Бөлiнетiн мүлiк дегенiмiз – бөлу нəтижесiнде бөлiктерi өз мақсатын (мiндетiн) жоғалтпайтын мүлiк.
Бөлiнбейтiн мүлiк дегенiмiз – өзiнiң шаруашылық мақсатын (мiндетiн) өзгертпей бөлуге болмайтын немесе заң құжатында ұйғарылуына қарай бөлуге жатпайтын мүлiк.
Құқық объектiлерi ретiнде бөлiнбейтiн заттардың ерекшелiктерi заңдарда белгiленедi.
Егер əртектi заттар оны бiрiгу мəнi белгiлейтiн мақсаты бойынша пайдалануға мүмкiндiк беретiн бүтiн бiр затты құрайтын болса, олар бiр зат (күрделi зат)деп қаралады. Күрделi зат жөнiнде жасалған мəмiленiң күшi, егер шартта өзгеше белгiленбесе оның барлық құрамдас бөлiктерiне қолданылады.
Керек-жарақ, яғни басты затқа қызмет етуге арналған жəне ортақ шаруашылық мақсатқа қолданылуы сонымен байланысты болатын зат, егер заңдарда немесе шартта өзгеше белгiленбесе, басты затқа iлесiп жүредi.
Мүлiктердi пайдалану нəтижесiнде алынған түсiм (жемiстер, өнiмдер, табыстар), егер заңдарда немесе бұл мүлiктi пайдалану туралы шартта өзгеше көзделмесе, осы мүлiктi заңды негiзде пайдаланушы адамға тиесiлi болады.
Заңдарда өзгеше белгiленбегендiктен, жануарларға заттар туралы жалпы ережелер қолданылады.
ҚР АК 125 бабында интеллектуалдық меншік ұғымы берілген. Азаматтық Кодексте жəне өзге де заң актiлерiнде белгiленген реттер мен тəртiп бойынша азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызметтiң нəтижелерiне жəне оларға теңестiрiлген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзi орындайтын жұмысының немесе қызметiнiң өнiмдерiне (фирмалық атау, тауар белгiсi, қызмет көрсету белгiсi жəне т.б.) ерекше құқығы танылады.
Шығармашылық интеллектуалдық қызметтiң нəтижелерi мен ерекше құқықтардың (интеллектуалдық меншiктiң) объектiсi болуы мүмкiн даралану құралдарын пайдалануды үшiншi жақтар құқық иеленушiнiң келiсiмiмен ғана жүзеге асырылады.
Қызметтiк жəне коммерциялық құпия Үшiншi жаққа белгiсiз болуына байланысты ақпараттың нақты немесе потенциалды коммерциялық құны болып, онымен заңды негiзде еркiн танысуға болмайтын жəне ақпаратты иеленушi оның құпиялылығын сақтауға шара қолданатын ретте, қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат азаматтық заңдармен қорғалады.
Мұндай ақпаратты заңсыз əдiстермен алған адамдар, сондай-ақ еңбек шартына қарамастан қызметшiлер немесе азаматтық-құқықтық шартқа қарамастан контрагенттер қызметтiк немесе коммерциялық құпияны жария етсе, келтiрiлген залалдың орнын толтыруға мiндеттi.
Қазақстан Республикасының ақша бөлiнiсi теңге болып табылады. Теңге Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында өз құны бойынша қабылдануға мiндеттi заңды төлем құралы болып табылады. Қазақстан Республикасы аумағында төлемдер қолма-қол төлеп жəне қолма-қол төлемей есеп айырысу түрiнде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы аумағында шетел валютасымен есеп айырысудың реттерi, тəртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
Валюталық қазыналар деп танылатын мүлiк түрлерi жəне олар арқылы мəмiлелер жасау тəртiбi заң құжаттарында белгiленедi. Валюталық қазыналарға меншiк құқығы Қазақстан Республикасында жалпы негiздерде қорғалады.