- сыныптағы еркін хал ахуал;
- мұғалім тарапынан оқушыларға сенім білдіру және құрмет;
- жаңа білім алуда оқушыларға дербестік берілуі;
- мұғалімнің әрбір оқушының оқуға көңіл күйін, қызығуын, қабілеттерін назарға алуы;
- жалпы мәдени жағдай, мұғалім мен оқушылар дамуының жоғары деңгейі.
Н. Калашникова мен Ю. Иванов өзіндік жұмыс үрдісінде және кіші жастағы оқушыларды оқытуда жеке компьютерлерді қолданып оқу әрекетін қалыптастыруды зерттей келе, өзіне-өзі баға беруді күрделі ерекше оқу әрекетіне айналдыру үшін мұғалімнің оқу міндеттерін белгілеу жеткіліксіз деген тұжырымға келген. Олардың пікірінше, болжаушылық және өткенге мән берушілік өзін-өзі бағалауды қалыптастыру, сондай-ақ, оқу әрекеті құрылымының тұтастығын сақтауды қамтамасыз ету үшін оқыту үрдісінде әр оқушыға арналған оқу міндеттерін жете түсіну, қабылдау және құрастыру кезеңі қарастырылуы қажет. Бұл пәндік әрекет етудегі өзін-өзі бағалауды қалыптастырудың жаңа қырын ашады, алайда, кіші жастағы оқушыны оқытуға мұндай кезеңнің енгізілуі оның құралдары мен тәсілдері жайлы мәселені шешуді қажет етеді.
Сонымен, психологиялық-педагогикалық әдебиетті талдау жасау келесі тұжырымға келуге негіз болады, өзін-өзі бағалау оның кіші жастағы оқушының оқу-танымдық рөлі тұрғысынан екі аспектіде қарастырылады.
Өзін-өзі бағалау бағалау оқыту үрдісінде белсенді қалыптасатын тұлғалық білім алу ретінде алға шығады және кіші жастағы оқушының оқу-танымдық әрекетіне маңызды ықпал жасайды.
Өзін-өзі бағалау – оқу әрекеті тұтастай құрылымының ерекше бөлігі, оның қызметі кіші жастағы оқушы осы әрекет субъектісі ретінде оқу міндеттерін шешуде оның қаншалықты алға жылжығаның анықтай білу болып табылады.
Кіші жастағы оқушылардың өзін-өзі бағалауын және оның оқу-танымдық әрекеттегі рөлін зерттеу үшін біз А. Липкинаның «Үш баға» әдістемесін пайдаландық. Бұл әдістемені жүзеге асыру үшін оқушыларға математика бойынша тапсырманы (өткен материал негізінде) жазбаша түрде орындау ұсынылады. Біз оқушылардың жұмысын үш бағамен: теңбе-тең, көтермеленген, төмендетілген деп бағаладық. Нәтижелерді тарату алдында балаларға олардың жұмысын түрлі мектептен үш мұғалімнің тексергенін және әрбір мұғалімнің орындаған тапсырма жөнінде өз пікірі болғандықтан, олар түрлі баға қойғандығын хабарладық. Бұдан соң әрбір балаға ол өзі келіскен бағаны дөңгелектеп белгілеп қою ұсынылды. Әрі қарай жеке әңгімелескенде, балалар мыңа сұрақтарға жауап берді:
Сен өзінді қандай оқушымын деп санайсың? (Орта, әлсіз, әлсіз немесе күшті).
Қандай бағалар алғанда қуанасың, қандай бағалар қынжылыс туғызады?
Сенің жұмысың «үш» деп бағалауға лайық, алайда, мұғалім саған «бес» қойды. Сен бұған қалай қарайсың, қуанасың ба, әлде қынжылыс білдіресің бе?
Кіші жастағы оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейі мынадай көрсеткіштер бойынша алынған мәліметтер анықталады.
Өзін-өзі бағалаудың мұғалімнің теңдес бағалануына сәйкес келмеуі.
Өзін-өзі бағалау дәлелдемелерінің сипаты: а) орындалған жұмыстың сапасына бағдарланған дәлелдеме; ә) кез келген басқа дәлелдемелер; б) оқушының өз-өзіне шығарған бағасы мен қойылған сұрақтарға жауаптардың сәйкестігі дәрежесі талқылынған өзіндік бағалаудың беріктегі немесе босаңдығы.
Бір жағынан оқудағы табыстар өзін-өзі бағалауға ықпал етуі мүмкін, ал екінші жағынан, кіші жастағы оқушының мұғалімнің жауаптары көмегімен өзін-өзі бағалаудың жақсаруы оқу-танымдық әрекеттегі үлгерімінің артуына алып келуі мүмкін. Мұғалім – кіші жастағы оқушы балалар үшін ең маңызды тұлға, баланың өзін және айналаны қабылдауы көбіне оның қарым-қатынасына тәуелді. Сондықтан, бастауыш сынып мұғаліміне өзін-өзі бағалауды жалпы оқу білігі ретінде қалыптастыру үшін мына жағдайларды қамтамасыз етуі қажет деп сеніммен айтуға болады.
Оқу-танымдық әрекет үрдісінде балаларда өзін-өзі жағымды бағалауды қалыптастыруға ықпал жасау.
Балалардың дербес және шығармашылық тұрғыдан көрінулерін ұдайы дамыту.
Әрбір балаға оған деген қызығу көзқарасының бар екендігін сезіндіру, мұның өзі балада қорғаныш сезімін, өздерінің күштеріне сенімділікті туғызады.
Бұл шарттар сақталған жағдайда кіші жастағы балалардың төмендегідей біліктерді меңгеруіне туады:
өзін түсіну және қабылдау;
сезімнің сыналуын еркін бағдарлау;
сезімдік әсерленушіліктердің сипатын анықтау (ұнамды, ұнамсыз, таңдау, қорқу және т.б.).
Сонымен оқу әрекетінің бөліктері ретінде өзін-өзі бағалауды қалыптастыруға бағдарланған оқыту жоғары пәндік білімдер, біліктер мен дағдыларға қол жеткізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ, кіші жастағы оқушылардың тепе тең тұлғалық өзін-өзі бағалауы қалыптасуына ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |