Мазмұны: Кіріспе і-бөлім. 1-4 сынып аралығында шама ұғымын оқушыларға жеткізу және оны бойына қалыптастыру



бет5/11
Дата06.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#79728
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Шамалар және олардың өлшем бірліктерін оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану (1)

Қорытынды: ортақ шартты өлшеуіш қажет-сантиметр; см модельді-кішкене заттарды өлшеу үшін бірінші ұзындық бірлігін және сантиметр моделін кесінді бойына салып, оның кесіндіге неше рет салынатынын санап, сантимер моделінің көмегімен кесіндінің ұзындығын өлшеу тәсілін көрсету;
әр оқушы өздеріне таратылып берілген сантиметр моделінің көмегімен кесінділердің ұзындықтарын өлшейді;
х см жазуын көрсету, содан соң оқушылар өлшеу нәтижелерін жазады. 5 см, 3 см, 7 см-бұл алғашқы шамалар, яғни ұзындықтың (қарапайым) мәндері;
практикалық жұмыс: сантиметр моделін дайындау; ұзындығы 1 см болатын кесінді сызу; кішкене саусақтың ені 1 см болатынын анықтау.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде шама өлшеудің нәтижесі екендігі игеріледі және берілген кесіндіде көрсетілген сантиметрлердің саны ретіндегі ұзындық ұғымы қалыптасады.
Алғашқы ондықтың сандарын оқыту барысында кесіндінің ұзындығын сантиметрмен өлшеуді қолдану: 1 см; 2 см;...; 10 см, яғни 1,2 10 сандары-яғни кесіндінің ұзындығын сантиметрмен өлшеудің нәтижелері;
Ұзындықты өлшеудің құралы ретіндегі сантиметрлік бөліктерге бөлінген сызғышпен және оның көмегімен ұзындықты өлшеу тәсілдерімен таныстыру:
0 цифры бар бөлік кесіндінің сол жақ ұшына дәл келетіндей етіп, сызғышты кесіндіге саламыз; кесіндінің келесі ұшы қай санға келіп тұрғанын қараймыз-бұл цифр кесіндінің ұзындығын, яғни онда неше сантиметр бар екенін көрсетеді:- 7 см;
кейінірек кәдімгі ұсақ және ірі бөліктері бар сызғышпен таныстыруға болады;
- Шамалар, оларды өлшеу және салыстыру (өлшем бірліктері: көлемнің-см³, дм³, м³; ұзындықтың - мм, ауданның - дм, м, мм, а, га) өлшеу бірліктерінің арасындағы қатынастар. Шамалар арасындағы тәуелділіктің мысалдары (бір қалыпты қозғалыстағы уақыт, жылдамдық, жол, баға, мөлшері, құны, тік төртбұрыштың ауданы және сыбайлас қабырғалары және т.б.) Жақындау және алыстау жылдамдығы. Бір-біріне кездесу және қарама-қарсы бағыттардағы қозғалыстарды уақыт, қашықтық және жылдамдық арасындағы тәуелділік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет