Байланысты: Мазм ны. Кіріспе. I. Tapay. А ылшын сленгтеріні ерекшеліктері
§ 2. Сленгтердің жіктелуінің түрлері. Сленгті қарастырған лингвистерді барлығы дерлік оны үш кезеңге, үш түрге бөледі. Біз бұл бөлімде сленгтердің үш кезеңіне де жеке тоқталып өтеміз.
1. Аз өмір сүріп, қолданыстан шығып қалған сленгтер. Мысалы: «cake eater» - «қыздарға қызығушылығын білдіретін жас жігіттерді айтамыз», «do» «зат есім» мағынасындағы сленг болған, «fraud» - «өтірік», ал етістік ретінде «титр» «алдау» дегенді білдірген. Аз өмір сүретін сленгтер жайында С.Эйбл былай дейді: «сленг сәннің лингвистикалық баламасы болып табылады, олар сәннің әсерінен өзгеріп тұрады да, тілде ұзақ өмір сүрмейді». [ЕЫе,С 27 б].
2. Көпшіліктен қолдау тауып, ұзақ уақыт қолдануының арқасында, өзінің деңгейін көтеріп, стандартты тілге кірген сленг сөздері. Сленгтің бұл түріне де өте көп мысалдар келтіруге болады: «hairdo» - «прическа», «walkie - talkie» - «рация», «streneous» - «ұялшақ», «jeep» - «джип», «О.К» - «жарайды», «crony» - «жақын дос», «VIP» - «өте маңызды адам» тағы басқа.
3. Ұзақ уақыт бойы өзінің қалпын жоғалтпаған, қолданыстан шығып қалмаған сленгтер, мысалы: «lousy» - «жағымсыз» сөзі 250 жылдан астам уақыт бойы мағынасын өзгертпей қолдануда, 500 жылдан астам уақыт бойы мақтаншақ адамды «blow» - деп атайды, мұндай мысалдарға сонымен қоса Tommy Rot «бос сөз», «foss pot» «қанына арақ сіңіп кеткен адамды», «weed» «жүрегі жоқ», «snuffit» «өлу» деген сленгтерді айтуға болады. Сленгтің бұл түріне де біршама пікірлер айтылған: В.А.Хомяков «сленгтерде тұрақты болып, 100 жылдар бойы өмір сүре алады». [В.А.Хомяков]
«Сленгтің тезаурусы» деген мақаланың автор лары: «Сленгтердің бәрі тұрақсыз емес, ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріссіз жететін сленгтерде баршылық».
Сленгтердің осындай кезеңдерге бөлінуіне Юрий Волошин өзінің сленг туралы докторлық диссертациясында былай тұжырымдайды: тіл әсіресе оның лексика-семантикалық жүйесі, үнемі қозғалыста болады: жаңа сөздер пайда болады, ескілері қолданыстан түсіп қалады, баршаға таныс сөздердің жаңа мағыналары табылып жатады және тағы басқалар. Тіл үнемі коммуникативті қозғалыста өмір сүреді, осылайша ол өзінің ең басты қарым-қатынастың құралы болу міндетін атқарады. Бұл стандартты және стандарттан тысқары тілге де тән құбылыс болып табылады. [Ю.Волошин].
Сленг ауыз-екі сөйлеу тілінде ең үлкен орын, күнделікті өмірдегі қолданыста кең етек жайып отырған тілдік бірлік болып табылады. Сленгтердің болмысын толық зерттеген лингвистер оның стилистикалық ерекшелігіне, құрылымына, қолданыс аясына қарай түрлі топтарға бөледі.
Э.Патридж сленг сөздері мен тіркестерін үлкен төрт бөлікке бөліп топтастырады.
1. Ұры-қарылардың сленгтері.
2. Уақытша әйгілі болып, кейін қолданыстан шығып қалатын сленгтер.
3. Ескіріп ұмыт бола жаздаған алайда қолданысқа қайта шығуға ұмтылатын сленгтер. Бұл сленгтердің біразы стандартты тілдің құрамына кіреді де, біразы сленг күйінде ескіріп қолданыстан шығып қалатын сленгтер.
4. Ұзақ уақыт бойы өзінің сленгтік күйін өзгертпей келе жатқан, тұрақты сленгтер. [Р.Е., 79]
Орыс лингвисті И.Н.Гальперин болса сленг сөздерінің стилистикалық қабаттарына, құрылымына байланысты өзінің мүлдем басқа топтастыруын ұсынады:
1. Ұры қарылардың сленгі (кент не жаргон) Мысалы: «dirt» money -»ацша»; «dotty» mad- «ecyac», «barker» gun - қару т.б.
2. Сленг ретінде де сөйлеу тілі ретінде де қарастырылатын сленгтер. Мысалы: «chink» «money» -»ақша»; «fishy» «suspicious» - «күдікті»; «governor» «father» - «әке» деген сөздер, кей сөздіктерде сленг деп те, сөйлеу тілінің сөздері, яғни қарапайым сөздер деп те қарастырылады.
3. Ауыспалы мағынадағы сленг деп қарастырылып, арнайы сленг сөздіктерінде тіркелетін сөздер. Мысалы: «scrooge» (mean person) «сараң»; «shark»(swindler) «ұры»; «blackout» (a clergyman) «шіркеу» уағыздаушысы тағы басқа.
4. Конверсия арқылы пайда болатын сленг сөздері. Мысалы: «agent» сөзінен «to agent» етістігі сленг сөздіктерінен табылады. Сол сияқты «to alter», «ancient» (зат есім ретінде) сленг болып саналады.
5. Қысқарған сленг болып саналатын сөздер. Мысалы: «rep» (reputation), «cig» (cigarette), «ad» (advertisement), «sis» (sister) «ma» (mama) тағы басқа.
6. Синтактикалық не морфологиялық заңдылықтарына бағынбай жасалатын тіркестер. Мысалы: How come, I says (How comes it, I say), немесе екі болымсыздықтың қатар келуі: /don't know nothing [Galperin I.R., 79]
Орыс лингвистерінің біразы сленгті жаргонмен бір етіп қарастырса, келесі біреулер оны орыс тілінде мүлдем жоққа шығарады. Сол лингвистердің бірі Грачев өзінің төмендегідей классификациясын ұсынады:
1. Арго.
2. Жаргон (немесе сленг).
3. Кәсіби сөздер.
Грачев жаргон мен сленгтің өзін төмендегі бөліктерге бөледі:
1. Компьютер сленгтері.
2. Жастар сленгі.
3. Түрлі салаларда қолданылатын сленг.
4. Күнделікті өмірде айтылатын сленг сөздер. [Грачев.М.А., 47 б] Американ лингвистері Ирвинк, Хорибаи, Уэнторс болса сленг сөздерін түрлі қоғамдарда қолданылуына қарай топтастырады.
1. Жұмысшылардың қолданылатын сленг сөздері.
2. Афро - Американдықтардың сленгтері.
3. Жас өспірімдер сленгі.
4. Түрлі салаларда қолданылатын сленгтер.
5. Компьютер сленгтері.
6. Жастар, студенттер қолданылатын сленгтер.
Жоғарыда көрсетіп өткен сленгтердің топтастырылулары байқағанымыздай бір-бірінен жан-жақты ерекшеленеді. Жалпы сленгтің өзін анықтау қиын болғандықтан, оны топтастыру одан да үлкен қиындықтар туғызады. Сондықтан да жоғарыда көрсетілген сленгтердің топтастырылыуы бір-бірімен байланыссыз әр түрлі бағыттан көрінеді. [I.Lewis 56 б]