Мазмұны Кіріспе I. тарау Ұлттық өнерге шығармашылық қабілет жетілдіру жолдары


Базистік тор сызықтарының құрылымы



бет15/17
Дата27.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#129983
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
КАМИЛА Кіріспе

Базистік тор сызықтарының құрылымы.

Шалбар конструкциясының базистік торы үш вертикальдық және бес горизонтальдық сызықтардан тұрады. Вертикаль сызықтар – адым тігісі, алдыңғы бүктеме және бүиір тігісі сызықтары. Горизонталь сызықтар – бұл бел, мықын, тізе және балақ денгейлерін анықтайды. Шалбар конструкциясының базистік тор сызықтарын құру үшін шалбардың ось сызығын Б нүктесінен төмен қарай жүргізеді.

Шалбар ұзындығы ׃

БЕ = Ұш+Қ (кішіреюге, азайтуға қосымша).

Отыру деңгейі ׃

ББс = 0,5 ∙ ЖАмық+1,5 см.

Мықын сызығы деңгейін анықтайды ׃

БсМ = ББс/3.

Тізе сызығы деңгейі МТ кесіндісімен анықталады, ол модельге ׃ байланысты

‒ тар шалбарлар үшін

׃МТ = МЕ/2;

‒ кеңейтілген шалбарлар үшін׃

МТ = МЕ/2 – 3,0...5,0см. М, Бс, Т және Е нүктелері арқылы көлденең сызықтар жүргізіледі.

Базалық тор сызбасын құрағаннан кейін шалбардың алдыңғы жартысы конструкциясының құрылымын құруға кіріседі.



Шалбардың алдыңғы жартысы конструкциясының құрылымы.

Мықын сызығы бойынша алдыңғы жартысының ені ׃

БсБс2 = 0,5 ∙ (ЖАмық + Қмық) + 0,1∙ЖАбел.

Адым ені׃Бс2Бс1 = 0,1 ∙ (ЖАмық + Қмық).

Шалбар бүктеме сызығы болып Бс3 нүктесі (БсБс3 = 0,5 ∙ БсБс2) арқылы өтетін тура сызық табылады, көлденең сызықтармен Б2, М2, Бс3, Т1 және Е1 нүктелерінде қилысады. Бс1 нүктесінен БсБс1 тура сызығына перпендикуляр тұрғызып, мықын сызығымен қилысын М1 нүктесімен, бел сызығымен қилысын Б1 нүктесімен белгілейді. Б және Б1, М1, және Бс2 нүктелерін біріктіреді. М1 Бс2 кесіндісінің ортасында 1 нүктесін белгілейді. М1 Бс1 нүктелерін біріктіріп, 1Бс1 кесіндінің ортасында 2 нүктесін белгілейді. Б1 нүктесінен солға қарай 0-2,0см өлшейді. Бүл мөлшер дене бітімнің толықтығына байланысты׃ іш шығыңқылығы үлкен болған сайын кесінді азаяды. Б11, М1, 2 және Бс2 нүктелері арқылы түймелік сызығы жүргізіледі.

Шалбардың алдыңғы балақ ені

׃ Е2Е3=Ебалақ – 2,0 см.

Қонымдылығы тығыз шалбарларды тұрғызу барысында келесі қосымша өлшемдерді пайдаланады ׃

‒ Амық – мықын айналымы;

‒ А тіз – тізе айналымы;

‒ А т.а. – балтыр айналымы;

‒ А т.б. – тобық айналымы.

Шалбар балағының минимальды ені табанның өкше арқылы өлшенетін айналымынан (Ат.ө.) кем болмауы тиіс.

Е нүктесінен жүргізілген көлденең сызық бүктеме сызығымен Е1 нүктесінде қилысады.Етек сызығы бойынша бүйір және адым қиықтарының орналасуы кескіндермен анықталады ׃

Е1Е2=Е1Е3=Е2Е3 / 2.59

Е1 нүктесінен жоғары қарай 0,5...1,5 см өлшенеді(Е11нүктесі).

Е2 мен Е11 және Е3 пен Е11 нүктелерін біріктіріп, алдыңғы жартысының етек сызығын безендіреді.

Тізе сызығындағы енін Е тіз. Модель бойынша анықтайды, ол шалбар балағы енінен кеңдеу немесе тарлау болуы мүмкін, бірақ тізе айналымы А тіз. Өлшемінен кем болмауы қажет (А тіз. + еркін қонымдылыққа берілетін қосымша (2,0 см). Бс және Е2 нүктелерін тура сызықпен қосып, Т нүктесінің көлденең сызығысен қиылысын Т2 нүктесімен белгілейді. Т1 нүктесінен оңға қарай кесінді өлшейді ׃

Т3 және Е3 нүктелерін тура сызықпен қосып, жоғары қарай Бс нүктесінің көлденең сызығына дейін жалғастырады, Бс4 нүктесін белгілейді.

Алдыңғы жартысының бел сызығындағы енін келесі түрде анықтайды. Б11 нүктесінен солға қарай көлденең сызық бойынша алдыңғы жартысының бел сызығындағы енін анықтайтын кесінді өлшеп сызады ׃

Б11Б3 = 0,5 ∙ (ЖАбел + Қбел) – 1,0 + Қр,

мұда 1,0 см – алдыңғы және артқы жартысындағы ендері арасындағы айырмашылық, Қр – бүкпе және қатпарға берілетін қосымша, 2-5 см тең.

Б3 нүктесінен ББ1 тура сызығына перпендикуляр тұрғызып, Б3 Б31 = 1,5 см тең кесіндіні өлшейді. Б11 және Б31 нүктелерін ирек сызықпен қосады.

Бел сызығындағы бүкпелердің саны, тереңдігі және безендірлуі шалбардың пішініне байланысты, бірақ ережеге сәйкес бір бүкпені шалбардың бүктемесі бойынша орналастырады. Ол бүкпенің бел сызығындағы ендігі 2,0 см-ге тең, ұзындығы – 8...10 см.

Б31, М, Т1 және Е2 нүктелері арқылы бүйір қиығы сызығын жүргізеді, ал Е3, Т3 және Бс2 нүктелері арқылы адым қиығының сызығын жүргізеді.

Шалбардың артқы жартысы конструкциясының құрылымы.

Алдымен бел сызығындағы орта қиындының орналасуын анықтайды ׃ Б2Б4 = Б2Б11 / 3...Б2Б11/2.

Б4 нүктесінен ББ1 сызығына перпендикуляр тұрғызып, кесінді өлшеп ׃ салады Б4Б5 = 0,1 ∙ЖАбел - (1,0...1,5)см.

Бұл кесінді шалбардың алдыңғы және артқы жартысы бүйір қиықтарының ұштары арақатнасын анықтайды, ол баланс деп аталады.

Б5 және Бс1 нүктелерін қосымша тура сызықпен қосып, мықын сызығымен қилысын М3 нүктесімен белгілейді.

Шалбардың артқы жартысының адым енін анықтайды ׃

Бс1Бс5 = 0,2∙(ЖАмық+Қмық) + 1,0см.

Орта қиықты безендіру үшін қосымша нүктелерді табады ׃60 2-3 =1,0см; Бс2Бс21 = 1,0см.

Сонан соң мықын сызығындағы шалбардың артқы жартысы енін ׃ анықтайды

М3М4 = (С мық + Қ мық)- ММ1.

Бел сызығындағы шалбардың артқы жартысы енін келесі формула арқылы табады ׃

Б5Б6 = 0,5 ∙ (ЖА бел + ЖА бел) + 1,0 см + Қ р.

Мұнда 1,0 см – бел сызығындағы алдыңғы және артқы жартысындағы ендері арасындағы айырмашылық, Қр – бүкпеге берілетін қосымша, бір бүкпеге - 3см, екі бүкпеге – 5см.

Б6 нүктесінің орналасуы екі доғаның қилысында табылады׃

бірінші доға Б5 нүктесінен, радиусы Б5 Б6 тең;

екінші доға М4 нүктесінен, радиусы МБ31 кесіндісіне тең.

Тізе сызығындағы ені ׃

Т2 Т4 = Т3 Т5 = 2,0...2,5 см.

Шалюардың артқы жартысының балақ енін анықтау үшін кесінділер ׃ өлшенеді

Е2 Е4 = Е3 Е5 = 2,0 см.

Б6, М4, Т4 және Е4нүктелерін ирек сызықпен қосып, бүйір қиығы сызығын табады. Ал Бс, Т5, және Е5 нүктелері арқылы адым қиығы сызығын тауып, Бс1 Бс21 тура сызығымен қиылысын Бс51 нүктесімен белгілейді.

Балақ немесе етек сызығын ирек сызықпен безендіреді. Иректік мөлшері сәннің бағытына байланысты болып, Е1 Е12 кесіндісімен анықталады׃ Е1 Е12 = 0,5...2,0 см.

Орта қиық сызығы Б5, 3, Бс21 және Бс51 нүктелері арқылы өтеді. Егер бір бүкпе жобаланса, онда оны жоғарғы қиықтың ортасында бел сызығына перпендикуляр етіп орналастырады. Бүкпе ұзындығы орта есеппен 10см, ендігі 3см. Екі бүкпе жобаланған барысында біріншінің ось сызығын шалбар жартысының ортасынан 1,0 см-ге орта қиығына қарай орналастырады. Бүйір қиығына дейін қалған арақашықтықты екіге бөліп, бел сызығына перпендикуляр етіп екінші бүкпенің ось сызығын жүргізеді. Бұл бүкпенің ендігі 2,0см, ұзындығы7,0см болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет