Мазмұны: Кіріспе і-бөлім. 1-4 сынып аралығында шама ұғымын оқушыларға жеткізу және оны бойына қалыптастыру


Пайдаланған әдебиеттер…………………………………………………………



бет2/11
Дата06.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#79728
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Шамалар және олардың өлшем бірліктерін оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану (1)

Пайдаланған әдебиеттер…………………………………………………………

Кіріспе
Қоғамды қайта құру жағдайында Қазақстан Республикасының білім беру сатысындағы басты міндеттердің бірі-ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру.
Жастарға білім мен тәрбие берудің негізгі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту бірінші кезектегі мәселе.
Бастауыш білімінің мемлекеттік стандартының алғашқы нұсқасы және соған сәйкес оқу бағдарламалары дайындалып, іс жүзінде асып жатуын қазіргі кезеңдері мектепті дағдарыстан шығаратын тактикалық шешімдердің бірі деп түсінген абзал. Онда білім берудің мақсаты приоритеті түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылады. Мұндағы мақсат-пәндік білім, біліктердің мәнін төмендету емес, керісінше, әр оқу пәнінің орны мен рөлін көтере отырып, оларды жеке тұлғаны қалыптастыруға бағыттау. Бағдарлама оқушыларды ғылымдар негізімен таныстырып қоюды емес, балалардың жалпы ойын дамыту, олардың қажетті білімді өздері алуы және оны практикада қолдана білуі үшін өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыруды талап етеді. Оқушылар ғылымының қазіргі даму деңгейіне сәйкес тереңде тиянақты біліммен қолданылған жағдайда ғана өзінің әлеуметтік қызметін орындап шығады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйелеріне байланысты 7-бабының 3-ші бөлімінде - білім берудің бағдарламаларының іске асырылуымен білім берудің жүйелі дамытуын қамтамасыз ететін білім беруді басқару органдары мен оларға қарасты ұйымдардың жиынтығы болып табылады делінген. Ал 8-бабында - білім беру жүйесінің басты міндеттері мыналар болып табылады:
1. Білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау.
2. Оқытудың жаңа технологияларын енгізу білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғылымдық коммуникациялық желілерге шығу делінген. Олай болса біздердің алдымызда тұрған міндеттердің бірі болшақтың иелері, яғни құрылысшылары жас бүлдіршіндерге мектеп табалдырығын аттаған уақыттан бастап мектептегі мұғалімнің өзі оқыту технологияларын жаңаша үйрену және арнайы кәсіби тұрғыдан ұйымдастыру қажеттігі айтылады. Осыған байланысты бастауыш сыныптарға арналған. Қ.Р. бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты жасалды. Математикалық бастауыш білім мазмұнын оның құрамы мен құрылымын анықтау барысында педагогика ғылыми жеке озық тәжірибедегі ұтымды идеялар мен үрдістер, тұжырымдамалар мен принциптер басшылыққа алынды. Бағдарламада шамалар және оларда өлшемді оқытып үйренудің ондық есептеу жүйесі мен өлшеу жүйесі арасындагы байланысқа негізделген ортақ әдістемесін ұсынады. Мұнда:
- Нақты шама туралы оқушының түсінік деңгейі анықталады және сәйкес ұғыммен термин енгізіледі.
- Біртекті шамалар салыстырылады (сезіну, көз мөлшерімен беттестіру еркін алынған жарты өлшеуіштер көмегімен және тағы басқалар).
- Шаманың негізгі өлшеу бірлігі таңдалып алынады да онымен таныстырылады және өлшеу құрал-жабдықтары көрсетіледі.
- Негізгі өлшеу бірлігінің көмегімен шаманы өлшеу процесімен таныстыру;
- Шаманы өлшеудің жаңа бірлігімен таныстыру және оның практиканың сұранысына қарай енгізілуінің негізделуі;
- Өлшеу бірліктерін түрлендіру, яғни олардың бірінен екіншісіне көшу, әр түрлі өлшеу бірліктерінің ара қатынасын тағайындау;
- өлшеудің бір атау бірлігімен өрнектелген шамадан осы текті шаманың басқадай атау бірлігіне көшуге жаттықтыру;
- бірдей немесе әр түрлі атау бірліктермен өрнектелген шамаларды қосу мен азайту және шаманы санға көбейту мен бөлу.
Бағдарлама қалыптасқан математикалық білім, білік-дағдыларды жетілдіре дамыта түсу мақсатында оқытудың әр жиынның сатысына қарай өткізілетін қайталаудың өзіндік жүйесі мен әдістемесін анықтайды. Мұнда бұрын өткен мәселелерді еске түсіру барысында жаңа мағлұматтарды қамту арқылы олардың даму процесін қамтамасыз ету көзделеді. Бұл материалды салыстыруға, қорытынды жасауға ұғымдар арасындағы жаңа байланыстар орнатуға, олардың логикалық жемісін жүйелеуге мүмкіндік туғызады.
Бағдарламаның қарастырылған ерекшеліктерін сабақ барысында іске асу математикалық білім, білік дағдыларды оқушылардың талапқа сай игеруіне негіз жасайды және алғы шарт болып табылады. Әрбір сабақтың сапасы мен тиімділігі оның мақсаты мен нәтижесінің сәйкестігі бойынша анықталып, сабақ барысындағы мұғалімнің және жеке оқушының іс-әрекеттері белгілі бір әрі нақты жоспарланған нәтижеге жетуге бағындырылуы тиіс. Әдіс тәсілдері қолдану және жұмысты ұйымдастыру арқылы теориялық және практикалық білім деңгейіне, шеберлілігіне, шығармашылық ізденісіне осы білім стандарты бойынша жұмыс істеуі тәуелді десек артық болмайды. Бағдарлама жөн сілтейді деп есептейді, оқу әдістемелік тапсырманың құрылуы элементтері бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың мақсаттары мен нәтижелеріне жету тұрғысынан мүмкіндік пен жағдай туғызады.
Бағдарламаның қарастырылған ерекшеліктерін сабақ барысында іске асыру математикалық білім, білік дағдыларды оқушылардың талапқа сай игеруіне негіз жасайды және алғышарт болып табылады. Әрбір сабақтың сапасы мен тиімділігі мен оның мақсаты мен нәтижесінің сәйкестігі бойынша анықталып, сабақ барысындағы мұғалімнің және жеке оқушының іс-әрекеттері белгілі бір әрі нақты жоспарланған нәтижеге жетуге бағындырылуы тиіс. Әдіс-тәсілдерді қолдану және жұмысты ұйымдастыру арқылы теориялық және практикалық білім деңгейіне, шеберлігіне, шығармашылық ізденісіне осы білім стандарты бойынша жұмыс істеуі тәуелді десек артық болмайды. Бағдарлама жөн сілтейді деп есептей отырып, оқу әдістемелік топтаманың құралуы элементтері бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың мақсаттары мен нәтижелеріне жету тұрғысынан мүмкіндік пен жағдай туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет