Мазмұны: Кіріспе і-бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасының аграрлық саласын реттеудегі ғылыми негізі



бет8/14
Дата10.06.2024
өлшемі0,55 Mb.
#203313
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
Дип.-аграрлық-саланың-дамуы

Баға саясатының негізгі бағыты еркін тағайындауға көшу болып табылады. Рыноктің қалыптасуы барлық тауар өндірушілердің меншік және шаруашылық жүргізу әдістеріне қарамастан баға белгілеу мен өнімді өткізу арналарын тандауда толық түрде өз бетінше шешім қабылдауын қарастырады. Қажет болған жағдайда ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген белгілі бір мемлекеттік қажеттілікті өтеу үшін мемлекет өндірушілермен ерікті және өзара тиімді контрактіге отырады. Онда келісімді бағадан басқа салықтық, несиелік жеңілдіктер мен материалдық техникалық ресурстарды қамтамасыз ету, өндірістік және өндірістік емес обьектілерді қаржыландыру жөнінде әр түрлі ынталандыру шаралары қарастырылуы мүмкін. Алайда, еркін баға агроөнеркәсіп кешенінің І және ІІІ сфераларындағы кәсіпорындарды демонополизацияланған жағдайда ғана тиімділік беруі мүмкін, ал басқаша жағдайда өндірістің құлдырауы мен бағаның өсуінен қашып құтылуы мүмкін емес.
Селолық өндірушілер табысын қолдау мақсатында өнімді өткізу мен жеңілдік несиелерге жол ашуды қамтамасыз етуге кепілдік беретін ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлеріне сауда және сатып алу операциялары қарастырылған. Сондай-ақ, биржалар болашақ өнімді сатып алуға ауыл шаруашылық өндірушілермен келісім-шартқа отырған жағдайда фьючерстік сауда-саттық тегеріші пайдаланылады. Мұндай фьючерстік операциялардың артықшылығы тауар өндірушілер өнім алғанғадейін процентсіз несиелерді пайдалана алатындығында жатыр.
Мемлекеттік реттеусіз монополизм жағдайында өнеркәсіп және ауыл шаруашылық арасындағы бағаның паритетін қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан да өңдіріс құралдарын шығаратын, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына қызмет көрсететін немесе олардың өнімін өңдейтін барлық монополист – кәсіпорындар үшін келісімді бағаның жоғарғы шегін (немесе рентабельділік деңгейінің шегін) белгілеу қажет.
Қаржылық саясаты селода көпукладты экономиканы құрудың бастапқы кезеңінде бәсекелестікті тудыруға және дамытуға жағдай жасауы керек. Сондықтан да қаржылық көмек ең алдымен тауар өндірушілерді қолдау үшін мемлекеттік бағаны қамтамасыз етуге, агралық сфераны жеңілдікпен қаржыландыруға көмектесетін коммерциялық банкілердің шығындарын жабуға, сондай-ақ жекелеген селолық аудандар, экологиялық аймақтар жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруға, шаруашылық айналымынан шығып қалған ауыл шаруашылығы жерлерін қайта қалпына келтіруге бағышталуы тиіс.
Тауар өндірушілерді бюджет есебінен кең көлемде қаржыландыру нарықтық экономика толық орнатылғанда ғана мүмкін болады. Мұндай жағдайда мемлекеттік қаржылық қолдау шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, табиғат апаттарының шығындарын өтеуге, су шаруашылығы және топырақты суландыру жұмыстарын жүргізуге, ауыл шаруашылығындағы жаңа немесе ерекше қиын өңдірістерді ұйымдастыруға бағытталады.
Экономиканың аграрлық секторындағы несие саясаты ауыл шаруашылығындағы өте төмен табыстылықты есепке алады. Сондықтан да ол төмендегі арналар бойынша бағытталуы тиіс:

  • ауыл шаруашылығын несиелендіретін банкілер қызметін ұйымдастырушы ерекше мемлекеттік несиелік институттар құру;

  • меншік және шаруашылық жүргізу тәсіліне қарамастан барлық ауыл шаруашылығы өндірушілерін өнім жинағанға дейін өнімнің тауарлық бөлігіне 50%-ке дейінгі көлемде, өнім жинау кезеңінде 20%-ке дейінгі көлемінде процентсіз қаржы, сондай-ақ несиелендірілетін обьектілердің басқа түрлеріне азайтылған несиелік қаржы (10%-ке дейін) алуға жол ашуды қамтамасыз ету;

  • несиені қамтамасыз етуге төмендетілген талап орнату;

  • коммерциялық банкілерге қарыздарын қайтаруға кепілдік беру;

  • ауыл шаруашылығына несие беретін банкілерге бағалы қағаздар шығару құқын беру және олардың эмиссиясы мен айналымы үшін ерекше қолайлы жағдай жасау (эмиссия жөніндегі жеңілдіктер ауыл шаруашылық несиесіне қажетті қаржылық ресурстарды арзандатуымен қатар тез жинақтауды жеделдетеді);

  • несиелік қаржыны төмендетілуі мен қарыздың қайтарылмауынан туындаған шығындарды жабу үшін ауыл шаруашылық несиесін ұйымдастыруды мемлекеттік қаржыландыру.

Ауыл шаруашылығына деген мемлекеттің салық саясаты өзінің фискальдық мәнін жоюы керек. Салықтың түрлері мен мөлшерін анықтаған кезде тікелей салық салу жолымен жеңілдетілген салық салу есебінен жүзеге асырылатын олардың ынталандырушы функцияларына ерекше назар аударылуы қажет.
Жерге біртұтас салық енгізілгеннен кейін, жер негізгі өндіріс құралы болып табылатындықтан, ауыл шаруашылық кәсіпорындары табысқа салық төлеуден босатылды. Бұл аграрлық өңдірістің нәтиже беретін көрсеткіштеріне тіпті салық салудан босатылуға алып келді. Нәтижесінде салық көмегімен бағаны, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатудың көлемін, жеке тұтынуға және қорлануға бағытталатын пайданы мемлекеттік реттеу мүмкін болмай қалды. Осыған байланысты салық салудың негізгі обьектісі ретінде мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары үшін – пайда, ал ұжымшарлар үшін жалпы табыс белгіленді.
Жалпы алғанда, салықтар мен аударулар кәсіпорынның жалпы табысының 20-25%-інен аспауы керек. Өйткені, жалпы табыстың 25%-інен 50%-іне дейін салыққа лаынуы тек қана өндірісті қалпында ұстауды қамтамасыз етсе, ал 50%-тен астам салық салу өңдірістің шығынға батып, жабылуына алып келеді. Жеке меншікке негізделген жеке немесе отбасылық еңбек (шаруа қожалықтары, кооперативтер және т.б.) сияқты шаруашылық жүргізудің өркениетті тәсілдеріне болашақта салықтың тек қана бір түрі – жалпы табысқа салық салу қолданылуы керек. Одан әрі ауыл шаруашылығындағы дағдарыстан өту мен аграрлық рынокті қалыптастырудың шама-шарқына қарай салық жүйесі күрделене түседі. Оның негізгі элементтері мыналар болады: пайдаға (таза табыс) салық, капиталдың өсуіне салық, қозғалмайтын мүлікке салық, жалданбалы жұмыс күшін әлеуметтік сақтандыру, акциздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет