Қорытынды Аминдер табиғатта кең таралған, олар ақуызды тағамдық заттардың құрамында өте көп. Мысалы тұздалған балықта триметиламин кездесетіндіктен, оның өзіндік иісі бар.
Кейбір аминдердің гидрометаллургияда қолданылуымен қысқаша танысайық. Гидрометаллургия — бұл химиялық реагенттермен немесе олардың қоспаларымен өңдеу арқылы кендерден, концентраттардан металдарды бөліп алуға негізделген прогрессивтік техникалық бағыт.
Кеннен алынған ерітінділерді аминдермен өңдеген кезде, аммоний тұзы секілді: амин металл тұзы түзіледі. Егер бастапқы аминде үлкен көмірсутек радикалдары болса (мысалы, триоктил амин (С3Н17)3N), онда жаңа қосылыстар суда ерімейді. Бірақ жүйені керосинмен өңдегенде, олар керосинде оңай еріп, яғни су фазасынан керосинге өтеді. Белгілі бір жағдайларда кендегі барлық металдар арасынан біреуі ғана керосинге өтетін жағдай туғызуға болады. Әрі қарай керосин ерітіндіні сілтімен қосады, сонда алынған қосылыс металл оксидіне немесе гидроксидіне айналып, тұнбаға түсетіндіктен, оны таза күйінде оңай бөліп алуға болады. Бұл әдісті металлургиядағы революция деуге болады; оны, атап айтқанда, химиялық элементтердің периодтық жүйесін аяқтайтын кейбір металдарды алу үшін пайдаланады.
Аромат аминдер химия өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Мысалы, анилин көптегсн бояулар өндіруде бастапқы зат болып табылады, маңызды дәрі-дәрмектер, мысалы сульфаниламид препараттары, қопарғыш заттар, жоғары молекулалық қосылыстар жәнс т.б. алу үшін қолданылады. Сондықтан 1842 ж. Қазан университетінін профессоры Н. Н. 3инин ашқан анилин алудың тиімді әдісі химияның және химия өнеркәсібінің дамуы үшін маңызы зор болды.
Бір қызығы — органикалық синтез өнеркәсібі бояу өндіруден басталған, ал осы ендірістің дамуына анилин алудың қазір химияда Зинии реакциясыдеп аталатын әдісін қолдану негіз болды. Бұл реакция нитробензолды тотықсыздандыруға негізделген, оны мынадай тендеумен керсетуге болады:
C6H5-NO2 + 6Н →C6H5-NH2 + 2Н2О
Өнеркәсіпте анилин алудың кең тараған әдісі нитробензолды металмин қышқыл ортада, мысалы, темірмен (шойын үгіндісі) нсмесе катализдік қозган сутегімен тотықсыздандыру болып табылады.
Нитроқосылыстарды тотықсыздандыру — аминдерді алудың жалпы әдісі.