Мазмұны кіріспе І. ОҚу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері



бет2/37
Дата13.01.2022
өлшемі155,83 Kb.
#111486
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
stud.kz-88862 (1)

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан мектебінің алдына қойып отырған мақсаты – оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік – экономикалық жағдайын жақсарту бағытында оқушыларға жүйелі, нақты білім беру.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1]. Бұл міндеттерді шешу мұғалімнің ізденісіне байланысты. Осы күні Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім берудің жаңа парадигмасын туғызды.

Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқатының артуын қамтамасыз ету мақсатымен, Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды шешу қажеттігі атап айтылған. Онда: «Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20 % - ға артуына себеп болып отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай мұнан да қиын, отандастарымыздың үштен бірі сапасыз ауыз суды пайдаланады. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеліп соғады» - деді [2].

Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері - аймақтық техногендік шөлейттену, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, озон қабатының жұқаруы, қышқыл жауынның пайда болуы, ормандардың селдіреуі, тіршілікке қатер төндіретін дүлей табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттардың белең алып және улы қалдықтардың қолданылуы қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Қазіргі кезде табиғат пен адам арасындағы қарым - қатынасты дұрыс жолға қойып табиғат байлықтарын көздің қарашығындай сақтап, оны тиімді пайдалану керек. Табиғаттың осындай күйге ұшырап, еліміздің көптеген жерлерінің апат аймағына айналуының бір себебі – экологиялық білім мен тәрбиенің төменгі дәрежеде болуынан.

Сондықтан жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден – бір қажетті кезек күттірмес екендігі 1991 жылғы «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында», «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында» (2003ж.) және Ата заңымызға негізделіп жасалған ҚР «Білім туралы» заңдарда көрсетілген. [7,8,9,10].

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-шы бабы жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігі екендігін, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді, ал Конституцияның 38-шы бабы Қазақстан Республикасының азаматтарына табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарын ұқыпты қарауға міндеттейді. «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы 1997 жылдың 15-ші шілдесінде қабылданды. 19 тарау, 89 баптан тұратын заңның 15 - тарауында мынадай қағидалар көрсетілген:



  1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің жалпыға бірдейлігі және үздіксіз жүргізілуі;

  2. Оқу орындарының білім беру бағдарына және меншік нысанасына қарамастан, оларға экологиялық пәндерді міндетті түрде оқытудың көзделуі;

  3. Лауазымды адамдар мен мамандардың қажетті экологиялық даярлығы болуға және олар қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негіздерін білуге міндеттілігі;

  4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер мемлекет тарапынан қолдау табатындығы айтылған. 73-бабы «Экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілуі» деп аталады. 74-бап оқу орындарында «Экологиялық білім берудің» мәселесіне, 75-бап «Қоршаған ортаны қорғау» саласында зерттеулердің мәселелеріне арналған. Осылармен қатар 1995 жылдың Республикамыздың қабылданған Конституциясында – табиғат байлықтарын қорғау, көбейту және тиімді пайдалану керек екендігі көрсетілген (6,38 баптар) [11].

Экологиялық мәселелердің кешенді ғылым аралық сипаты оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мақсатында барлық оқу пәндерін экологияландыруды талап етеді.Заңдарды орындау бағытында соңғы жылдары «Экологиялық білім бағдарламасының» (1999), ҚР «жалпы орта білім беру жүйесінде үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасын» (2001) т.б. экологиялық тұрғыдағы маңызды құжаттар жарық көрді [12,13].

Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері жалпы білім берудің элементі ретінде оқушыларға айналадағы орта мен табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынасты қалыптастырумен және қоғам арасындағы өзара байланысты ғылыми негізде меңгерумен сабақтас қаралады. Күннен – күнге шиеленісіп келе жатқан экологиялық дағдарыстың қауіптілігі баршаға белгілі. Экологиялық білім берудің өмір талабынан туындайтын негізгі - жеке экологиялық тәрбие беру істерімен ғана шектеліп қоймай, табиғатты үздіксіз қорғау іс-әрекеттерін бір тізбекке біріктіру. Мұндай тәрбие жұмыстарының бір бөлігі экологиялық оқу – ағарту қажетті білім, тұжырым, түсінік, сенімді қалыптастыруға бағытталады.

Экологиялық мәселелердің кешенді ғылым аралық сипаты оқушыларға экологиялық тәрбие беру мақсатында барлық оқу пәндерін экологияландыруды талап етеді. Әрбір пән өтілетін сабақ мазмұнына сай экологиялық мәліметтерді өз тұрғысынан түсіндіруі тиіс.

Қазіргі кезде пәнаралық байланыс оқыту принципі және оның әдістемелік шарты ретінде дидактиканың кешенді проблемасы болып табылады, ол көп аспектілі жолдарды пайдалану арқылы шешімін табады. Пәнаралық байланыс оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің жалпы мақсаты мен міндеттеріне сәйкес әрбір оқу пәнінің мазмұны мен құрылымына байланысты, оқытудың әдісі, форма мен құралдары, оқушыларға тәрбие беру тәсілдерінде көрініс береді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс проблемасын педагогикалық, психологиялық әдістемелік жағынан ғалымдар В.В.Давыдов, С.Л.Рубенштейн, Р.Г.Лемберг, Ө.Мұсабеков, М.Ә.Құдайқұлов, И. Н.Нұғыманов, А.Д.Болтаев және т.б. зерттеген .

Қазіргі мектептерде, тәжірибелік - педагогикалық жұмыстар көрсеткендей, әсіресе жалпы орта білім беретін мектептердің оқу жоспарлары мен бағдарламаларында оқу-тәрбие үрдістерінде әр түрлі оқу технологиялары туралы материалдар пайдаланылады. Мәселен, экологиялық білім берудің педагогикалық мүмкіндіктері мен мазмұндары әлі де болса толық айқындалмайды, проблеманың теория жүзінде жеткілікті зерттелмеуі, ізденіс тақырыбының көкейкестілігін дәлелдейді. Сонымен оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің ролі арта түсуде. Жалпы орта мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде бүгінгі өмір талабына сай оқушыларға педагогикалық, ақпараттық, модульдік,инновациялық технологиялар арқылы экологиялық білім берудің ғылыми тұрғыда негіздеудің қамтамасыз етілмеуі, бұл мәселенің педагогика теориясы мен практикасында зерттелмеуі арасында қарама-қайшылықтар байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін табуға ықпал ететін инновациялық оқыту технологиясын іздестіру, зерттеу жұмысымыздың проблемасын белгілейді. Бұл проблема әлі де болса педагогика ғылымында шешімін тапқан жоқ.

Жас жеткіншектерге саналы білім мен тәлім-тәрбие беру Республикамыздың атақты педагог ғалымдарының Н.Д.Хмель, Г.А.Уманов, Қ.Б.Жарықбаев, И.Н.Нұғыманов, С.Қ.Қалиев, Ж.Б.Қоянбаев, Қ.Б.Бөлеев және т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелді.

Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру саласында ізденіп зерттеулер жүргізген ғалым – педагогтар И.Д.Зверьев, А.Н.Захлебный, Н.С.Сарыбеков, И.Г.Суравегина, Н.А.Гладков, П.В. Иванов, Б.Г. Иоганзен, И.С.Матрусов, Н.А.Рыков, А.П.Сидельковский, В.Н. Скалон, Е.С.Сластенина, А.С.Бейсенова, Н.Е.Ильинская және т.б. ғалымдарының еңбектерінде кеңінен қарастырылды. Қоршаған ортаны, табиғатты және оның байлықтарын қорғау, табиғатпен адамдардың қарым - қатынасы мәселелері жөнінде бір қатар ғалым – экологтар В.Бранн, К.А.Благосклонов, А.Д.Бондаренко, А.Р.Банников, В.П.Горощенко, А.А.Гаев, Я.И.Гептнер, Н.И.Деленковский, А.А.Горелов, Ю.В.Новиков, З.Новрузов, И.Н.Родзевич, Н.Б.Здорик, Я.И.Габеев және т.б. өз еңбектерінде атап көрсеткен.

Ғылыми – техникалық прогрестің өркендеуі, адамдардың табиғатқа жасаған бір жақты қарым-қатынасымен табиғат заңдылықтарымен санаспауы салдарынан, табиғаттың экологиялық тепе-теңдігінің бұзылуы, экологиялық дағдарыстың болу себептері, қазіргі кездегі еліміздің экологиялық жағдайын түзеу кезек күттірмейтін мәселе екендігі жөнінде Т.Төлендиев, Қ.Құрманов, Е.Қонақбаев, С.Қаженбаев, Б.Шайкенов, С.Ысқақов, Е.Мамбетқазиев, В.Дежкин, Ю.Жданов, В.М.Песков және т.б. еңбектерімен шығармаларында өз пікірлерін білдірген.

Сол сияқты экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін зерттеуде Республикамыздың танымал ғалымдарының - А.С.Бейсенова, А.Б.Бигалиев, М.Н.Сарыбеков, А.Г.Сармузина, Г.К.Длимбетова, Э.А.Тұрдықұлов, Ж.Ж.Жатқанбаев, К.А.Сарманова, Н.Т.Торманов, Ж.Б.Шілдебаев және т.б. қосқан еңбектері зор.

Мен осы дипломдық жұмысымды орындау барысында оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру саласында ізденіс зерттеулер жүргізген ғалым-педагогтар И.Д. Зверев, М.Н.Сарыбеков, Н.Е.Ильинская тағы басқалардың ой-пікірлерін басшылыққа алдым[7].





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет