оның біріншісін «Азаматтық құқық» «құқық нормалары» дегенге қолданамыз. Бұл сөз тіркесіндегі «құқық» дегеніміз мемлекетте қалыптасқан құқықтық рәсімдер жүйесі, жиынтығы. Қажет болған жағдайда оның жүзеге асырылуы мемлекет күшіне сүйенеді. Осы мағынасында қолданатын «құқықтын объективті мағынасындағы құқық» деп немесе «объективті құқық» деп атайды.
Әрбір құқық қатынасында қатысушының бірінің субъективті құқығына екіншісінің заңдық міндеттілігі сәйкестендіріледі, яғни біреуінің екіншісі алдындағы міндеттілік аясы айқындалады. Мысалы, үйді сатып алу-сату шартына сәйкес сатушы мен сатып алушы арасында екі бірдей құқық қатынасы пайда болады. Оның біріншісінде сатып алушы үйді алуға құқылы да, сатушы оны беруге міндетті.
3.Заңдылық фактісінің түсінігі. Азаматтық құқық нормалары өздігінен азаматтық құқық қатынастарын тудырмайды. Қандай да болсын нақтылы азаматтық құқық қатынастары белгілі бір жағдай болғанда ғана пайда болады. Мұның мазмұнының өзгеруі немесе оның қасқартылуы да белгілі бір жағдайға байланысты. Осындай құқық қатынастарының пайда болуына, өзгеруіне немесе оның қысқартылуына себепкер болатын жағдайларды заңдылық фактілер деп атайды. Мысалы, баланың тууы, мәміленің бүлінуі т.т. заңдылық фактрлер болып табылады.
4.Заттар – азаматтық құқық қатынастарының объектілері. Азаматтық құқық қатынастарының объектілері деп заттарды (мүлік және мүліктік құқық), жұмыс пен қызметті, ақпаратты, материалдық деп есептелмейтін игіліктер (мәселен атау) мен интеллектуалды меншікті, яғни әдеби шығарма, өнертабыс және тағы басқаларын айтамыз. Дәл осы объектілерде құқық қатынастарына қатысушылардың мүдделері тоғысады және де бұл объектілердің құқық қатынастарындағы тағдыры шешіледі.
Заттар азаматтық айналымдағы қатынасына орай шектеулі айналым қабілеттігіне байланысты азаматтық айналымнан шығарылмаған және азаматтық айналымнан шығарылған деп бөлінеді. Азаматтық айналымнан шығарылмаған заттарды олардың иелері өзгеге еркін түрде бере алады, сөйтіп, ол ешқандай шектеусіз қолдан қолға өте береді.
Заттарды бөлінетін және бөлінбейтін деп жіктейді. Бөлінетін заттар бөлінген күннің өзінде тұтынушылық қасиетінен, бастапқы сапасынан айырылмайды.
Заттар құқық қатынастарында жекеше белгіленген және тектес қасиеттеріне қарай белгіленетін заттар деп бөлінеді. Заттар жеке белгілеріне қарап, немесе бүтін бір тобына, басқаларына тектесуіне қарап бөлінеді. Бірінші жағдайда жекеше белгіленген заттар деп, екінші жағдайда тектес қасиеттеріне қарай белгіленген заттар деп атайды. Жекеше белгіленгені тек басқасына емес, тек сол заттың өзіне тән. Зат сол жекеше күйінде ғана бір құқық қатынасында тектес қасиеттерімен айқындалады, ал басқа ретте даралық сипатқа ие.
Заттар қозғалмалы және қозғалмайтын болып бөлінеді. Оның қозғалмайтынына жермен тығыз байланысы бар жер учаскелері, учаске қойнауы, көпжылдық өсімдіктер, ғимарат және құрылыстар жатады, олар тұтастығы мен пайдаға асуына орай жерге елеулі залал келтірмей бөліне алмайды. Сондай-ақ Азаматтық кодекс қозғалмайтын заттар қатарына әуе және теңіз кемелері мен ғарыш объектілерін де жатқызады.
Қозғалмайтын мүлікке берілетін құқық мемлекеттік тіркеуден міндетті түрде өтуі тиіс. Дәл сол сияқты мемлекеттік тіркеуге қозғалмайтын мүлікке жасалған келісім де жатады.
Қосалқы зат және басты зат. Дербес пайдалануға келмейтін, тек басқа затпен (басты) ғана бірге пайдалануға болатын заттар қосалқы заттар деп аталады.Жалпы ережеге сәйкес қосалқы зат басты заттың заңдық тағдырына әсер етеді.
Затқа ақша, валюталық құндылықтар, сондай-ақ құнды қағаздар жатады. Әдетте ақша тектес белгілерімен анықталған зат болып табылады. Тек оның көрініске қойылғандары ғана оған кірмейді. Қазақстанның барлық аумағында теңге заңды төлем құралы болып есептеледі. Ол банкнотта көрсетілген бірлікте – 100 теңге, 500 теңге және т.с.с. бағаланады. Шетелдік валютаменесеп айырысу тек заңда көзделген ретте жүзеге асады.
Құнды қағаздар да зат делінеді. Құнды қағаз дегеніміз белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, қайсыбір мүліктік құқықты орнататын, оны күәландыратын, өзін көрсеткенде ғана құқықты іске асыратын құжат болып табылады. Құнды қағаз өзінде көрсетілгеніндей, мүліктік құқықтық айғақтайтын бірден бір құжат болып есептеледі.
Құнды қағаздар мынадай 3 түрге бөлінеді: атаулы, ордерлік және ұсынбалы. Оның атаулысы белгілі бір адамға берілед, әрі ондағы құқықты тек өзі ғана жүзеге асырады. Оған мысалы, жинақ және депозитивті сертификаттар жатады. Ордерлік түрі де белгілі бір тұлғаға беріледі, бірақ ол бұл қағазды басқа біреуге бергенде бергені туралы оған жазады (индосамент). Ал, ол өз кезегінде бұл қағазды үшінші біреуге бере алады, т.с.с. Ұсынбалы түрі оны көрсетушіге беріледі, яғни оны көрсеткен адам ондағы құқыққа ие болады. Оған облигация және акция жатқызылады.  Ол белгіленген және міндетті өлшемдерді (реквизитті) сақтай отырып жасалады.Мәселен ,жалпы ережеге сәйкес коносамент жарамды болуы үшін оның белгіленген өлшемі болуы шарт.Онда коносаменттің атауы, белгілі бір соманы төлеуге деген ұсыныс,оны кімнің төлейтіндегі,атауы,төлемді төлеу мерзімі мен орны,кімге немесе тапсырыс бойынша кімнің төлем жасайтындығы,коносементтің жасалған уақыты мен орыны көрсету, коносементті берушінің қолы тәрізді талаптар қамтылады.Осылардың біреуі болмаған жағыдайда коносемент жарамсыз болып танылады.
Құнды қағаздарды бір тұлғада екіншісіне беруге болады.Бұл орайда құнды қағазға қамтылған құқықтарды бәрі соның қарауына өтеді.
Қазіргі кезде құнды қақаздарды негізгі түрлерді деп кеңінен қолданылып жүрген облигация акцяны,жинақ және депозитивті сертификттарды айтамыз.
Құнды қағаз ретінде облигация оны шығарушы (көбіне көп мемлекет) мен сатып алушының иесі белгілі бір тәрттіппен есептелінген оның номиналды бағасы мен пайызының сомасын ала алады (мысалы, ұтыс жолмен).Акция оны иеленушінің (акцонердің) акционерлік қоғам түсірген пайданың бөлігін дивидент ретінде алу құқығын бекітеді, сондай-ақ оған бұл қоғамның басқару ісіне қатысу құқығы беріледі, алакционерлік қоғам таратылған кезде оның пайдасының бір бөлігін меншіктен құқығына ие болады. Банктің  жинақ және депозитивтік  сертификаты банкке ақша салуыныың белгілі бір мерім өткен соң оны пайызбен алуына құқық береді.
Құнды қағаздар мынадай үш түрге бөлінеді: атаулы, орерлік және ұсынбалы. Оның атаулысы белгілі бір адамға беріледі әрі ондағы құқықты тек өзі ғана жүзеге асырады. Оған мәселен, жинақ және депозитивті серификаттар жатады. Ордерлік түрі де белігілі бір тұлғаға берледі, бірақ ол бұл қағаздарды басқа біреуге бергенде туралы оған  жазады (индосамент). Ал ол өз кезегінде бұл қағазды үшінші біреуге бере алады. Т.с.с. Ұсынбалы түрі оны көрсетушіге беріледі, яғни оны көрсеткен адам ондағы құқыққа ие болады. Оган облигация және акция жатқызылады.
Азаматтық құқықтың нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтық құқық объектісі деп аталады. Басқаша айтар болсақ құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттемелері бағытталғандары құқық объектілері деп ұғынуға болады. Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер, сондай-ақ құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады. Азаматтық құқық субъектілері өзара құқықтық қатынасқа түсеті материалдық және рухани құндылықтар азаматтық құқық объектілері болып табылады. Азаматтық құқықтың пәні болып мүліктік және мүліктік емес қатынастар табылады. Азаматтық құқықтың мүліктік қатынастармен айналысатыны бірден көзге түседі. Мүліктік қатынастар деп әдетте түрлі материалдық қажеттіліктер, яғни заттар, жұмыстар, қызметтер және басқа мүліктер жайында туындаған қоғамдық қатынастарды айтады.
Бірақ азаматтық құқық біздің қоғамда пайда болатын барлық мүліктік қатынастарды реттемейді, ол тек қана мүліктік-бағалы қатынастар деп аталатын нақты бөлігін ғана реттейді. Дамыған ақша жүйесі шарттарында мүліктік-құнды қатынастардың негізгі көлемін тауарлық-ақшалы қатынастары құрады. Біздің қоғамда бар тауарлық- ақшалы қатынастардың өте тез дамуы оларға адекватты құқықтық нысан қолданған кезде ғана мүмкін бола алады. Азаматтық заңдылыққа сәйкес азаматтық құқық пәнінің екінші бір құрамдас бөлігі жеке мүліктік емес қатынастар қарастырады. Өзіне тән белгілеріне сәйкес жеке мүліктік емес қатынастар өз аз дегенде екі қасиетке сүйене отырып келесі түрлерде сипатталады. Біріншісі, көрсетілген қатынастар мүліктік емес қажеттіліктер негізінде көрініс табады, мысалы әр, намыс, іскерлік бедел, азамат аты, авторлық шығарма, өндірістік үлгі, т. б. жайында туындайды. Екіншіден, жеке мүліктік емес мүлікпен байланысты қатынастар (мәселен бұған белгілі бір құқықтар жатқызылады). Бұл қатынастарда азаматтардың немесе ұйымдардың даралығы көрініп, олардың . әлеуметтік қасиеттерін бағалау жүргізіледі. Пәннің осы екі құрамдас бөліктерінің сыртқы қарама-қайшылығына қарамастан, мүліктік-құнды және жеке мүліктік емес қатынастарды азаматтық құқық деп аталатын салада біріктіретін жалпы қасиеттін анықтау керек. Мүліктік-құнды қатынастарға қатысушылар осы қатынастарды құрған Мүліктік-құнды қатынастарға қатысушылар осы материалдық қажеттіліктер болып табылатын еңбектің саны мен сапасын өзара бағалай алады деп анықтайды. Жеке мүліктік емес қатынастар өз кезегінде осы қатынастарға қатысатын азаматтардың, тұлғаның дара қасиеттерін өзара бағалай алады деп есептейді
Азаматтық кодекстің 115-бабында азаматтық құқық объектілеріне кеңінен тізбе келтірілген: а) мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке) жататындар: заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтердің объектіге айналған
нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады, ә) жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға мыналар жатады: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар Құқық объектісі ретінде заттардың экономикалық (шаруашылық) жөне физикалық қасиеттерінің азаматтық құқықтаүлкен маңызы бар. Затқа қатысты туындайтын заңдылық қатынастардың сипаты күні бұрын белгіленеді. Сондықтан Азаматтық құқықтың ғылыми негізі заттарды тиісті физикалық немесе экономикалық қасиеттеріне қарай саралап береді. Сонымен, азаматтық құқық объектілерін төрт топқа жатқызуға да болады:
- мүлік;
- әрекет,
- интеллектуалдық қызмет нәтижелері,
- материалдық емес игіліктер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет