ІІ.2. Оқушылардың білім сапасын мониторингтік зерттеу, нәтижелерді салыстыру
Мектептегі оқытудың нәтижелері, әрбір оқудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізудегі табыстары, оның оқуға қатынасы мен тұлғаның тұтас даму динамикасы жан-жақты және әділ бағалауды талап етеді.
Күтілетін нәтижеге жетуді бағалау жүйесін жетілдіру бағалаудың екі жолын бірдей дамытуды қарастырады:
Сыртқы нәтиже – білім берудің жалпыға міндетті стандартын игеру деңгейі.
Ішкі нәтиже – оқушының жеке тұлғалық жетістіктері.
Оқытудан күтілетін нәтижелер, игерген дағдылар, қалыптасқан құзіреттер төмендегідей бағаланады.
Жалпы білім беру дайындығы деңгейінің талаптарына сәйкес оқушының оқу жетістіктерін бақылау.
Қорытынды емтихан.
Мектептің әрбір сатысында аралық мемлекеттік бақылау жүргізу.
Сондықтан С.Т.О. дамыту жобасындағы баға берудің стратегиясын пайдалана отырып, баға берудің жаңа түрін өз іс-тәжірибемде қалай іске асырудамын, сол туралы сіздермен бөліскім келіп отыр
Қазіргі таңда өз практикамда төмендегідей бағалау критерийін қолданудамын.
Кесте № 1
Бағалау критерийі
Эссе арқылы Өзін өзі бағалау
Портфолио Бірін-бірі бағалау
Осы үш жұмыстың да бағалау критерийі балдық жүйемен алынады.
С.Т.О. бойынша оқушыны қалай бағалау керек екенін білу үшін әр тұлғаны жеке дара ретінде жақсы тану қажет. Ол тұлға нені біледі, қандай іс-әрекет жасай алады және не істегісі келетіні. Баға оқушының кемшіліктерін табу үшін емес, ары қарай дамуына ықпал ету үшін қойылады. Баға қою бағалаудан туады және де бала келесі балаға баға қоймайды, тек бағалайды.
Жоғарыда көрсетілген бағалаудың бір түрі – эссе.
Эссе жазған кезде оқушылардың неге мүдделі екенін байқадым, яғни оқушылардың пікірінше эссе деген түсінгеніңді жазып берумен шектелу, мазмұның баяндап беру. Мен оқушыларға эссе жазу деген белгілі бір тақырып жайында өз пікірінді, ой қорытуынды дұрыс жеткізіп, сол дүниеден алған әсеріңді, сезіміңді түйіндеу деп түсіндірдім де, жазғанда мына нәрселерді ескерулерін айттым. Берілген тақырыптың ішкі сырын терең түсініп, оқылған туындыдағы кейіпкері жайында өз пікірін көркемдеп жеткізу және сол кейіпкер арқылы өмір, болмыс сырын қалай түсінетіні жайында ойын ашық білдіру. Кейбір оқушылардың эссе жазуда ойы қайталанып келе береді, жауаптары бір сарынды. Осы талаптарды ескеріп, эссені тіл дамыту сабақтарында жаздырып, бағыт беріп отырдым. Нәтижесінде оқушылар ойындағы пікірін, айтқысы келген ойларының түйінін эссеге қысқаша жаза білуді үйрене бастады.
Бағалаудың келесі түрі – потрфель арқылы тексеру. Мұндағы мақсат – оқушының портфелінен сын тұрғысынан ойлай алатынын дәлелдейтін жұмыстарды көру. Осы арада ескере кететін жай – оқушылардың орындалатын жұмысы шектелмейді. Оқушылардың портфелінде шығармашылық жұмыстардың көптеген түрлерін кездестіруге болады. Олар өлеңдер түрлі венн диаграммалары, РАФТ әдісімен жазылған жұмыстар, семантикалық карта, түсіндірме күнделігі, концептуальды кесте, «Сауаттылықты ашатын хаттар» әдісі бойынша кейіпкерге, авторға хаз жазу.
Әр ұстаз СТО бағдарламасының әдістері мен стратегиясын алғашқы кездері өзі бағаласа, ал келесі сатыларда оқушыларда өзін-өзі бағалауға немесе өзара бағалауға үйрете беруі керек. Мұндай жағдайда оқушыларға бағалау критерийін жетік меңгерту қажет. Сонда ғана оқушылар өз беттерімен бір-бірін немесе өзін-өзі бағалай алады. Осындай дәрежеге дейін жету үшін мұғалім мен оқушы арасында бір-бірімен қарым-қатынасы, сенімділік, сыйластық, ал оқушылар бойында жауапкершілік, шындық пен әділдік қасиеттер пайда бола бастайды.
Тіл сабақтарында мен өз тәжірибемде төмендегідей өзін-өзі бағалау критерийлерін пайдаланамын.
Кесте № 2
1-нұсқа
Баға
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
«3»
|
Оқыдым, белгіледім, кесте толтырдым, сұрақ қойдым
|
«4»
|
Оқыдым, белгіледім, кесте толтырдым, сұрақ қойдым, сұрақтарға жауап бердім
|
«5»
|
Оқыдым, белгіледім, кесте толтырдым, сұрақ қойдым, сұрақтарға жауап бердім, сабақты қорытындылап, автордың негізгі ойын айту, жанрдың қандай түрі екенің айта білсе
|
Әр оқушыда жігер, ынта болу шарт. Олар алдын-ала қандай іс-әрекетте, қандай баға алатындарын білген жағдайда, олардың бойында белсенділік арта түседі.
Жаңа тақырып өткен кезде тақырыпты меңгеру деңгейін өздеріне бағалатуға болады.
Кесте № 3
Тақырып
|
Түсінгенін бағалау
|
өте жақсы
|
жақсы
|
қанағат-қ
|
Мәтін
|
V
|
|
|
Дәл осы кестені ДЖИГСО стратегиясын пайдаланған кезде қолдану тиімді. Оқушы өзіне бөлініп берілген тақырыпты түсінгенін, не түсінбегенін белгілеп береді.
Келесі кестеден топтық жұмыс кезінде әр оқушының өзіндік меңгеруін байқауға болады. Мұндай кесте мұғалімнің уақыты жетпей жатқан кезде өте тиімді. Бұл кестеңі әр топ жетекшісі немесе оның көмекшісі толтырады.
Кесте № 4
Топ
|
Оқышының аты-жөні
|
Топтық жұмыста қатысуы
|
Мәтінді бөліктерге бөлу
|
№ 1 сұрақ
|
№ 2 сұрақ
|
№ 3 сұрақ
|
Кейіпкерге мінездеме беру
|
Сөздерді пайдаланып, сөйлем құрау
|
Басқа тапсырма
|
Мұғалімнің бағалауы
|
1
|
|
+
|
+
|
-
|
+
|
+
|
+
|
-
|
4
|
Жалпы оқушыларға бағалауды тек балдық жүйеде ғана емес, мадақтау сөздерін пайдаланғанда оқушылардың белсенділіктері артады. Бала бойында кез келген жаста ар, намыс болады. Ол шындыққа ұмтылады. Ол ойлауға, еркін талдау жасауға қабілетті, қателік жіберуі де мүмкін, бірақ жақсыға өрлей отырып, оны түсінеді, сезінеді. Осындай жұмыстар жүргізу оқушылардың білім сапасының артуына ықпалын тигізеді.
Оқушылардың тиісті жауап алып, олардың білімдерін тексеруде фронтальды (жаппай) сұрақ және оған жауап алу өтілген материалды пысықтауда, өткен тақырыпты еске түсіруде қолданылады. Қазақ тілі сабақтарында 3 сыныптарда көрсеткіш карточкалар арқылы фронтальды жауап алып, білімдерін тексеруді жиі жүргіземін. Дыбыстар мен әріптерді, дауысты, дауыссыз әріптер емлесін өткенде, осы сигналдық карточкаларды қолдандым.
Оқушы білімін тексеру мен бағалаудың бір тиімді әдісі – «Оқушы білімін тақырыптық есепке алу».
Оқушы білімін тақырыптық есепке алудың мынадай қолайлы жақтары бар:
Мұғалім жыл бойы өтілген материал бойынша әр оқушының қай тақырыпты қаншалықты меңгергенін біледі;
Өзіндегі есепке алу дәптеріне қарап мұғалім оқушыдан нені сұрау керектігін тез табады;
Оқу жылы бойы сұралмаған тақырып қалмайды;
Сұралмаған не білмеген тақырыпты мұғалімнің түбінде сұрамай қоймайтынына көзі жеткен оқушы жыл бойы өтілген материалдан бір тақырып қалдырмай оқып, сабаққа мұқият әзірленуге дағдыланады;
Уақытша оқытқан не жаңадан келген мұғалім есеп жүргізу дәптеріне қарап, оқушы білімін байқауына болады;
Ең негізгісі-өткен материалды қайталау арқылы оқушы білімінің олқы жері жан-жақты толығады.
Достарыңызбен бөлісу: |