Мазмұны кіріспе I. ӘДебиеттерге шолу 1 Мүмкіндіктері шектеулі адамдар және олардың сипаттамасы Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мәселелерін шешуші аспектілер


 Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мәселелерін шешуші



Pdf көрінісі
бет3/34
Дата04.06.2022
өлшемі372,53 Kb.
#145935
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
stud.kz-98243

1.2. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мәселелерін шешуші 
аспектілер

Құқықтық аспект; мүгедектердің құқығын, еркіндігін және


міндеттерін қамтамасыз етуді білдіреді.
Қазақстан Республикасының Президенті 1999 жылы 21 маусымда
Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалымдығы
туралы заңға қол қойған. Осы арқылы қоғамымыздағы ерекше әлсіз
бөлігіне әлеуметтік қорғау кепілдемесі берілген.
Заңның негізін құрайтын үш принципалдық ережені айтып өту керек:
-Бірінші — бұл мүгедектерде, білім алу үшін белгілі бір жағдайларға
ерекше құқықтың болуы; қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етілуі;


арнайы тұрғын - үй жағдайларына; жеке үй құрылысына, қосалқы
шаруашылық және саяжай шаруашылығын жүргізуге жер учаскелерін
бірінші кезекте алулары, және тағы басқа. Мысалы, тұратын жерлер қазір
денсаулығын және басқа да жағдайларын есепке ала отырып, мүгедек -
балалары бар жанұяларға, мүгедектерге берілетін болады. Мүгедектер,
Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген аурулар тізіміне
сәйкес, жеке бөлме түрінде қосымша тұратын жер алуға құқылары бар.
Ол артық деп саналмайды және де бір реттік мөлшердегі төлеммен
төленеді. Тағы бір мысал, мүгедектерді жұмыспен қамту үшін ерекше
жағдайлар енгізілуде. Меншік формасына байланыссыз 30 адамнан көп
жұмысшысы бар кәсіпорын, мекеме, ұйымдар үшін мүгедектерді жұмысқа
қабылдауына квота белгіленеді — жұмысшылардың орташа тізімді
санына пайыз, ретінде (бірақ үш пайыздан кем емес);
-Екінші бір маңызды ереже — бұл мүгедектердің, өмір қызметіне,
мәртебесіне және т.б. қатысты шешім қабылданатын барлық процестерге
белсенді қатысушы болуға құқықтары. Бұл норманы бұзып қабылданған
шешімдер соттық тәртіпте жарамсыз деп танылады;
-Үшінші ереже, арнайы мемлекеттік қызметтерді құруды білдіреді;
медициналы-әлеуметтік экспертиза және реабилитация. Олар
мүгедектердің тәуелсіз өмір қызметін қамтамасыз ететін жүйені құрады.
Сонымен қатар, медициналы-әлеуметтік экспертиза мемлекеттік
қызметіне жүктелген функциялардың арасында — мүгедектердің
әлеуметтік қорғаудың әр түріне деген қажеттілігін анықтау; кәсіби ауру
алған тұлғалардың кәсіби еңбекке жарамдылығын жоғалтуының
дәрежесін анықтау; халықтың мүгедектілік деңгейін және себептерін
анықтау және т.б. 
Заң, мүгедектер проблемасын шешудің негізгі бағыттарына ерекше
назар салады. Атап айтқанда, онда мүгедектердің ақпараттық
қамтамасыз етілулері, өмір қызметінің кедергісі жоқ ортасын құрудағы
қажеттіліктері туралы айтылған. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау
жүйесінің өнеркәсіптік базасы ретіндегі реабилитациялыық индустрияны
құру, мүгедектердің еңбегі мен тұрмысын жеңілдететін арнайы
құралдардың өндірісін, сәйкесінше реабилитациялық қызметтерді беруді
және де оларды ішінара жұмыспен қамтуды білдіреді. Заңда
медициналық, әлеуметтік және кәсіби аспектілері бар мүгедектердің көп
профильді реабилитациясы бар кешенді жүйесін құру жайында айтылған.
Сондай - ақ мүгедектермен жұмыс істейтін кәсіби кадрларды дайындау,
оның ішінде мүгедектердің өз ішінен дайындау проблемасы да қозғалады
/4/.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет