Ақыл-ой мешеулігі туралы кейбір мәліметтер . Ақыл-ой мешеулігі ауру емес. Оны психиканың бұзылуы деп те санауға болмайды.
Ондай адамдарға ақпараттарды қабылдау мүмкіндігінің азаюына байланысты жаңа
ұғымдарды қабылдау қабілеттілігінің нашарлығы тән. Өзіне-өзі қызмет етуде, өз
ортасындағы адамдармен дұрыс түсінісуде және қоғамға бейімделуде әр түрлі
қиындықтар кездеседі.
Бала кездегі ақыл-ой мешеулігі есейгенде де сақталады. Олар мәңгі бала болып қала
алмайды.
Ақыл-ой кемдеу адамдардың нәсілдік, білімділік, әлеуметтік және экономикалық
мүшелерін де қамтиды.
Біздің әлемде ақыл-ой мешеу адамдар кездейсоқ құбылыс емес. Жер шары бойынша
адамдардың шамамен 3%-нің ақыл-ойы мешеу деп есептеледі. Оның ішінде ақыл-ой
мешеулігінің әлсіз түрі - 60%, орташа түрі - 30 % және асқынған түрі - 10%.
Ақыл-ойдың нашар дамуы емделмейді. Дегенмен, оларды шыдамдылықпен оқытып
үйретсе, тәрбиелесе, ол адамдар қоғамға беімделіп, әдеттегідей өмір сүре алады.
Қазақстанда ақыл-ой мешеулігінен зардап шегетін адамдар туралы нақты
статистикалық мәлімет жоқ. Халықаралық БҰҰ және ЮНЕСКО ұйымдарының орта
есеппен берілген мәліметтері бойынша (3%-10%) біздің республикада ең төменгі есеп
бойынща 500 мыңдай ақыл-ойы мешеу адамдар бар.
Миссиясы Спешиал Олимпикстің міндеті - 8-жастан және одан үлкен ақыл-ой кемдеу
адамдарға жетістікке жету мүмкіндігін туғыза отырып, олардың түрлі кедергі,
қайшылықтарды жеңуге, жігерлілік көрсетуге, жеңістерге қуануға, өзінің жеңіске жету
күшін сезінуге баулу. Ол үшін жылма-жыл жаттығулар мен олимпиадалық спорт түрлерін
көптеп ұйымдастыру қажет.
Сондықтан Арнай Олимпиадаға қатысушылардың анты мынадай:
«Жеңіске жетейін. Жете алмасам да күшімді сынайын!» Спешиал Олимпикстің мақсаты – ақыл-ойы мешеу адамдарды қоғамға
жатсындырмай қабылдау, түсіністіру, сыйластыру және оларды қоғамның пайдалы
мүшесі ету.