Мазмұны: Кіріспе і-бөлім. 1-4 сынып аралығында шама ұғымын оқушыларға жеткізу және оны бойына қалыптастыру


Бастауыш сынып оқушыларына шама ұғымын таныстыру



бет4/11
Дата06.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#79728
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Шамалар және олардың өлшем бірліктерін оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану (1)

1.1. Бастауыш сынып оқушыларына шама ұғымын таныстыру

Бастауыш сыныптардың математикасы мектептің негізгі сатысындағы математика курсының ажырамас бөлігі болып табылады. Осыған сәйкес бастауыш мектепте математиканы оқыту мынадай жалпы мақсаттарға жетуді көздейді:


- мемлекеттік білім стандарты деңгейде білім, білік және дағдыларды игеру;
- математиканың мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс-
әрекетке, өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу;
- оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және
ерік пен сезімге қатысты саналарын дамыту;
- мектептің негізгі сатысында оқуға, меңгерген математикалық білімдерін
өмірде қолдануға жан-жақты дайындауға жүзеге асыру;
Осы мақсаттарға сәйкес математиканы оқытудың мынадай жалпы міндеттері айқындалады;
- математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету;
- баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуға, интелектуалдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;
Бағдарлама маңызды шамалар және оларды өлшеуді оқытып-үйретудің ондық есептеу жүйесі мен өлшеудің метрлік жүйесі арасындағы байланысқа негізделген жалпы әдістемесін ұсынады:
- нақты шама туралы оқушының түсінігін қалыптасу деңгейін айқындау және сәйкес ұғым мен терминді енгізу;
- біртекті шамаларды салыстыру (сезіну арқылы, көз мөлшерімен, беттестіру арқылы, қандай болмасын шартты өлшеуіштер және т.б. көмегімен)
- шаманың негізгі өлшеу бірлігі таңдалып алынады да, өлшеу барысында қолданылатын құрал-жабдықтармен таныстыру;
- негізгі өлшем бірлік көмегімен шаманы өлшеу процесімен таныстыру;
- шаманы өлшеудің жаңа бірлігімен таныстыру және оның практиканың сұранысына қарай енгізілуінің негізделуі;
- өлшеу бірліктерін түрлендіру, яғни олардың бірінен екіншісіне көшу, әр түрлі өлшеу бірліктерінің ара қатынасын тағайындау;
- өлшеудің бір атау бірлігімен өрнектелген шамадан осы текті шаманың басқадай атау бірлігіне көшуге жаттықтыру;
- бірдей немесе әртүрлі атау бірліктермен өрнектелген шамаларды қосу мен азайту және шаманы санға көбейту мен бөлу.
Шаманың атау бірліктері сандар облысының кеңейтілуіне сәйкес енгізіледі. Сандармен орындалатын және шамалармен жүргізілетін арифметикалық амалдар қатары қарастырылады.
Бағдарламаға сүйенсек 1-4 сыныпта:
- заттарды ұзындығына қарай салыстыру (ұзын-қысқа, биік-аласа, қалың-жұқа). Ұзындықты өлшеу.
- заттардың екі тобын салыстыру (артық, кем, сонша).
- уақыт аралығы туралы түсінік (бұрын, кейін, алдымен, содан кейін, сонан соң, соған дейін)
- заттарды санау (Нешінші?), апта күндерінің, жыл мезгілдерінің, айдың атаулары және реті.
- кесіндінің ұзындығын өлшеу (сантиметр).
- сандарды және сәйкес шамаларды (ұзындықтарды) қосу және азайту.
Кесінділердің ұзындықтарын салыстыру. Кесінділердің қосындысы мен айырмасы. Кесіндіні сызу. Кесіндінің ұзындығын арттыру және кеміту.
- Бір сағатқа дейінгі дәндікпен уақытты анықтау.
- Заттардың және кесінділердің ұзындықтарын салыстыру. Дециметр және оның сантиметрмен арақатынасы. Еркін өлшеммен көпбұрыш сызу. Көпбұрыш қабырғаларының ұзындықтарын өлшеу.
- уақыт аралығы туралы қарапайым түсінік. Минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл, мүшел, ғасыр және олардың арасындағы қатынасы.
- сыйымдылық туралы түсінік. Литр.
- масса туралы түсінік. Килограмм.
- ұзындықты өлшеу. Метр, оның дециметрмен және сантиметрмен арақатынасы.
- қарапайым шамаларды (масса, ұзындық, сыйымдылық) салыстыру.
- шамалар, оларды өлшеу және салыстыру (өлшем бірліктері: уақыт-секунд, ұзындық-километр, масса-грамм, центнер, тонна); бір ғана шаманың өлшем бірліктерінің ара қатынасы;
- шамалардың қандай да бір өлшем бірлігінен басқаларына көшуді жүзеге асыру.
- тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әр түрлі тәсілдері.
- аудан жөнінде түсінік. Фигураның ауданын табу. Ауданның бірлігі-сантиметр квадрат (см2) -палетка көмегімен аудан табу.
- тік төртбұрыштың (шаршының) ауданы және оны квадрат сантиметрмен тәуелділік жөнінде түсінік (бағасы, саны және құны, бір заттың массасы, заттың саны және жалпы массасы)
- кубтың көлемі жөнінде түсінік. Көлемнің өлшем бірлігі куб сантиметр (см ).
- шамалардың негізгі тобымен (бағасы, саны, құны: жылдамдық, уақыт, қашықтық, заттардың саны, бір заттың массасы, жалпы массасы, тік төртбұрыштың ұзындығы, ені, ауданы және т.б.) байланысты есептер.
- дөңгелек, шеңбер. Көпбұрыштардың периметрін табу.
- ауданды квадрат дециметрмен және квадрат метрмен өлшеу. Палетканың көмегімен көпбұрыштың ауданын табу. Көлем. Тік бұрышты параллелипедтің көлемі. Көлемнің өлшем бірлігі - дм және м
Сонымен бірге шамалармен арифметикалық амалдар жекелеген сандармен амалдарға ұқсас орындалады:
5+3 =8
5 см + 3 см =8 см
1. Ұзындық және заттардың ұзындығын өлшеудің мән-мағынасын ашу:
а) «Ұзындық» ұғымын енгізуге дайындық мектепке дейінгі жаста басталады да, бірінші сыныпта «Қарапайым түсініктер» тақырыбында жалғасады:
- заттардың ұзындықтарын ажырата білу: заттардың ұзындығы, ені, биіктігі; нүктелер арасындағы қашықтық-бұлар ұзындықты анықтайтын заттардың қасиеттері;
- заттардың ұзындықтарын салыстыру барысында қатынастарды тағайындау: ұзын-қысқа, қалың-жұқа, биік-аласа, алыс-жақын;
- заттардың ұзындықтарын салыстыру: «көз мөлшерімен», «беттестіру»; «қатар тұру» арқылы; түсінік бойынша (бұлақ және өзен; ағаш және бұта, т.б.);
- ұзындық ретінде сызықпен (түзу және қисық) және кесіндімен таныстыру;
ә) сантиметрдің (см) көмегімен кесіндінің ұзындығын өлшеу:
әр түрлі шартты өлшеуіштермен (шартты бірліктермен) өлшеу арқылы кесінділердің ұзындықтарын салыстыру;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет