Мазмұны кіріспе б. Негізгі бөлім б. ҚОрытынды б. ӘДебиеттер тізімі б. Жобаның өзектілігі



бет4/8
Дата23.12.2021
өлшемі93,13 Kb.
#127914
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
А.Байтұрсынұлы ӘДЕБИЕТ ТАНЫТҚЫШ. (3)
А.Байтұрсынұлы ӘДЕБИЕТ ТАНЫТҚЫШ. (3), 59 урок Мифы об Атлантиде
Т.Кәкішев

Өнер туралы, әдебиеттің тарихы мен теориясы туралы ұлттық әдебиеттану ғылымында ең алғашқы жазылған еңбек - Ахмет Байтұрсыновтың  «Әдебиет танытқышы» болды . Үлкен білімдарлықпен, терең дәлдікпен жазылған бұл еңбек екі-үш жылдан соң авторы ұсталып кеткендіктен, көпшілік арасында кеңінен тарап үлгермеді де, ұлттық әдеби-теориялық ой-пікірдің өсу дәрежесін көрсететін ғылыми мәні тәуелсіздікке дейін дұрыс бағаланбай келді. Алайда, саяси-идеологиялық қыспаққа ұшырағанымен де, өзіне сара жол тауып, әдебиет туралы ұлттық ғылымда «Әдебиет теориясы» деп аталатын үлкен саланы қалыптастырды. Бұл туралы ғалым Р.Нұрғали: «Қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты-басты терминдері мен категориялары түп-түгел  осы кітапта қарастырылған» десе , тілші-ғалым Р.Сыздықова: «Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» атты көлемді еңбегі әдебиеттану ғылымы мен  қазақ әдебиеті тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы. Мұнда автор көптеген жайттарды өзі шешіп, көптеген ұғымдарға терминдік атаулар ұсынады»-деп  жазды.

 «Әдебиет танытқыш» ғылыми зерттеу ретіндегі маңызы қалыптасқан әлемдік теориялық ұғым-түсініктерге қазақша балама тауып, нақты мысалдармен дәлелдеуінде ғана жатқан жоқ, бұл еңбек тұңғыш ғылыми-зерттеу ретінде өз кезеңінде әдеби-теориялық білімдер жүйесінің қалыптасуына ерекше ықпал жасап қана қоймай, қазақ әдебиеттану ғылымының тууына негіз де бола алған құнды мұра. «Әдебиет танытқыш» -жалпы көркем өнер, оның ішінде әдебиеттің барлық болмысы мен бітімін, көркем шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мәні мен мағынасын анықтау жолында ұлттық әдеби-теориялық ой-пікірді ғылыми бір жүйеге түсірген және әдебиет теориясына ұлттық сипат дарытуда терминдердің қазақша мағынасын тапқан автордың жанқиярлық еңбегінің жемісі. Қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты-басты терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған. Ғалым әдебиеттің барлық жанрларына, көркемдік құралдарына қатысты европалық орыс әдебиеттануындағы ұғым, термин, категорияларға шып-шырғасын шығармай түгелдей қазақша балама табады. Баспасөзде, кітаптарда, оқулықтарда, радио-теледидарда қазір кең де еркін қолданылатын сөз дұрыстығы, тіл тазалығы, тіл анықтығы, тіл дәлдігі, көрнектілігі, оның тараулары, көрнектеу, мегзеу, теңеу, ауыстыру, бейнелеу, алмастыру, кейіптеу, әсірелеу, арнау (сұрай арнау, жарлай арнау, зарлай арнау), қайталау, шендестіру, дамыту, үдету, түйдектеу, бүкпелеу, кескіндеу сияқты ұғымдарды тұңғыш рет енгізіп, осы сөздерді термин дәрежесіне көтерген, дәл анықтап берген. Мәселен, «..әдебиеттің Аристотель белгілеген негізгі үш тегін, яки жанрын (эпос, лирика, драма) грек тілінен түп-түгел қазақ тіліне ауыстырып алады да (А. Байтұрсынұлы «Дарынды сөз» тарауында: эпосты– әуезе,  лириканы – толғау,  драманы – айтыс деп атайды – Ұ.Е.), әр жанрдың түрлерін өзіміздің төл әдебиетімізден іздейді. Мысалы, лириканың алғашқы үлгілерін қазақтың сонау тұрмыс- салт жырларынан іздеп табады. Сонда, ең жеңілі жоқтау – эпитафияға, мақтау – одаға, даттау – сатираға балама болып шыға келеді. Дәл осы ретпен әдебиеттің үшінші тегін Аристотельше «драма» деп емес, Ақаңша «айтыс-тартыс» деп алады да, осы жанрдың түрлерін, айталық, трагедияны – мерт, яки әлекті–тартыс, драманы – сергелдең, яки азапты тартыс, комедияны – арамтер, яки әурешілік деп атайды».  Академик З. Ахметов болса, «Әдебиет танытқышта» қазақ өлеңінің ырғақтық құрылыс-жүйесін айқындайтын өлең сөздің бунақ, тармақ, шумақ сынды категорияларының алғаш қалыптасқандығын атап айтады.

Әдеби-теориялық  ұғымдарды оқытуда Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегінің маңыздылығы өте зор. Мәселен «Әдебиет танытқыштағы» «Тіл көрнектілігі» деп аталатын тарауда А.Байтұрсынов адамға дерексіз заттан гөрі деректі зат түсініктірек, жансыз заттың күйінен жанды заттың күйі танысырақ деп,  адам сөйлегенде сөзі толық түсінікті болу үшін дерексіз затты деректі затша, жансыз заттарды жанды затша сипаттай білуі керек екендігін айтқан. Қалыпты түріндегі сөз сондай дәрежеге жету үшін А.Байтұрсынов үш түрлі әдісті көрсетіп кетті, олар: көріктеу, меңзеу, әсірелеу. Соның ішінде көріктеу деп, бір нәрсені көптен айырып, көзге түсерлік етіп айту барысында, ол нәрсенің атына айқын көрсеткендей сөз қосып айтуды айтқан. Және өзінің көркем туындыларында да осы әдісті шебер пайдаланған, мәселен ақын қаламынан туған «Анама хат» өлеңінде «хақ тағала», «биік қорған», «темір терезе» деген тіркестер көріктеу құралдары болып табылады. Біз қазір бұл терминді айқындау немесе эпитет деп қолданамыз. Алайда, А.Байтұрсынов бұл тұста көріктеу нәрсені айыра көрсетіп, айқын шығаруға жарағанымен, нәрсенің бейнесін сүгіреттеп көрсетуге күші жетпейтіндігін айтып, белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа, белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге теңеп, көрнектеп, ашығырақ көрсету керек деген және  осы тұста жоғарыда айтылған теңеудің өзін әншейін теңеу, әдейі теңеу деп бөле қараған. Сонымен қатар тағы басқа бірқатар теориялық ұғымдарға анықтама беріп кеткен. Соның бірі - ауыстыру, автор ауыстыру деп сөздің өз мағынасында жұмсалынбай, өзге мағынасында жұмсалуын айтып, оның өзін тіл ауысуы, лұғат ауысуы деп бөлген. Ал арасындағы  жақындығы бар екі нәрсенің атын ауыстырып, бірінің орнына бірін айтуды алмастыру десе, жансыз нәрсені жандының күйіне түсіріп тұрпаттауды кейіптеу деп атаған. Оған автор «қылышын сүйретіп қыс келді» деген мысалды алып, талдап көреткен, дәлірек айтсақ қыста қылыш та, қылышты сүйрететін күйі де жоқ екендігін айтып, бұл мысалда жансыз қысты жанды адам күйіне түсіріп, адамның істейтін амалын білдіріп тұр, сондықтан қыс бізге адам сүгіретінде көрініп тұр деген. Кейіптеуді автор өзінің Крыловтан аударған мысалдарында шебер пайдалана білген. Сондай аударманың біреуі -«Қара бұлт» мысалы. Осы мысалдан бірер үзінді келтірер болсақ:

Теңізге пәрменінше құя салып,

Мақтанды мырзасынып тауға барып.


Тау айтты: «Сен мақтанып келіп тұрсың,
Мен тұрмын бұл ісіңе қайран қалып.
Егер де сол қадарлы жаусаң жерге,
Су берсең шөлдеп тұрған егіндерге,
Көк шығып, жер отайып, егін өсіп,
Қандай зор тиер еді пайдаң елге!

Бұл мысалда тау кәдімгі тірі жан бейнесінде сипатталып тұр. Біздің қазіргі кезде әдебиет теориясында қолданып жүрген айшықтауды (фигураны) әсерлеу немесе лептеу деп көрсетіп, оған арнау, қайталау, шендестіру, дамыту, түйдектеу, бүкпелеу, кекесіндеуді жатқызған. Осының ішінде арнаудың өзін зарлай арнау, сұрай арнау, жарлай арнау деп бөлген, біз қазіргі кезде осы бойынша оқытамыз.

       Еңбектің құндылығына жан-жақты тоқтала келе әдебиет сыншысы Т. Кәкішев: «Мұндай еңбек бізде бұған дейін де, бұдан кейін де қайталанған жоқ. Ол – әдебиет теориясы мен әдебиеттану ғылымының міндет-парызын қатар атқарып, біздің алдыңғы ағаларымыздың эстетикалық сауатын ашуға мұрындық болған жүйелі оқулық. Ондағы анықтамалар мен терминдердің өзі күні бүгінге шейін біздің ғылыми арсеналымыздан орын алатын құнды қағидалар мен атаулар. Көркемдік әлеміндегі сөз өнерінің сай-саласын ұғындыратын «Әдебиет танытқыш» – қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қалаған өміршең қондырғы-фундамент» деп жазады.

     Сонымен, «Әдебиет танытқыш» – қазақ әдебиеттану ғылымы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбек. Ондағы барлық атаулар мен терминдер қазақ әдебиетінің түсінігіне сай келіп, оқырмандарға ыңғайлы жазылған. Сонымен қатар, бұл еңбектің әлі де жеке құндылық деңгейіндегі мұра ретінде зерттелуі керек екенін және ғылыми айналымға енгізілу қажеттігін айта кеткеніміз жөн.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет