2.1.3. Киімді конструкциялау мен модельдеу
Бұйым дайындалатын үлгіні жасап шығаруды «модельдеу» дейді. Ертеректе модельдеуді сәнмүсінге (манекенге) немесе тұлғаға (фигураларға бөлшектерді шындау) өлшеп жасаған. Алайда мұндай модельдеуге мата көп жұмсалатындықтан ол өте тиімсіз болды. Оның үстіне адамдардың бәрінің тұлғалары бірдей емес, ауытқулар бар, сәнмүсінде ол ескерілмейді. Дегенмен сәнмүсінде модельдеу арқылы матаның адам денесіне, бет-бейнесіне қонымдылығын, үйлесімділігін алдына ала білуге болады.Модельдегенде матаның қасиетін ескеру керек. Өйткені қатпарлау мен күлтелеудің сипаты осыған байланысты болады. Матаның қиғаш көлденең және бойлық жіптер (долевой нити) бойымен орналасуын да осылай тексереді. Модельдеу өнерінің сәндік қолданбалы өнердің басқа түрлерінен айырмашылығы оның тікелей адамдармен байланыстылығында. Костюммен адамның сыртқы келбетін өзгертуге, неғұрлым әдемірек етіп көрсетуге, кемшілік тұстарын жасыруға болады. Матаның түр түсімен көздің, шаштың, беттің әлпетін жақсартуға да болады.
Модельдеу адамдардың талғамын тәрбиелейді, адамның сұлулығын арттырады. Өз дәуіріміздің бет-бейнесіне сай сәнді киімдер жасауымыз керек. Француздың белгілі суретші-модельері Пьер Карден «Мен сәнді көшеден аламын да, оны кері қайтарамын», — деген екен. Модельдеудің екі түрі болады: 1) көркемдік (шығармашылық); 2) техникалық. Көркемдік модельдеумен сән үйлерінің, тігін фабрикалары эксперименттік лабораторияларының суретші-модельерлері айналысады. Олар сән бағыттарын, модельдің кімге арналғанын, оның қызметін, қандай матадан жасалатынын, өндеу түрлерін, модельдің түр түсін таңдауды, ұсақтүйекті (фурнитураны) аксессуарларды ескере отырып, бөлшектер коллекцияларын жасайды.
Техникалы модельдеу дегеніміз – нобайлар, суреттер, фотографиялар бойынша модельдер жасау. Онымен инженер – конструкторлар шұғылданады. Олар модельдің нобайына байланысты сызбаның жекелеген бөлшектерін өзгертеді. Көйлектердің әр түрлі сызықтарын модельдегенде, бүкпелерді дұрыс орналастыру керек (бүйір сызығына қарай, қолтық ойындысына, мойындыққы, алдыңғы бойдың орта сызығына, бел сызығына қарай). Бүкпе киім моделіне сыртқы әдемілік берудің сәндік тәсілі болып табылады. Киімді модельдеудегі үш негізгі принципі
1. Киімнің адамның сыртқы және ішкі кескініне сәйкес болуы;
2. Арнаулы киімдердің мақсатқа сай, қолдануға ыңғайлы болуы;
3. Киімнің қолданылатын аясына, түріне пайдаланылатын материалдың сәйкес болуы. Киімді модельдеу – бұл эскиз бойынша жасалған бұйымның үлгісі. Киімді модельдеумен суретші-модельер айналысады. Модельер адамның денебітімін, оның пропорциялары мен пластикаларын, сондай-ақ костюмнің бөлек бөлшектерінің үйлесімдік заңдары мен ережелерін, пішім сызықтарын, әрлеуді білуі керек. Қосымшалар мен безендірулерді, сондай-ақ тігін ісінің технологиясын жақсы ажырата алуы қажет.
Бұйым дайындалатын үлгіні жасап шығаруды «модельдеу» дейді.
Ертеректе модельдеуді сәнмүсінге (манекенге) немесе тұлғаға (фигураларға бөлшектерді шындау) өлшеп жасаған. Алайда мұндай модельдеуге мата көп жұмсалатындықтан ол өте тиімсіз болды. Оның үстіне адамдардың бәрінің тұлғалары бірдей емес, ауытқулар бар, сәнмүсінде ол ескерілмейді. Дегенмен сәнмүсінде модельдеу арқылы матаның адам денесіне, бет-бейнесіне қонымдылығын, үйлесімділігін алдына ала білуге болады.Модельдегенде матаның қасиетін ескеру керек. Өйткені қатпарлау мен күлтелеудің сипаты осыған байланысты болады. Матаның қиғаш көлденең және бойлық жіптер (долевой нити) бойымен орналасуын да осылай тексереді. Модельдеу өнерінің сәндік қолданбалы өнердің басқа түрлерінен айырмашылығы оның тікелей адамдармен байланыстылығында. Костюммен адамның сыртқы келбетін өзгертуге, неғұрлым әдемірек етіп көрсетуге, кемшілік тұстарын жасыруға болады. Матаның түр түсімен көздің, шаштың, беттің әлпетін жақсартуға да болады.Модельдеу адамдардың талғамын тәрбиелейді, адамның сұлулығын арттырады. Киім кию арқылы адам өзінің сыртқы көрінісін өзгертіп, әдемілейді, кем-кетігін жасырып, өзін тартымды, сымбатты етіп көрсете алады. Модельдеу көпшіліктің қолынан келетін іс. Кез келген адам өзінің қиялын жүзеге асырып, әдемілік туралы түсінігін жеке шеберлігі арқылы көрсетуіне болады. Өз дәуіріміздің бет-бейнесіне сай сәнді киімдер жасауға болады. Француздың белгілі суретші-модельері Пьер Карден «Мен сәнді көшеден аламын да, оны кері қайтарамын», – деген екен.Модельдеу – жаңа модельдегі киімдерді шығару, жаңа пішімдерді ойлап табу, бұрынғы киімдерге конструкциялық және әшекейлік сызықтар енгізіп өзгерту.Конструкциялық сызықтар – бөлшектің негізгі пішімін жасайтын және бұйым бөлшектерін (артқы бөлшек, алдыңғы бөлшек, белдік) қосатын сызықтар болып табылады.Әшекейлік сызықтар тек қана бұйымды әшекейлеуге арналған. Әшекейлеу сызықтарына әр түрлі өңдеу сызықтары жатады: бүкпесіндер, қатпарлар, бүрмелеу, шеттіктер, өңдеу тігістері, т. Б
Достарыңызбен бөлісу: |