Кәсіби оқыту, қайта оқыту және жұмыссыздардың біліктілігін арттыру;
Кәсіби бейімдеу және кәсіби консультациялық қызметтер;
Жұмыс іздеу клубтарында белсенді жұмыс іздеу әдістеріне оқыту;
Уақытша жұмыспен қамту: қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындарына
жұмысқа орналастару;
Кәсіптік оқу орынын аяқтағаннан кейін осыдан былай жұмысқа орналасу
перспективасымен жұмыспен қамту мәселелер жөніндегі уәкілетті органдар арқылы жастар
іс-тәжірибесін ұйымдастыру (жұмыс өтілдігін ұйымдастыру және жұмыс орнында іс-
тәжірибе өту);
Еңбек нарығындағы Жастардың бейімделу орталықтарының бағдарламаларына
қатысу;
Өз ісін, шағын бизнес ұйымдастыруға белсенді жәрдемдесу (тиімді
ұйымдастырушылық-ақпараттық қамтамасыз ету, кәсіби бейімдеу қызметтерін ұсыну мен
қажетті кәсіби даярлық, шағын жастар бизнесіне басым кредит беру және т.б.);
Дәстүрлі ұлттық кәсіпшілікті жаңғыртуға жәрдемдесу;
Мемлекеттік жоғары, орта оқу орындары жанындағы оқу орындарының түлектерін
жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу орталықтарын дамыту;
Мүгедектер кәсіби дағдысына және денсаулық жағдайна сәйкес мынадай түрлері
бойынша төлемді қоғамдық жұмыстарға жіберіледі: мұрағат құжаттарымен жұмыс,
құжаттарды компьютерлік өңдеу, киім мен ақ киімді тігу және жамау, кітапхана қорын
жаңғырту және т.б.
Жұмысқа жарамды мүгедектерді, сондай-ақ мүгедектік тобы алынған мүгедектерді
жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған «Тең мүмкіншіліктер» бағдарламасы
шеңберінде мүгедектерге жұмыс орындарын квоталау, мүгедектің және оның отбасы
мүшелерінің жеке кәсіпкерлік әрекетін дамыту арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу
және мүгедектерді кәсіби даярлау жоспарлануда.
Мүгедектерді, оның ішінде мүгедек балаларды белсенді өмір сүруге тарту мақсатында
көркемөнерпаздар, суреттер, қолдан жасалған бұйымдар және басқа да шығармашылық
түрлерінің облыстық, республикалық конкурстары, мүгедктердің шығармашылық
жұмыстарының, мүгедектер ұйымдары шығаратын өнімдердің сату көрмелері, Қазақ
зағиптар қоғамының және Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорындарының
және мүгедектер жұмыс істейтін басқа да кәсіпорындар өнімдерінің көрме-жәрмеңкелері
өткізілетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: