Мазмұны кіріспе Инвестиция есебі



бет10/11
Дата02.01.2022
өлшемі180,07 Kb.
#107963
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
курсовой...

Қорытынды
«Қазақстан–2050» Стратегиясында инвестициялар мен бəсекеге қабілеттіліктен қайтарым, табыстылық қағидаттарына негізделген жалпы экономикалық прагматизмді экономикалық саясаттың жаңа курсы деп анықтады. Жаңа курсқа сəйкес экономикалық əлеуетті арттыру мақсатында Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуал жасалуы керек. Осыған байланысты озық экономиканы, жаңа экономикалық тұтқаны жəне елдің даму тұрақтылығын қалыптастыру үшін инвестициялық даму жобаларын пайдалану қажеттіліктерін анықтау керек. Мемлекеттің басты мақсаты болып, елдегі қолайлы инвестициялық ахуалды одан əрі қолжеткізу жəне экономикаға тікелей шетелдік инвестицияларды тарту болып табылады.

Курстық жұмысты жасай отырып, әр кәсіпорын инвестицияларының қаржылық жиынтықтарын талдап, орта есеппен жылына 400.000.000 тг инвестиция жасайды екен.

Қорыта келсек, кәсіпкерлік табысты, капитал өсімін немесе процентін алу (шаруашылық жүргізуші субъектілерінің құнын арттыру және осыған орай оны меншіктеушілердің әл-ауқатын көтеру) мақсатында әр түрлі экономика саласына капитал жұмсау жолымен іс-жүзіне асырылатын жиынтық шығындарды инвестиция деп ұғамыз.

Инвестициялардың мақсаты – жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауды; ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен толтыру және қолайлы қызмет көрсету; отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру; экспортқа бағытталған және импортты тиімді және алмастырушы өндірістерді дамыту, Қазақстан Республикасының шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану; қазіргі заманғы менеджмент пен маркетингтің әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру; жергілікті мамандардың үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру; өндірістің жедел дамуын қамтамасыз ету; қоршаған ортасын жақсарту болып табылады.  Қаржылық инвестициялардың есебіне келетін болсақ, олардың есебі 1100 «Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар» және 2000 «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі.

Бұл шоттар активті, күрделі, негізгі болып табылады. Осы шоттардың дебетіне қаржылық салымдардың айдың басы мен аяғындағы қалдықтары, инвестициялардың ұлғаю операциялары; несие бойынша қаржылық инвестициялардың кему операциялары жазылады.  Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста: не ағымдағы құнымен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелінеді.

Қорыта келсек, кәсіпкерлік табысты, капитал өсімін немесе процентін алу мақсатында әр түрлі экономика саласына капитал жұмсау жолымен іс-жүзіне асырылатын жиынтық шығындарды инвестиция деп ұғамыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет