Үлкен адаммен қатынасқа түскен кезде әлеуметтік қызметкерлер
олардың есте сақтау қабілетінің бұзылу ерекшеліктерін білуі өте
маңызды. Салыстырмалы түрде көп жыл бұрынғы жағдайды есте
сақтауда қартайған кезде жақында болған жағдайларды еске сақтау
ақсайды, қысқа мерзімдік есте сақтау бұзылады. Бұл қарт адамдардың
әлеуметтік қызметкермен байланысына кері әсерін тигізуі мүмкін, яғни
ол оның қызмет көрсетуіне, оған келуінің ұзақтығы мен санының,
жиілігіне тілек - талаптар қою пайда болады және тағы сол сияқты. Қарт
жастағы көңіл тұрақсыздықпен, алаңдаушылықпен сипатталынады.
Эмоционалдық жағынан көңіл - күйінің жабырқауына, депрессиялық
реакцияға бейімділігімен, жылауға, реніштерін тізіп отыруымен басым
болады. Қарт адамға психологиялық қызмет қарқының бәсеңдеді,
жайбасарлық және орталардағы бағдарлану қабілетінің төмендеуі тән.
Егде жастағы патология процесін байқалтатын психологиялық өзгерістер
егде және қарт жасындағы әр түрлі (нозологиялық, ауруларда көрініс
береді. Оларға дименцияның, есеңгіреу және аффектілік бұзылудың
клиникалық көріністері жатады. Бұл жағдайларды диагностикалау
дәрігерлерді міндері. Ал қарт адаммен әрдайым байланыста жүретін
әлеуметтік қызметкерлердің ролі бұл жағдайлар туралы кішкене болса
да хабардар бола отырып аурудың белгісін айқындап, тиісті маманның
көмек көрсетуін ұйымдастыру болып табылады /6/.
Достарыңызбен бөлісу: