Зерттеу міндеттері:
экололгиялық білім мен тәрбие берудің деңгейін анықтау;
сабақта және сабақтан тыс уақытта экологиялық білім мен тәрбие беру жолдарын анықтау
Мектеп оқушыларына педагогикалық, ақпараттық,инновациялық оқыту технологиялары арқылы экологиялық білім берудің теориялық негізін айқындау;
Педагогикалық, ақпараттық, модульдік, инновациялық оқыту технологиялары арқылы экологиялық білім берудің түрлерін жетілдіру;
Педагогикалық эксперимент арқылы оқу үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің тиімділігін дәлелдеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Жалпы орта білім беретін мектептерде оқу үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің жолдарын пайдаланса тиімді болады.
Сонымен қатар 9-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру тиімді және нәтижелі болуы мүмкін, егерде:
орта мектепте оқушылардың табиғатты қорғауға байланысты гумандық қасиеттерін қалыптастырудың теориялық негізі дәлелденсе;
сабақ және сабақтан тыс жұмыстардың бірлігі мазмұндық, ұйымдастыру және әдістемелік жағынан қамтамасыз етілсе;
экологиялық тәрбие мазмұны туған өлке және қазақ этнопедагогика материалдарымен толықтырылса,
Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім беру үшін әрбір оқушының жеке даму ерекшеліктері мен қабілеттері ескерілсе;
Әрбір оқушының пәнге деген қызығушылығы артса;
Мектепте жүргізілетін жұмыстардың тиімді жақтары көрсетілсе.
Достарыңызбен бөлісу: |