Мазмұны кіріспе б. Негізгі бөлім б. ҚОрытынды б. ӘДебиеттер тізімі б. Жобаның өзектілігі


«Жұрт ұқпаса , ұқпасын, жабықпаймын



бет6/8
Дата23.12.2021
өлшемі93,13 Kb.
#127914
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
А.Байтұрсынұлы ӘДЕБИЕТ ТАНЫТҚЫШ. (3)
А.Байтұрсынұлы ӘДЕБИЕТ ТАНЫТҚЫШ. (3), 59 урок Мифы об Атлантиде
«Жұрт ұқпаса , ұқпасын, жабықпаймын,

Ел-бүгіншіл, менікі- ертеңгі үшін»

деген сөздермен автор кітаптың екінші бөлімін бастайды

Автор шығарма тіліне : тіл қисыны, тіл(лұғат) анықтығы,тіл дәлдігі,тіл әуезділіші сиқты тақырыптарға тоқталып кетеді.

Бүгінде қайта жаңғырған Алаш зиялыларының еңбектері қазақы таным мен әлемдік мәдениетке сүбелі үлес қосуда. Алаш зиялыларының қай-қайсысы болсын, ұлтқа барын салып қызмет етуді басты мұрат еткен. Мұны олардың, ең алдымен, білім мазмұнын жетілдіруден бастағаны белгілі. «Ұлт ұстазы» Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы «Қазақ» газетіндегі «Қазақша оқу жайынан» атты мақаласында: «Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі», – деп жазады. Иә, сөзді тану, әсіресе, әдебиетті тану – ғаламның өзегіндегі аса нәзік үйлесімділік пен әсемдікті танудан бастау алып, тіршіліктің қарапайым заңдылықтарын ұғынуға дейін жалғасады. Мұны жаратылыстың өзіндік қарапайым тілімен сөйлете білу де өнер. Сондықтан, кез келген көркем дүниенің туу, жазылу, өмір сүру тарихы, ең бастысы, оның өнер ретіндегі құндылығы – аса ауқымды мәселе.

Еңбектегі өнертану, әдебиеттану, фольклортану салалары бойынша терминдер жүйесінің жасалуынан А.Байтұрсыновтың кемеңгер ғалымдылығы танылады. Мұнда әдебиеттануға қатысты 327 термин қолданылған болса, оның 60-ы осы күнге дейін пайдаланылып жүр, 267-сі қолданылмайды. Ғалымдар Ш.Жалмаханов пен Ж.Смағұловтар: «терминдердің жасалу жолына лингвистикалық тұрғыдан қарағанда, 67 термин дара тұлғалы, 223 термин күрделі тұлғалы болып келеді. Белгілі сөз өнер құрылысына берілген атау, термин сол құбылыстың адам, қоғам өмірінің рухани-әлеуметтік табиғатынан туындап жатқандықтан да,  ойға оралымды, көңілге қонымды болып шыққан»- деп көрсетеді. Сондықтан да, жалпы әдебиет дегеннің болмысы мен бітімін толғаған, сөз өнерінің әліпбиі бола алған А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы» - қазақ әдебиеттану ғылымының үлкен көрсеткіші болумен қатар, теориялық ой-жүйесіне мықтап түрен салған, қазақтың парасатты толғамын, ойшылдығын эстетикалық таным-білігінің молдығын танытқан кезеңдік туынды.

Мектептегі әдебиет теориясынан берілетін білім көркем шығарма табиғатын танудың құралы, кілті болып есептеледі. Одан білім беру жеке қарастырылмайды, ол көркем шығармамен тығыз байланыста, оны оқып-үйрену кезінде қалыптасады. Оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сыныптарына, онда оқылатын көркем шығармалардың сипатына қарай, берілетін білім мөлшері белгіленген.

10-сыныпта Абай Құнанбаевтың «Қалың елім, қазағым,қайран жұртым» тақырыбын өткізгенде төмендегіше тапсырма орындатуға болады.

«Қалың елім, қазағым,қайран жұртым» өлеңі бойынша кестені толтырыңдар.



Теңеу

Эпитет

Метафора








Төменде Ахмет Байтұр­сынұлы жазған әдебиет оқулы­ғының бірнеше артықшылықтарын санамалап келтірейік: Біріншіден, «Әдебиет танытқыштың» құрылымдық ерекшелігі – тараулардың, әрбір жаңа сабақ тақырыбының, жекелеген тұжырымдардың реті бір-бірінен туындап отыратын қисындылығында. Ал тақырыпты түсіндіру, баяндау тәсілінің бір ерекшелігі – нәрсенің анықтамасын айтудан бұрын оның қасиетін айтатынында. Яғни, кез келген тақырыпты түсіндіру барысында бізге үйреншікті дедуктивті әдіспен емес, көбіне сол дедукцияның өзіне негіз болып келетін жолды ұстанып, нәрсенің анықтамасынан қасиетіне қарай емес, керісінше, нәрсенің қасиетінен анықтамасына қарай баяндалады. Оны пәлсәпалық һәм филологиялық ұғым-түсініктердің ішінде – қарапайым түсінікті тілмен дәл әрі шумақтап (обобщение) беріледі. Мәселен, оқулықтағы роман, повесть, әңгіме жанрларын түсіндіру тәсілі осыған дәлел бола алады. Романды – ұлы әңгіме, повесті – ұзақ әңгіме, әңгімені – ұсақ әңгіме деп әрбір жанрдың атауында оның мазмұны мен формасын қатар түсіндіріп кетеді. Екіншіден, әдебиетті түсіндіргенде оқулықта, ең алдымен, осы сөздің өзін анықтап алу мақсат етілген. Алғашқы тақырыптан бастап әдебиет, ол – өнер, сондықтан өнердің өзін түсініп алалық дейді де оны өте ұғынықты, қарапайым сөзбен баяндап береді: «Өнер түрлі болады. Біреулер үй салады, арық қазады, етік тігеді, арба істейді, киіз басады, ыдыс істейді, тағысын тағы сол сияқты шаруаға керек нәрселерді жасайды . Біреулер көрікті мешіт, көрнекті там, көркем сурет салады. Әдемі ән, әсерлі күй, ажарлы сөз шығарады. Алдыңғы өнер мен соңғы өнердің арасында айырым бар. Алдыңғы өнерден шыққан нәрселер күн көру ісіне қажет шаруа керек- жарақтары. Мұны істегенде, сұлуынан жылуы дегендей, көркем болуын көздемейді, тұтынуға қолайлы, жайлы, берік болу жағын көбірек көздейді. Екінші өнерден шыққан нәрселер, жылуынан гөрі сұлу болуы көбірек көзделінгендіктен, көзге көркем , көңілге жағымды болып істелген нәрселер; алдыңғы нәрселер адамның мақұлықтық жан сақтау керегінен шыққан нәрселер; соңғы нәрселер адамның жан қоштау керегінен шыққан нәрселер. Сондықтан, алдыңғы нәрселерді жасауға жұмсалатын өнер – тіршілік үшін жұмсалатын тірнек өнері болады да, соңғы нәрселерге жұмсалатын өнер – көркемшілік үшін жасалатын көрнек өнері болады. Үшіншіден, «Әдебиет танытқыштың» білім беру тәсілінде алдымен күрделі тақырыпты ұғындырып алу көзделеді. Сол арқылы баланың талғамын қалыптастыру жолға қойылады. Көркем дүниеге деген биік талғам қалыптастырған оқушы үшін кез келген тақырыпты талдау зәредей қиындық тудырмасы анық. Төртіншіден , «Әдебиет танытқыш» оқушыны қисынды ойлай білуге үйретеді. Біз көбіне көркем сөз, көркем шығарма, көркем туынды дегенді жиі айтамыз. Алайда, оқушыларға сол көркемдік қайдан келгенін айтпаймыз. Оны түсінбеген оқушы әдебиеттің түрлі теориялық анықтама ларымен басы қатып жатады. Байтұрсынұлы оқулығы анықтаманы оқушының өзіне шығартуға үйретеді. Бірінші – өнердің қасиетін түсіндіреді. Осыдан оқушы сұлулық, көркемдік дегендердің өнерге қатысты дүние екенін түсінеді. Содан соң барып, «тілдің міндеті қандай, сөздің қасиеті қандай, сөз өнері деген не?» деген мәселелерді қозғайды. Осы тақырыптардан соң барып әдебиетке келеді: «Сөз өнерінен жасалып шығатын нәрсенің жалпы аты шығарма сөз, ол аты қысқартылып көбінесе шығарма деп айтылады. Ауызша шығарған сөз болсын, жазып шығарған сөз болсын, бәрі шығарма болады. Шығарманың түрлері толып жатыр. Оның бәрін шумақтап бір-ақ атағанда арабша әдебиет, қазақша асыл сөз дейміз». Адамға рухани қажеттілік – сөздің асылы ғана дегенге саяды. Бесіншіден, бұл оқулықтағы келесі бір ерекшелік – бір тақырып аясындағы түрлі мәселелердің ішкі бірлігі. Әдетте, біз оқушыларға сюжетті бір тақырып, композицияны бір тақырып, олардың ішіндегі түрлі бөліктерін жеке жеке тақырып етіп түсіндіреміз. Мұнда керісінше, барлығы бір ойдың желісімен түсіндіріледі. Мәселен кітапта: шығарманы жазбас бұрын, қандай мәселені оқушыларының алдына тартпақшы, сол туралы аз ба, көп пе ойлайды. Сан ой, сан алуан пікірлердің ішінен біреуін негізгі ойының қазығы етеді. Сол шығарманың тақырыбы болып саналады», – дейді де, ал шығармадағы негізгі пікірдің (идеяның) үстемдігі жөнінде:«Қандай шығарма болсын, белгілі бір идеяны үндейді дедік. Тақырып, оқиға, және оның құрылысы, шығармадағы қатысушылардың араларындағы тартыс, оларды суреттеу әдістері, түптеп келгенде – жазушының сол шығармадағы айтайын деген идеясына бағыныңқы», – деп көркем шығарманың тақырыбы ауқымды әрі қарапайым түрде түсіндіріледі.
Мысалы, ретінде 7-сыныпта осы мақсатта төмендегіше тапсырмалар орындатуға болады.

№1


Берілген мағына

Оқушылар тауып жазатын мағынасы

Көксерек




Құрмаш




Қасен




Әже




№2


Мағынасы

Сөздер

Аңшылар ауылға әкелген жетім бөлтіріктің аты.




Көксеекті бастан теуіп еңіреген адам. Құрмаштың асыраушысы.



№3


Шығарма аты, авторы

Несімен ұнады

Сүйікті кейіпкерің

Жасаған қорытынды












Қорыта келе автор мақсатын сұрау




М.Әуезов

«Көксерек»



  • Адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсету.






Автордың мақсаты:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет